Боз далаға бауыр басып…

Жарияланған Angela 08.06.2021 Естеліктер |

 Бүгін, 20-шы қыркүйекте, орыстың М. Лермонтов атындағы драма театрында қазақстандық қаламгер, қайталанбас қолтаңбасы бар Иван Петрович Шуховтың туғанына 90 жыл толу мерейтойы атап өтіледі.

И. Шухов ұзақ жылдар бойы Республикадағы орыс әдебиетінің көш басшысы болып, оны өркендетуге үлкен улес қосты. Кезінде оның талантын М. Горький мен ГТ. Бажов мойындап, аса жоғары бағалағаны белгілі. Ол өз кезеңінің перзенті Қазақстанның азаматы және дауылпаз жыршысы бола білді. Жазушыны дәстүр бойынша оның шығармашылығына ілтипат білдіру үшін Үана емес, суреткердің сырттай көңіл көншитін тағдырын тарихымызбен осы заманның аясында тереңінен ұғынудын кезі келді.

И. П. Шухов Қазақстандағы сонша зор құрметке ие болған тұңғыш орыс жазушысы, көзінің тірісінде төрт томдық «Таңдамалыларын» шығарып, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлыққа бөленді. Ол көз жүмғаннан кейін, екі жылдан соң С. Мүқанов, Ғ. Мүсірепов, Н. Анов, М. Қаратаев, Ю.

Домровский, Ә. Тәжібаев, Ю. Герт, М. Симашко және басқа белгілі адамдардың естелігі жеке кітап болып шықты. 80-ші жылдардың ортасына қарай оның бес томдық жазылымдық шығармалары жарыққа шықты. Бүнын бері жазу шының тағдыры бұлтсыз болған екен деген сөз емес. Ол кезінде «Простор» журналынан шеттетіліп, зорлап зейнеткерлікке жіберілгені, жүрек ауруына үшырағаны да бар. Оған үзақ уақыт сөз айтуға тіс батқан жоқ. Горькийдің қолдауымен және Мәскеуде үлкен беделге ие болғандықтан, «Кермек кеңістік» және «Жеккөру» романдарынын орталық баспалардан шыққаны сеп болды. Бүдан өрі де Горький Шухов шығармашылығын үнемі қадағалап отырды. Енді ешкімге де жасырын емес, отызыншы жылдары сын саласында Шолохов, Панферов, Шухов есімдері өте жиі аталатын. Шуховтың бірден қарапайым көпшілік оқырманның махаббатын жаулап алып, бүкіл кеңес шаруаларының коллективизация кезеңінен бастап, ауыр үлес тиген жандардын сүиіспеншілігіне бөленгенінде үлкен мәнмағына жатыр. Оны халық шын мәнінде жақсы керетін. «Халық жазушысы» ресми атағын алғаңша да Шухов өзінің беделімен жөне жазушылық даңқымен уа-қыттың алдын орап отырды. Қасіретті рқиғалар мен кейіпкерлерінің тағдырына қарамастан Шухов кітаптары өр-кезде сөулелі жан шу ағына бөленіп келді. Ол өміршілдік-өкімшілдік жүйенің кейбір тапсырыстарына көзжүмбаилық жасамай, оның әлеуметтік-экономикалық саясатына анда-санда демеу керсетіп отырды. Бірақ оның шығармалары әлдекімге жағыну үшін жазылған жоқ. Шуховтағы ең басты нәрсе — адам мен оның отанына, еңбегіне қүмартушылық болатын. М. Горький сондықтан да кеңес жазушылары ішінде оны деревня өмірін жазатын «тәтті романтиканың» өкілдері Златовратский, Засодимский және басқаларының бейнелеу шеберлігінен бөлек тұрғаның таниды.

Бүгінгі таңда Шуховтын басты романдары «Кермек кеністік» пен «Жеккөруді» пысықтап оқудың зияны жоқ. Сібір казақтарынын әскері Ресей империясының шекараларын қөрғап қана қойған жоқ, олар әскери-отаршылдық міндеттер де атқарып келді. Оның үстіне олардың таптық жіктелуі соншама зор болғандығы өз алдына, казактар тек қана қазақтарды ғана емес, сонымен бірге Ресейден жер ауған аш-жалаңаштарды да сайқымазақ тәлкекке үшыратып отырды. Ал мәселенің мазмүны өте тереңде жатыр еді. Әрқашанда бүндай жағдайлардың бәрі тығырыққа тіреледі. Міне, бүлік салған көшпелілерді төртіпке шақыруға жіберген казактардың «Кермек кеңістіктегі» бейнесі былай суреттеледі:

— Туысқан, казактар, бізге мәңғібақи беибіт тұрғындарды тәртіпке шақыру үшін қаншама қызғанарлық үлес тиді,  деп Агафон еңкейіп шағына түсті.

— Сонда маған түсіндіресіз бе? Олар қандай момақан? — деп Спирька Саргауылов жауап қатты.

— Дәл солай. Мен саған не дедім, шайнап берген ас болмайды. Біз 1905 жылы Өскеменде ереуілшілерді қамшымен қалай жуасытқанымыз есіңде ме? Бәрі де ап-айқын. Таяқ жегіздік. Сонда жон арқасын не үшінтілгіледік? Өлтірсең де білмеймін.

— Саған оны білудің қажеті жоқ.

— Қалайша қажеті жоқ?!

— Өйткені сен әлі боқмүрынсың. Ұр десе ұр, соқ десе соқ. Үнсіз мойынсұна бер.

— Ал, бауырым, олай дегенің дұрыс емес. Менің өзім де әлденені түсінуім керек…

Шухов қазактар мен қазақтарды үдайы саясаткерлер, патшалық Ресеидік уақытша мемлекет басында түрғандарың бір-біріне айдап салатынын көрсетіп берді. Ен бастысы, — оқып көрсеңіз! — достықсыз, көшпелілер мен қазақтардың байланысы мен түсшістігі болмаған жағдайда «Кермек кеңістіктегі» далада өмір сүру оңай емес еді. Терең тамырлық байланыстар екі халықты үдайы біріктіріп, таптық күрестерге қарамастан үлтаралық қатынастар дамып отырды. Жазушы өз шығармашылығында бұл табиғи жарастыққа қаншама ғажайып беттер арнады. Жоқ, біздің ата-бабаларымыз бір-бірімен соғысқысы келген жоқ, және бір-бірінен бөлінгісі келген емес.

Әбділда Тәжібаев былай дейді:

«…Ол Ғабит Мүсірепов және Сәбит Мұқановпен тым тығыз қарым-қатынаста болды. Оларға сондай сүйіспеншілікпен қарайтын еді. Бұл құрметтеудің, түсіністіктің керемет үлгісі. Сонымен бірге ол риясыз қалжыңдасып, жолдастарын демеп отыратын.

Мен Иван Петровичті Пресновка кезінен білмейтін едім. Бірақ бұл үлкен орыс жазушысының айрықша ерекшелігін атап өткім келеді. Кеңес жазушыларының ішінен алғаш рет ол қазақ даласының керемет көріністерін оқырмандарға көрсетіп, оның азаттық күші мен бұл жердің болашағын тайға таңба басқандай етіп көрсетіп берді.
Өзінің өмірінің аяғында, 1975 жылы Иван Петрович Шолохов туралы «Тұлғаның тамашалығы» атты шағын шығарма жазды, сөйтіп оны «Ленинская сменада» жариялады». Бұл екі жазушының адами және шығармашылық қарым-қатынасының көп жайын ашып көрсетеді. Горькийдің және замандастарының мойындауымен шабыттанған Шухов өзінің екі романын Шолоховтың, атап айтқанда, «Көтерілген тыңды» салыстырғанына аса төзімділікпен қарады. Бұл романның (1960) екінші бөлігінің пайда болуымен екіүшты пікірлер айтылмайтын болды. «Орыс кеңес романының тарихы» (1965) бірінші кітабінда авторлар былай деп қорытты: «Жекпе-жек» («Жеккөруді» толықтырған Түрінің) «Көтерілген тыңнан» бөлекше екенін атап өтеміз: Шолохов бейнелерінің кейбір кернеулігі әлсіздендіріліп, кейбір характерлері мен ситуациялардың қайталануы кездеседі. шуховтың «Жекпе-жегінде» Кенес шындығының базбір беймаза мезеттері бейнеленді. Жазушы бірте-бірте таза ашық конъюнктураға ұрынып, өзінін дарынын жоғалтып, кейіннен өзгеше ешнәрсе тудыра алған жоқ…». Міне, осылай.

Иван Петрович бұл «үкіммен» таныс па, жоқ па білмеймін, бірақ оның Шолохов туралы естелігінде өте маңызды жайларға назар аударылады. Онда өзінің атақты замандасы туралы ешқандай қызғаныш та, сілтеме де жоқ. Өйткені оларды жас кезінен бастап, «белгілі мінездерінің туыстығы» өмірді көп білетіндіктері әрі бір-бірін қатты құрметтейтіндіктері сияқты қасиеттер байланыстыратын еді. «Шолохов—Дон қазағі, мен өзімді Сібір қазағінің тақырыбымен мықтап байланыстырдым». Шухов өзіне Шолоховтың әсерін мойындайды. Ол бұл «тікелей аралас-құралас өзінің әдеби орнын табуына» үлкен септік тигізгенін басып айтады.

«Тынық Донның» бірінші тараулары «Кермек кеңістіктің» жазылуына, сөйтіп 1931 жылы жарыққа шығуына үлкен әсер етті. «Жеккөру» романы толығымен «Көтерілген тыннан» бұрын шығып, онда Михаил Александровичпен сыйластық ойларының үшқыны шашырап жатты. Шухов романдары Шолоховтан көркемдік тәуелсіздікпен дамыды деп ойлаймын. Бұнда адам мен әлеуметтік жиынтық-тардың, коллизия мен қақтығыстардын, тіптен композициялық төсілдердің антитезасы Давыдов — Половцев, Азаров — Татарников, Лука Бобров бейнелері отызыншы жылдардағы колхоз романдарына төн болатын.

Бәлкім, өз романдарын қайта ой көзінен өткізуге Шуховты мәжбүр еткен көркемдік шеберлікке ұмтылып, дербестік танытып, әлде кім көлеңкесінде қалмау мақсат болған шығар, өйткені Шолохов оқиғаларды шолғанда кен құлашты суреткерлікке, тарих пен өз заманының қамшы өріміндей қабаттасып, біркелкі шығуына көңіл қойып, көппланды сюжетті жүйеге қүрса, Қазақстандағы орыс жазушысы ауыл, казак станицасы аймағынан шыққанда қазақ даласының кең суреті көз алдыңа келетін еді. Көкейкесті мәселелер де күрделеніп, әдеби-дағдылы таптың жіктелу әуендерден басқа қазақтардің еңбегі мен тұрмыс тіршілігі кесектеліп, қазақ даласын советтендіру қасіретті жылдарындағы ұлтаралық қатынастар жайы да назардан тыс қалған жоқ. Дәуірнамалыққа талпыну оның романдарының көкжиек аясын кеңейтіп, сюжет жүйесін, көркемдік концепциясын тұтастырып жібереді. Бір қызығы, Шолохов казак-жазушы өз досының артынан жеті жылдан кейін қайтса да, оны мүлде ұмытқандай, қазасына ләмлим деген жоқ. Кім біледі, басқа себептер де болуы мүмкін. Дегенмен ең бастысы Шолохов «әсері» салыстырмалы түрде жарыс отын лаулата түскендей. Қалай болғанда да И. П. Шухов редактор болғанда (1963—1974 жылдар) «Простор.» өзі төріздес басылымдар арасында шоқтығы биік тұрып, орасан беделге ие болды. Бұл мезгілде Г. Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейнесі», Ә. Әлімжановтың «Көгілдір таулар», I. Есенберлиннің «Жанталас» романдары жарияланып, В. Берденников, Г. Бельгер, Ш. Елеукенов, Вл. Владимиров, А. Устинов. Г.

Кругляков, Л. Лезина, Т. Мадзигон есімдері топ жарып, алғаш рет О. Мандельштам, А. Платонов, Б. Пастернактың беймөлім шығармалары оқырмандарға ұсынылып, А. Есенин туралы қарындасының естелігі жарық көрді. Кейбір партия идеологтары жеке туындыларға емес, ең алдымен өдеби шалғайлықты жоюға күш салған редактордың түтас бағдарламасын сынға үшыратты. Өзінің жанайқай сөздері мен мақалаларында И. П. Шухов «Простордың» бүкілодақтық беделіне сүйеніп, оның мақсаты «Кеңестік Қазақстанның» бүгінгі өмірі туралы көркем және көсем сөздер айтып, қазақ өдебиетін орыс тілінде насихаттау жайына баса көңіл бөлетін. Ол Қазақстан орыс жазу шыларының ең үлкен борышы республика өмірін бейнелеу ғана емес, біздің дөуіріміздің ең бір ғажап қүбылысы — халықтар достығы нығаюының терең мөнін ашып беру деп көрсетті. Бірақ ол жікшілдікке жол бермей, шығармашылық бөсекелестікке мүмкіндік беріп, журналдың рухани кеңеюі мен жаңаруын көзден таса еткен жоқ. «Просторды» әртүрлі себеп-сылтаулармен жан-жақтан қысымға ала бастағанда, 1971 жылғы мамырдағы қаламгерлер қүрылтайында Иван Петрович «авторлар алқасы әлдебір белгісіз деңгейге емес, қазіргі биік кәсіби талапқа сай» еңбек етуі жайында толқып айтты. Оның жершілдікпен, жікшілдікпен жаны қас еді. Сондықтан да ол өз жас өріптестеріне тұғыры аласармайтын биік төлім қалдырды. Өкінішке қарай, бұл өсиет ұмтыла бастарандай.Ал мүмкіндік туған кезінде И. П. Шухов «Просторға» бар күш-жігерімен, нағыз шығармашылық пен әдеби бауырластыққа барын салған шығар-ау.

Бүгінгі таңға дейін Қазақстандағы орыс әдебиетінің негізін қалағандар Дм. Фурманов, В. Иванов, Е. Пермитин және басқалар деген ой қалыптасып келді. Оның ойынша да, жоғары аталғандар қазақ-тарды, Қазақстан интернационализмін жырлауда шынайы көркемдік дәстүр қалыптастырды. Орыс жазушысынын бұл тұста өз діттеген әлемі бар еді, Қазақстан мәдениеті, тарихы мен тұрмыс-тіршілігі, ұлан-ғайыр аймақта қатар өмір сүріп отырған түрлі ұлттар мен ұлыстардың терең тамырластығы әрқашан толған-дыратын. Әрине, бұл қаламгерлердің көбісі Қазақстаннан тыс жерлерде өмір сүріп жатты. Отызыншы жылдары Шухов М. Горький арқылы Мәскеуден пәтер алып тұруға мүмкіндігі болса да, ол Қазақстанды, тұған топырағы Пресновка мен Алматыны ешқайда айырбастаған жоқ. Бұл оның өмірбаянындағы ерекше жәй.

Рас, Қазақстанды ол бар жан-тәнімен сүйді, талмай жырлады, Осындай жазушы жанқиярлығы республикада орыс әдебиетінің іргетасы қаланып, болашақ үлкен ізденістерге ұласуына мүмкіндік туғызды. Осынау тұста да Шухов үлгісі үздік тұр. «Осы топырақтан менің тақырыптарымның тамыры бастау алады, — деп атай көрсетті ол. — Мен өз кейіпкерлерімді туған жерден іздеймін». Басқаша болуы да мүмкін емес еді. Енді оған ескерткіш қоюдың кезі келгендей. Кезектегі мерейтойлар тез арада оның жүзеге асуына жол ашатын шығар. Ол бірде өзімен бірге Америкаға ала кеткен жусан иісі даладан бізге қарай жетіп жатыр.


Боз далаға бауыр басып… // Егемен Қазақстан. – 1996 ж. – 20 қыркүйек-№ 183.

Есімі елінің атымен үндескен

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Өлеңім —әр басына тіккен туым,
Соған қарай көшеді мендік ауыл.
Сәбит МҰҚАНОВ.

 

Сен маған қызмет қылсаң аяғыңмен,
Мен қызмет қылайын төбемменен.
Нартай БЕГЕЖАНОВ.

 

  АДАМНЫҢ— өнерпаздың, суреткердің дарындылығын тану үшін, әдетте, оның бүкіл  творчествосын  бүтіндей оқып  шығу  қажет деп ойлаймын. Және бұл дау тудырмайтын дана қағида. Сөйте тұра, кейде ақындық құдіреті таңдаулы туынды емес, қатардағы бір  поэма  емес, жай бір өлең емес, өлеңнің бірақ жолы, жалғыз тармағы ғана толығынан танытардай аса бейнелі, аса айқын суретті болып кездеседі…

«Сенен —бұлт, менен — қайғы тарқамады» деген өлең үзігін оқыған не құлағымен естіген кісі әлгі автордың, анықтап айтсақ, Мәдидің ақындығына күдік-шүбә келтіре алар ма екен, қасіретке қабырғасы қайыспай өтер ме екен?!

Сол сияқты: «Түннің қара қылшықты гүлі түлеп…» деген жалғыз тармақта да дарын құдіретінің лебі бетке ұрып тұрғандай сезіледі. Қап-қара түннің аппақ таңға айналуы қандай баяу процесс, процестің динамикасын көз алмай қадалып минут сайын, тіпті сағат сайын бақылап отыруға келмейтіндей үрдіс. Тым сылбыр — түннің таңға карай жылжығанын көзбен үздіксіз бақылап отыра алмайсың… Осы шындықты ақын қылшығы біртіндеп жидіп түсіп, ең ақырында терінің ақ боз түске көшуіне балап, қап-қара түннің аппақ таңға ақырындап-жайлап баяу ауысатынын көзге елестеттіреді. Бұл—өзіне дейінгі ақындардың бірде-бірінің аузына түспеген, қаламына, оралмаған метафора! Оқып-үйреніп, үздік деген ақындар түгілі, ұлы ақындарға еліктеп мұндай өнерлі олжаға қарық бола алмаймыз. Мынау табиғи таланттың, туа таланттың маңдайына біткен творчестволық тапқырлығының, хұсни құдіреттіліктің тікелей жемісі!

Бұл отыз жеті жастағы қаламы әбден төселіп, өнері ұшталған ақын Сәбит Мұқановтың өлеңі: «Жүрегімді мандат қып». Ал сол Сәбит өзінің ақындық өнерін салған жерден, он жеті-он сегіз жасында да танытты ма, соны айтыңыз деушілер де табылар.

Жақсы, оған да жауап іздейік.

«Қорек қылып қара нанның күйігін,

Сусын қылып ащы іркіттің сұйығын….»

  Шегіне жеткізіп, шірей ай ту деген осы. Осы екі жолда өлмешінің күнін кешкен, өзегі талып бұрлыққан бишара жанның сұрқы сурет болып көз алдыңа елестемей ме?! Елестейді! Бұл он тоғыз жастағы жалшы Сәбиттің өзіндей өксікті қазақ жалшыларына арнап жазған «Бостандық» атты әйгілі өлеңі.

…Елуалпыс жыл  қалам тербеп келе жатқан кейбір ағаларымыздың өлең ұйқасындағы орашолақтықтан әлі арыла алмай жүргенін көресің де, Сәбит Мұқанов сияқты саңлақтардың поэзияның көркемдік сапасына тым ерте тиянақты ұқыптылық танытқанына сүйсінесің. «Соғыстан кейінгі кезеңде қазақ өлеңіне төрт буынды ұйқасты мен кіргіздім», —деп кергитін кейбіреулердің аузына құм құярлық уәжді бір шумақты келтіре кеткеннің артықтығы жоқ:

Шыкты ол түні бойы безек қағып,

 Жан кетіп баратқандан, өзек талып,

 Кейде ышқына, тынысын жиілете,

Кейде баяу алады, тежеп барып,

  Бұл Сәбиттің 1927 жылы жазылған өлеңі «Әнекей, нұрлы күн көтерілді» деп аталады. «Балталасаң да бұзылмайды» делінетін төрт буынды толық әрі туынды ұйқасыңыз осы емес пе? Мен он алты томдық Таңдамалысының бірінші томының өзі ашылған бетіндегі өлеңге үңіле салып, әлгі шумақты мысалға келтіріп отырмын. Сөйтсем, С. Мұқановтың балаң жігіт кезінде, яғни он жеті жасындағы «Неге тудым?» деген жетім бала зары жас ақынның ұйқас-үйлесімге мәттақамдылығы тым ерте басталғанын нық дәлелдейді екен:

Бай баласын сүйгенде шешелері,

Жүрегім суық мұзға төселеді.

Менің де сондай сүйер шешем болса,

Көңілім қандай шалқып өсер еді.

  Кім болсын поэзия босағасын аттаған жылдарда әдебиеттің «қара жұмысын» бастан өткереді. Оны аттап өткен, аттап өтетін ешкім жок. Ондай қара жұмыссыз қалам қайраткері өсіп шықпайды. Ондай сатыны оп-оңай аттап өткісі келгендердің кейбіреулері лауреат атанса да стилистикалық шалағайлықтың шөп- шаламын жүрген жолында бұрқыратып шашып жүретіні содан.

  Сәбит Мұқановқа сүйсінетінің: қаламның қара жұмысын қажырлылығы арқасында, қара терін төгуі нәтижесінде созалаңдатпай ерте өткендігі ырзалық тудырады.

  Тамшыдан теңіз суының дәмін айыруға болар, бірақ тамшы бүкіл теңіз картинасын толайым. Түгел елестете алмайтыны сияқты, әрине, бір-екі өлеңімен танысып, ақынның бүкіл творчествосына барша ажар- көркімен, идеялық салмақтылығын қоса білем деу ағаттық болар еді.

  Білу үшін, толайым толық танысу үшін Сәбит Мұқанов сияқты 55-56 жылын қажырлы қалам еңбегіне сарқа жұмсаған, қыруар көркем мұра калдырған, өзінің көзі тірісінде он алты томдық Таңдамалысын шығара бастаған алыптың халық арманымен тыныстаған творчествосын түгел сүзіп шығып, ой қорыту керек болады.

  Қазақ әдебиетінің қасиетті абыздарының бірі Ғабит Мүсірепов «Алыптар тобы» деп әділ атаған жұлдыздар шоғырының ең бір жарқындарынан саналатын Сәбит Мұқанов творчествосы өзінің азаматтық ғибратты ғұмырымен тікелей байланысты құнды құбылыс, ажырағысыз құбылыс.

  Сол Ғабең кәрі жолдасы, қашанғы әріптесі, асық ойнаған ауылдасы, тұрғылас терезелесі дүние салған күні:

«Жазушы Сәбит Мұқановтың қаламынан туған еңбектер —өз алдына бір энциклопедия. Сәбиттің оң қолы ақ қағаздың бетінде миллиондаған километр сапар шекті», —деп еді.

  Басқа әдебиетті білмеймін, өзіміздің туған әдебиетімізде жүрегінен қазына қазуға осынша толассыз қайрат жұмсап қара терге шомған Сәбит Мұқановтай қаламгерді ешкім де таба алмайды. Сәбит Мұқановтың ең бірінші тағылымы деп мен ел үшін емірене еңбек ету өнегесін, еңбеккерлігін ерекше айтар едім!

Тәуліктер ақтамаса өз парызын,

Апталар таныта алмас озған ізін.

Қай қаламгер болсын, осы қағиданы естен шығармай, әдеби еңбек санымен ғана емес, сапамен де өлшенетінін ұмытпағаны абзал екен-ау…

Таланттар да әр алуан- ұстаз талант, үйренуші шәкірт талант және еліктеушілік құрсауынан босай алмаған өріссіз, өресіз талантсымақ…

  Ал Сәбит Мұқановтар жай ғана жазушы емес, кәдімгі ақын ғана емес, олар ұстаз таланттар! Ол коммунист жазушы, жетекші-басшы қайраткер, қаламгер, академик, ғалым, суреткер. Ол топтың емес, көптің, мыңның емес, миллиондардың ұстазы болып өткен алып тұлға! Оның тағылымының көп қырлы-сырлылығы да осында.

  Жанасып – жақындасқан пенделерінің ғана емес, тіпті қол алысып қатар тізе түйістірмеген бейтаныстарының өзінің де жігер отын тұтатып, ішкі шырағын жаққанымен де, ізгілікке үндегенімен де қадірмен жайсаң жандар!

  Шын мағынасындағы шынайы халық жазушысы жайында өзімнің оқырмандық түсінігімді, ақындық пайымдауымды баяндап, 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінде жарияланған шағын мақалам бар еді. Соны қаз қалпында осы ой-толғанысыма кіріктірсем, ерсілігі болмас деп қосып отырмын.

  Өзгелерді білмеймін: алыптар тобындағы ағаларды жиі іздейтін болып барам. Аяулы ағаларды жиі-жиі түсімде көремін. Әдеби шаруаңның реті келмей жатса да, сол кісілерді іздейсің.

  Бір төрешілден кердең мінез көрсең де сол… Әділдерді іздейсің. Қаламгерлер ортасы өзімшілдік пен рушылдықтың, бұрушылдықтың қырсығынан шыр-шатаққа шарпыла-шырмала бастаса да, сыңар езулерді алыстан айбынымен тежеп отыратын батагөйлерімізді іздейсің…

  Салтанатты той-домалақтар төрі үңірейіп тұрғандай сезілгенде, абыройлы ағалар әне-міне келіп қалатындай алаңдайсың… Өздерін таба алмасақ та, соңында қалған салауатты сөздерін іздеп таба аламыз. Ұлағатты үлгі өнегелерін еске аламыз, рухани өсиеттеріне бағамыз… Музейінде Сәбит сабағы өтер алдында іштей толғанып, сабақ тақырыбына сәйкес академик жазушының он алты томдығына қайталап үңілесің. Өйткені музейдегі сабақтарды жүргізуші бақыты пешенеңе бұйырғаны үлкен жауапкершілік те жүктейді… Аксиомалық ақиқатты қайталап-ақ айтсам, Сәбит Мұқанов таңдамалы шығармаларын қайрылып оқыған сайын соны жаңалықтар, тың қасиет-сапалар табамын да, жан-дүнием жадырап, бір жасап қалам. Мұның аты эстетикалық ләззат емес пе?! Мұның аты көркемдік тағылым емес пе?!

  Қалың қауымның тануынша, тарихтың тануынша Сәбит Мұқанов көп қырлы, алуан сырлы аса биік дарын тұлға.

  Ол-ақын, прозаик, драматург, журналист, публицист, очеркист, редактор, фольклорист, тарихшы, этнограф, аудармашы, әнші, әдебиет зерттеуші ірі ғалым.

  Егер Сәбит Мұқанов бірыңғай поэзиямен болған күнде оның қандай биік көркемдік-шеберлік ғарышына шырқайтынын ешкім де тұспалдай алмас-ау. Орыс тілінде «Звезда первой величины» деген ежелгі тіркес бар ғой. Сәбең солардың—Блок, Есенин, Пастернак, Твардовскийлердің… қатарына көтерілер еді-ау деп ойлаймын.

Сәбең ауыз екі бір әңгіме үстінде:

— Мен шарасыздың күнінен өзімізде, қазақ әдебиетінде әлі жоқты бар етісуге бой ұрдым да, әр жанрға бір киліктім, тәуекелге талай бастым…—деп еді.

Европалық мағынадағы классикалық романды қазақ тарихында тұңғыш тудырған кім? Сәбит Мұқанов!

Батырлық эпостың жайын бірінші боп егжей-тегжейлі зерттеп, монография жазған кім? Сәбит Мұқанов!

Қазақ топырағында өлеңмен жазылған романды алғаш ұсынған кім? Сәбит Мұқанов!

Айтыс өнерінің қыр-сырларын бізде ең алғаш білгірлікпен сөз етіп, тұңғиық ішіне үңілген кім? Сәбит Мұқанов!

XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жайында алғаш монографияның иесі кім? Сәбит Мұқанов!

Ия, оның ғылыми еңбектерінің өзі бір төбе, өзі бір сөре! Ол содан да академик атанған!

  Сәбит Мұқанов феномені жылдардың жіті барлауымен, ғылымның көреген көзімен біртіндеп ашылатын әлем!

Мұзафар Әлімбаев.

Зор талантқа халық құрметі

Жарияланған Angela 08.06.2021 Жаңалықтар |

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада академик-жазушы Сәбит Мұқановтың музей-бөлмесі ашылды.

Облысымыздың мәдени өміріндегі елеулі оқиға даңқты жерлесіміз, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 80 жыл толуы салтанаты кезеңінде жазушы есімімен аталатын кітапханада Сәбит Мұқановтың музей-бөлмесінің ашылуы үлкен қуаныш болды. Осы салтанат рәсімін облыстық мәдениет басқармасының бастығы Е. Т. Жолболдин қысқаша сөз сөйлеп ашты. Музей бөлменің салтанатты ашылу лентасын қию құрметі астаналық жазушылар делегациясын басқарып келген тамаша сөз зергері, Социалистік Еңбек Ері, Петропавл қаласының құрметті азаматы Ғабит Мүсіреповке тиді. Ол былай деді:

Бәрімізге аса қадірлі Сәбит Мұқановтың ең бір елеулі кезеңі, жастық шағы осы Петропавл қаласында өтті. Ол алғашқы өлеңдерін де осы қалада жазды. Революциялық істерге қатысты. Сол күрес үстінде өсіп, шыңдалды. Сондықтан да бүгін осы кітапханада академик-жазушыға ескерткіш, халық құрметі ретінде музей-бөлменің ашылуы үлкен қуаныш. Мен астаналық жазушылар делегациясы және Сәбеңнің семьясы атынан оны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет айтамын.

Музей -бөлменің салтанатты ашылуында облыстық  тарихи -өлкетану музейінің директоры К. С. Ушков, Сәбит Мұқановтың республикалық  әдеби мемориалдық  музейінің директоры X. Бекішев сөз сөйледі.

Музей –бөлменің  ашылу салтанатына облыстық атқару комитеті председателінің орынбасары 3. С. Беева, облыстық партия комитеті насихат және үгіт бөлімінің  меңгерушісі  С.М. Пресняков, астаналық жазушылар және жұртшылық өкілдері қатысты.

Бұрнағы күні С. Мұқановтың 80 жылдық мүшелтойына тоғысқан астаналық ақын-жазушылардың бір тобы облыс орталығындағы № 2 мектеп- интернат коллективімен кездесті. Социалстік Еңбек Ері, академик-жазушы

 Ғ. Мүсірепов бастаған бұл топтың құрамында белгілі ақын Ғ. Қайырбеков пен Сәбеңнің үлкен ұлы — Арыстанбек болды. Оларды облыстық атқару комитеті председателінің орынбасары 3. С. Беева бастап келді. Астаналық қонақтарды мектеп-интернат оқушылары гүл шоқтарымен қарсы алды.

 

Кездесуді мектеп-интернат партия ұйымының секретары Д. Айтбаева кіріспе сөзбен ашты. Мектеп-интернат директоры Ғ. Қадыралин қонақтарды аталмыш оқу ордасының тарихымен қысқаша таныстырды. Одан соң

мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі М. Мырзатаева даңқты жазушының өмірі мен творчествосы туралы баяндама жасады.

— Мен қазақ совет әдебиетінің негізін қалауға қатысқан Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов және Сәбит Мұқановты алыптар тобы деп атап жүрмін,—деп бастады сөзін Ғ. Мүсірепов. Солардың ең үлкені—Сәкенмен бірге, ең жасы—Сәбит те он жеті жасынан бастап, ақтық демі таусылғанша  Ленин партиясының жауынгері болды. Ақын Ғ. Қайырбеков Сәбең мен Ғабең  туған Есіл өмірі туралы тебірене сөйлеп, қос саңлаққа арнаған өлеңдерін оқыды. Сәбеңнің үлкен ұлы—Арыстанбек әзіз әкесінің парасаттылығын пайымдады. Кездесу соңында мектеп-интернат оқушылары С. Мұқановтың өлеңдеріне құрылған әдеби композицияны көрсетті.

Алматыдан келген қонақтардың 6ip тобы Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы № 32  мектепте  болды. Қонақтар мектепте оқу кабинеттерімен және арнайы класс кабинетінде ұйымдастырылған (Сәбит Мұқановтың өмірі мен творчествосына арналған) кітап көрмесімен, фотостендтермен танысты. Содан соң олар мектеп оқушыларымен, мұғалімдер коллективімен  кездесті. Кездесуді  мектептің  кластан тыс жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушысы А. Д. Акимова ашты. Бұдан кейін мектеп директоры В. И. Горенко сөз алып, жазушы атындағы оқу орнының құрылу тарихы, педагогтік  коллективтің жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру жөніндегі  жұмысы туралы әңгімеледі.

Алматылық қонақтар С. Мұқановтың шығармалары бойынша оқушылар дайындаған композицияны ықылас қоя тамашалады.

   Кездесуде филология ғылымының  докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев Сәбит Мұқановтың жазушылық шеберлігі, адамгершілігі, парасаттылығы жөнінде әңгімеледі.

Кездесу соңында жазушының жұбайы Мәриям апай мен ұлы Қазақ ССР Ғылым академиясының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Марат Мұқанов Сәбең рухына көрсетілген мұншалықты үлкен құрмет үшін алғыс айтып, мектеп коллективіне жемісті жұмыс тіледі.

Қаламыздағы Еңбек Кызыл Ту орденді педагогика училищесінің оқушылары мен оқытушылар коллективі Сәбит Мұқановтың туғанына 80 жыл толуына арналған кездесу кеш өткізді. Оған Алматыдан келген жазушылардың бір тобы және жазушының туыстары қатысты.

Кездесуді педагогика училищесінің директоры В. Н. Крайнев кіріспе сөз сөйлеп ашты.

— Сәбит Мұқановтың өмірі мен творчестволық қызметі, — деді бұдан кейін сөз алған «Жұлдыз» журналының бас редакторы Бекежан Тілегенов,—жас ұрпаққа үлгі өнеге. Жазушы, азамат, коммунист Сәбең республикамызда халық ағарту ісін дамытуға ерекше күш салды. Б. Тілегенов сондай-ақ даңқты жерлесіміз жөніндегі естелігін әңгімеледі.

С. Мұқановтың республикалық әдеби- мемориалдық музей үйінің директоры X. Бекішевтің жазушы мұрасын жинауға бүкіл халық болып ат салысқаны, оның шын мәніндегі халық жазушысы екендігі туралы әңгімесі көпшілік назарын аударды. Кездесуде ақын Есләм Зікібаев жазушы жөнінде ойға түйгендерін ортаға салды. Кездесуге  жазушының қызы Баян Мұқанова қатысты.

СУРЕТТЕ: Социалистік Еңбек  Ері Ғабит Мүсірепов музей-бөлмені ашу салтанатында.


 

Зор талантқа халық құрметі // Ленин туы.-1980.-12 маусым.- 3 бет.

Иван Шуховқа деген сүйіспеншілік пен ризашылық сезімі

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Республика жұртшылығы белгілі Қазақстан жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Кермек шеп», «Өшпенділік», «Қоңырау», «Отан» атты тамаша романдардың, «Преснов парақтары» жинағының, көптеген повестер мен әңгімелердің авторы Иван Шуховтың туғанына 90 жыл толуын кеңінен атап өтті. Өзінің сарқылмас шығармашылығымен және белсенді қоғамдық қызметімен ол заманымыздың ең батыл әдебиетшісі, Жоғары азаматтық қасиеттер иесі ретінде беделге бөленді.

Әдеби оқулар, Шухов күндері, шығармалар көрмелері, қаламдастармен кездесулер мен сөз сөйлеулер, өнер шеберлерінің концерттері сияқты мерейтойлық шаралар үлкен сөз зергерінін туған жері — Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданыңда өтті. Жазушының мерейтойына арналған салтанатты жиналыс сол шаралардың соңғы қорытындысына айналды. Ол қыркүйектің 20-сында Алматыда, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрына өтті.

Оны Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Нұрлан Оразалин ашып, жүргізіп отырды.

Вице-премьер, Мемлекеттік мерейтойлық комиссияның төрағасы Иманғали Тасмағамбетов жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол И.Шухов шығармашылығының Қазақстан әдебиетін дамытудағы айрықша маңызын атап өтті.

И. Шуховтың қиын өмірлік және шығармашылық жолы туралы оның шәкірттерінің бірц қазіргі белгілі әдебиетші Сәтімжан Санбаев, жақындосы, Қазақстанның халық жазушысы Дмитрий Снегин, Қазақстанның халық жазушылары Д. Әбілов, X. Ерғалиев, ақын В. Антонов және басқалар асқан ықыласпен, тебірене әңгімелеп берді. Жерлестері атынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Майра Қанапина сөз сөйледі.

Біздің көптеген жазушыларымыз бен ақындарымыз үшін И. Шухов қамқор аға да, мейірбан өке де, сонымен қатар талапшыл тәлімгер де бола білді. 60-70 жылдары «Простор» журналының бас редакторы болып жүріп, ол жаңадан қалам тарта бастаған әдебиетшілерге жолды батыл түрде ашты, айтар ойы бар адамдарды көтермелеп, қолдады. Сондай-ақ Қазақстан оқушысын сол кезде есімдері аталмай, қудалауға түскен Осип Мандельштамның, Павел Васильевтін, Марина Цветаеваның, Борис Пастернактың, Андрей Платоновтың жаңа шы-ғармаларымен таныстырды. Соның арқасында «Простор» журналын бұрынғы Одақтың барлық түкпір-түкпірінде кенінен танитын болды. Ол қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ сол кезде әлі ақталмаған Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін елімізде бірінші болып жариялауды қолга алды. Ол осы әрекеті үшін өзіне қандай қатер төңіп тұрғанын жақсы сезінді де.

Сөз сөйлегендердің атап өткеніндей, Иван Шуховқа тән онын қайшылықтарға толы өмірге деген соны көзқарасы, ерлігі мен азаматтық кемелділігінің ізі қазіргі Қазақстан жазушылары мен ақындарының көптеген еңбектерінде айқын сайрап жатыр. Ал оның шығармалары отандастарының әлі де талай ұрпақтарына қызғылықты болады, деді олар сеніммен.

Салтанатты жиналысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А. Қ. Бижанов қатысты.


//Егемен Қазақстан. – 1996 ж. – № 184.

 “Сәбең деген-қазақтын кең даласы…”

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Қызылжарда

Петропавл — ресми аты. Сәбеңше айтсақ, «Қызылжар, қымбат қалам, біткенше өмір, ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап» дегендей  бұл өңірдің қазақтары да осылай атайды. Қызылжар Сәбитпен қоса Мағжанның да, Ғабиттің де туған жері. Осынау атақты үш суреткердің рухы бұл қалаға талай-талай игі жақсылардың табанын тигізді. Неше мәрте келтірді. Тебірентті. Толқытты.

13-маусым күні Сәбит Мұқановтың мерейтойына орай жазба ақындардың республикалық мүшәйрасы өткізілді. Атап айтуымыз керек, бұл Қызылжар топырағында өткізілген тұңғыш мүшәйра. Оның жоғары деңгейде жақсы өткізілуіне облыс әкімі Қажымұрат Нағманов өзі тікелей араласты. Мүшәйраға бастан-аяқ қатысты.

Жыр додасына қатысқан ақындардың өлеңдерінде  Сәбеңнің шығармашылық әлемін өлеңмен өрнектеу, ұлы тұлғаның жарқын бейнесін жасау, егеменді еліміздің тәуелсіз  тұғырын ету, халқымыздың тарихы мен жүріп өткен жолын сараптай келе болашағына көз жүгірту басым болды.

Бас жүлде — «Волга» жеңіл автомобилін алматылық талантты ақын, бұған дейінгі көптеген мүшәйралардың жүлдегері Ғалым Жайлыбай еншіледі. Есләм Зікібаев бірінші орынға тіккен бәйгеге ие болды. Ал екі екінші жүлде астаналық Серік Тұрғынбеков пен алматылық Темірше Сарыбаевқа бұйырды. Үшінші орынды ақындар Жәркен Бөдеш, Бауыржан Қарабек және Тоқтарбек иеленді.

Сол күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәжістаннан Қызылжарға ұшақпен келіп жетті. Таңертең облыс орталығындағы жаңадан ашылған Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының тұсаукесеріне қатысып, сөз сөйледі.

Сәбит ауылында

Ақындар айтысы екі кезеңде өтті. Бірінші күні 13-маусымда облыстық мәдени орталықта 19 ақынның төрт жұбы іріктелген болатын. Ол іріктелгендер — Баянғали Әлімжанов, оның жерлесі көкшетаулық Құдайберлі Мырзабеков, павлодарлық Серік Құсанбаев, қостанайпық Әсия Беркенова, қарағандылық Аманжол Әлтаев, өскемендік Абаш Кәкенов, шымкенттік Ақмарал Лаубаева және астаналық Дәулеткерей Кәпұлы.

Қазіргі өтіп жатқаны ақтық айтыс. Сонымен, бірінші бас жүлдені көкшетаулық Құдайберді Мырзабеков жеңіл алып, «Жигули» автомобилін мінді. Екінші орынға Абаш Кәкенов ие болды. Баянғали Әлімжанов бұл жолы үшінші жүлдемен аттанды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 50 орынды Сәбит Мұқанов атындағы мектептің ашылуына қатысты. Бұрынғы мектепті Сәбит ағамыз осыдан отыз жыл бұрын көзі тірісінде өз қаржысына салдырған екен. Енді, міне, мына жаңа мектептің де дүниеге келуіне Сәбеңнің шапағаты тиіп отыр. Ол осы өңірдегі ең үлгілі білім шаңырағы болатын түрі бар. Он төрт кабинет, олардың ішінде компьютерлік сынып, кітапхана, спорт залы, тіпті, шағын буфеті де жұмыс істеп тұр. Мектептің ашылу лентасын Президент өзі қиды. Одан соң жазушының осы ауылдағы мұражайына соқты. Ол да кезінде Сәбеңге осы ауылға келгенде түсетін, жататын немере інісі Шәкен Мұстафаұлының үйі болған. Міне, 1990 жылдан бері жазушының мұражайы.

Президенттің лебізі

Өзінің алдыңғы буын арыстарымен бірге, кейіннен алыптар шоғыры атанған ­өзі тұрғылас классик қаламгерлерімізбен қатар Сәбит Мұқанов та XX ғасырдағы жас қазақ әдебиетінің іргетасын қаласты. Өз құрбыластары сияқты оның да араласпаған жанры кемде-кем. — деді Елбасы Н.Назарбаев. — Ол біздің әдебиетіміздің проза, поэзия, драматургиясы тәрізді сан алуан саласында өнімді еңбек етіп, қоғамдық қызметімен де, әдеби шығармаларымен де казақ халқының рухани көркемдік мәдениетінің жетілуіне күш-қәжырын аяп қалмаған, ат төбеліндей ғана аяулы санаткерлер шоғырының белді өкілі болып табылады.

Алдыңғыларды айтпағанда, өзі тұстас Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты есімдермен сипатталатын бұл шоғырдағы Сәбит Мұқановтың орны туралы ойлана келсек, Виктор Гюгоның «Данте Гомерді жоққа шығармайды» дегенін еске алуымыз керек.

Халқына дәл Сәбит Мұқановтай кеңінен мәшһүр болған қаламгер сирек. Мұның сыры неде? Меніңше, бұл ең алдымен, Сәбеңнің қаламгерлік, шығармашылық тұғыры мен адамдық, азаматтық тұлғасының бөле-жарылмас бірегей тұтастығында және жалпыға бірдей анық айқындығында. Сәбеңнің сөзі мен ісінде алшақтық, ниеті мен әрекетінде қалтарыс болған жоқ. Адасса да, абырой арқаласа да халқына түсінікті болды. Халқымен бірге болды.

Бәйге

Бұл күні де қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер арасы сеңдей соғылған халық, ауыл үстінде қалықтаған ән мен жыр, бәйгенің түр-түрі болды: қыз жарыс, тай жарыс, дөнен жарыс, жорға жарыс. Бәйгеге еліміздің алты облысы мен жапсарлас жатқан Ресейдің Қорған облысынан келген жиыны 150-дей тұлпар қатысты. 17 шақырымдық аламан бәйгеде Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының шабандозы Сергей Гришенконың сәйгүлігі бас жүлдені — «Волга» жеңіл автомобилін жеңіп алды.

«Сәбең біздің қазақы рухымыз»

Кезінде қазақ әдебиетінің көп өкілдері европалық үлгі-үрдіске ұмтылып жатқанда, Сәбит Мұқанов ұлттық колоритімізді сақтап қалған қаламгер. Енді, міне, өзіміздің қазақи рухымызды қайта іздеп жатқан кезде Мұқанов қайтадан біздің алдымыздан шыға келеді де, кәдімгі темірқазық болып тұра қалды, — деп әңгімесін бастады Сәбиттанушы ғалым, жазушы, филология ғылымының докторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің жауапты қызметкері Құлбек Ергөбек.

Тағы бір нәрсе айтайын. Ол дұрыс шығар, бәлкім, бұрыс шығар. Сәбит Мұқанов, меніңше, бесіктегі баладан шал-кемпірге дейін еркін оқылатын жазушы. Әрине, Сәбеңнің алдында интеллектуалды, терең философ жазушылар да бар.

Мұқанов біздің ағартушы мектебіміз. Кез келген ұрпаққа он бір жылдық орта мектеп қандай қажет болса, Сәбит Мұқанов қазақ үшін сол он бір жылдық мектеп. Аттап өтіп кетуге болмайды.

Сәбит Мұқанов бұрын да қазақ халқымен бірге болған. Қазір де қазақ халқымен бірге, ертең де бірге бола береді деген ұғымдамын.

Мен—жарты ғұмырымды Сәбит Мұқановқа арнаған адаммын. Он үш кітап шығарған екенмін. Соның алтауы Мүқанов туралы. Әуел баста Мұқановқа Алла нәсіп етіп, тағдыр айдап келді. Алматыдағы мұражайының негізін қаласқан адамның бірімін. Оны мақтан тұтамын. Және сол сәттерден бастап Сәбеңнің архивін ақтардым да, өзіне ғана қатысты емес, қазақ халқының рухани өміріне, тарихына, тұтас мәдениетіне қатысты екенін көріп, білгеннен кейін қадалып, қалмай зерттедім. Ол үшін өкінбеймін. Сәбең менің тұрақты тақырыбым.

Мен —Сәбит Мұқановтың 80 жылдығына (Ғабит Мүсірепов бастап келген), 90 жылдығына қатысқан адаммын. Енді, міне, 100 жылдығына қатысып отырмын.

Тойға адам жәй келмеуі керек. Тартумен келуі керек. Мен бір том «Сәбит Мұқанов» деген кітап жазып тапсырғанмын. Бұл — жартылай лаборатория, жартылай өнегелі өмір сериясы. Деректі, дәйекті дүниелер. Ол кітап Құдай бұйырса 15—20 күн ішінде оқырманның қолына тиеді ғой деп ойлаймын.

Айтты — айтпады. Сәбең біздің қазақы рухымыз!

«Жаны жәннәтта болғай!..»

Қызылжар өңірінде басталған Сәбеңнің мерейтойына жазушының жары, 90 жасқа іліккен Мәриям апай қатысты. Ғасырмен құрдас дейтіндей емес, еншалла, әлі тың, сөзі сергек, көңілі көтеріңкі. Қашанда қаумалаған туыстары мен халық ортасында жарқылдап жүрді. Бәлкім, адами шынайы қуаныш, бақыт дегеніміз осы болар.

Міне, туған жерге келдік. Бұл Сәбиттің де, менің де туған жерім, — дейді Мәриям апай толғанып. — Қүдайға шүкір. Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы ат басын бұрып, халық алдына шығып сөз сөйледі. Елдің рухын аспандатты. Осының бәрі мен үшін үлкен қуаныш, қарағым. Ел үшін де қуаныш! Елбасы әр жерге баруға қолы тие бермейді. Аруақты, рухты сыйлап келді. Бұған біз де үлкен алғыс, рахмет айтамыз. Әне, елдің жасы да, кәрісі де қоғадай жапырылып, тойлап жатыр… Қуаныш көп. Жүрекке сыймайды.

Сәбит жасай берсін! Бәлкім, оның рухы да келіп көріп жатқан шығар біздерді. Жаны жәннәтта болғай!

Сонымен Алматыда басталып, Қызылжар өңірінде жалғасын тапқан той аяқталды. Жазушылар мен журналистер және тойға келген меймандар тобы Қызылжарға қайтар жолда Жамбыл ауданының орталығы Пресновка селосына арнайы ат басын бұрды. Мұнда жазушы Иван Петрович Шуховтың музей-үйі бар. Бізді мұражайға жақындағанда қазақтың арнайы киімін киіп, атқа мінген адамдары нанмен, тұзбен қарсы алды. Ән шырқады.

Мұражайдың кіреберіс үлкен бөлмесінің сол жағында суретші Аманжоловтың «Кездесу» атты майлы бояумен салынған үлкен портреті ілінген. Онда Иван Шухов пен Сәбит Мұқановтың кездесу сәті бейнеленген.

Той бағдарламасы бойынша Мәриям апай бастаған жазушының туыстары Сәбеңнің туған жері Жаманшұбарға барып ас берді. Құран….

Міне, Қызылжар өңіріндегі той да аяқталды. Бірақ Сәбеңнің қазақ халқының жүрегіндегі рухани өмірі одан әрі жалғасуда. Менің есіме Қызылжарда өткен мүшәйрада бас бәйгені жеңіп алған Ғалым Жайлыбайдың Сәбең жөнінде толғаған өлеңінің бір шумағы оралды:

…Көктем көрген көңілдің сазын ұғар,

Ата жұртта Арыңның қазығы бар.

Сәбең деген — қазақтың кең даласы,

Өткелі бар,

Өрі бар,

Жазығы бар!..

Толымбек Әдірайым.

Copyright © 2010-2024 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».