Съездегі кездесу
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Бүгінде туғанына 110 жыл толуын еліміз болып атап отырған ұлы қаламгер Сәбит Мұқанов халық сүйіспеншілігіне бөленген, жүрегі нұрлы азамат болғанын барша қауым білсе де, мен де оның осы асыл қасиетін өз жантәніммен сезгенімді айтқым келіп отыр. Әуелі әңгімені Сәбеңді бір көруге деген бала арманға қалай берілгенімді айтудан бастауға оқталдым. Ары қарай оқу …
Өзіне сәулесін шашқан елін сүйіп өткен
»Бұл дниеде елін, жерін шынайы сүйіп өткен Сәбеңнің өмірі бүгінгі тәуелсіз еліміздің барша халқына үлгі болсын».
Қазақтың сүйікті перзенті
Қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының іргетасын қалағандардың бірі және осы одақты екі мәрте басқарған, әдебиет әлемінің үздік ұйымдастырушысы, халқымыздың сүйікті перзенті, академик Сәбит Мұқановтың туғанына үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде 110 жыл толады. Жасынан ел аузындағы батырлар жырын, қиссадастандарды жаттап, мақамдап айтып жаттыққан, Шал ақын, Орынбай, Арыстан, Шөже, Сегіз сері, Нияз Ары қарай оқу …
Қол ұстасқан қос алып
Еліміздің аса көрнекті тұлғалары Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің екі алыбының жерлестік, жолдастық, туыстық, шығармашылық қарым-қатынастары ғибратқа толы. Екеуі бір өңірде туып-өскен, олардың өмірі де жас кезінен сабақтас басталған. Үнемі кедейшілікте, жоқшылықта өмір сүрген Сәбиттің әке-шешесі есейіп азамат боп келе жатқан Махмудтың балаларының жолын берсін деп жаңа туған ұлының кіндігін Ғабиттің Ары қарай оқу …
Жаманшұбардан басталған жол
«Жан сырым, халқым, маған сенсең егер,
Борышым шашымнан көп саған берер! «.
Сәбит МҰҚАНОВ.
Атақты жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына да 110 жыл толды. Неткен ұшқыр уақыт! Кеше ғана балалықтың бал дәуренінде алаңсыз, ата-анамыздың аялы алақанында ғұмыр кештік. Енді, міне, қарал отырсам, адамға тиесілі ғүмырдың жартысынан көбін артта қалдырыплыз. Өткен өмір – Ары қарай оқу …