«Музейлер ғылыми зерттеу орталығына айналуы керек…»

Академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай облыс орталығында өткізілген республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті жазушысы Әділғазы Қайырбековпен әңгімелесудің сәті түсті.
— Әділғазы Жақсылықұлы, сіз ширек ғасырға жуық уақыт бойы Алматыдағы Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық музей кешеніне жетекшілік еттіңіз. Осы уақыт бедерінде аткарылған жұмыстарға шолу жасап өтесіз бе?