Сәбит Мұқанов
Биыл қазақтың бас ақыны – Абайдың 175-ке келген мерейлі жылында Сәбит Мұқанов та 120 жаста! Мерейлі жасқа келген тұлғаны энциклопедияның хронология ізімен сыдыртып, «дежурный» сөздермен жазуға да болады. Бірақ бүгінде Сәбит Мұқановқа олжол емес. Көзін кергендердің бір-ауыздан айтуына қарағанда, дарқандығы даладай, көңілі жас баладай Сәбеңнің ұлтқа сіңірген еңбегі, ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы ұшантеңіз. Соның барлығынан Ары қарай оқу …
Сәбит – Мағжан – Сәкен
Қазақ мәдениетінде, оның ішінде әдебиет саласында даудамайы, айғай-шуы басылмай келе жатқан мәселе – Сәкен – Мағжан — Сәбит түйіні. Бұлардың қым-қуыт қарым-қатынасы әшейінгі қазақи әңгіменің ауқымынан шығып, әдеби шығарма, эссе, ғылыми зерттеу, монография, мақала деңгейінде ел-жұртқа жария болып, дабыраға айналған өте қиын мәселе. Кім болса да бұған құлақ түрмей өте алмайды, реті келсе өзінің бояуын Ары қарай оқу …
Сәбит және Қызылжар (жалғасы)
Тұрғының, үйің, көшең-бәрі қымбат,
Жеткенше тіл бояуы сені сырлап.
Қызылжар, қымбат қалам, – біткенше өмір,
Ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап.
Сәбит Мұқанов
Қызылжар атты өленінде аты айтқандай, әйгілі жерлесіміз академик жазушы Сәбит Мұқанов өзінің туған өлкесіндегі Қызылжар қаласын әлемдегі барлық қаладан артық көрді. Оның бұл қалаға деген махаббаты ұшан-теңіз әрі өлшеусіз Ары қарай оқу …
Сәбит және Қызылжар (жалғасы )
1926 жылы Сәбит «Бостандық туы» газетінің тілшілеріне арнап «Газеттің досы тілшілер» атты өлең шығарып, сол газетте жариялайды. Онда мынадай шумақтар бар:
… шаруаға көз болып,
Қисық іске тез болып,
Игілікке бастайтын –
Газеттің досы -тілшілер.
Бітер істі өнімді,
Еңбекке жегіп өмірді,
Еңбектен тайып қашпайтын
Газеттің досы – тілшілер.
1926 жылғы жазда сол кездегі Қазақстанның астанасы Қызылордаға барып қызметке орналасқан Сәбит, 1928 жылы жазда елге Ары қарай оқу …
Сәбит және Қызылжар
Сәбит аға ол кезде 36 жаста еді. Сонда да ол кісі бізге ұзақ жасаған, көпті көрген қариядай көрінетін. Бет әлпетінде, көз қарасында жатсыну, тосырқау дегендердің ырымы жоқ. Бір көрген адамның өзімен де ескі танысындай жарқылдап, елжіреп сөйлеседі. Жылы сөзімен жаныңды баурап алады.
Бізбен сол кездесуде айтқан бір сөзі әлі есімнен кетпейді:
«Шілде – тамыз дүниенің жігіт шағы. Ары қарай оқу …