Академик атындағы кітапхана
1973 жылдың қысында Петропавл қаласында әсем ғимараттардың бірі – облыстық кітапхананың жаңа үйі пайдалануға беріллі. Оның ашылуы салтанатты жағдайда өтті: оған академик-жазушы, даңқын жерлесіміз Сәбит Мұқанов қатысты. Бұл Сәбеңнің туған жеріне соңғы рет келуі екен: бір-екі айдан сон сүйікті жазушымыз қайтыс болды. Бірақ оның жарқын бейнесі, жылы лебізі – бәр-бәрі кітапхана коллективінің мәңгі есінде қалды. Содан да бұл кітапханаға Қазақ ССР Министрлер Советінін 1973 жылғы 29 майдағы қаулысы бойынша С. Мұқановтың есімі берілуін үлкен қуанышпен қарсы алдық.
Иә, Сәбең бірінші болып есігін ашып, мәжіліс залында бірінші болып сөз сөйлеген бұл кітапхана оның есімімен аталады. Бүгінде бұл кітапхана облысымыздағы ең іргелі оқырман отауларының бірі: онда үш жүз мың том кітап қоры бар. Жыл сайын оның қоры жиырма жеті мың кітаппен толықтырылып тұрады. Осыншама аса бай рухани қазынаны жиырма мыңнан астам оқыр мандар пайдаланады.
Біздің кітапханада абонемент, оқу залдары өнер, шет ел әдебиеттері, ауыл шаруашылығы, ғылыми методика анықтама-библиография, кітап сақтау, кітапханааралық абономент, әдебиеттерді іріктеу, кітап топтастыру, есеп және тіркеу, айырбас депозитория – барлығы он төрт бөлім бар.
Кітапханамыздың үлкен бір бөлімі – оқу залдарын тәжірибелі кітапханашы P. Лaбутина басқарады. Мұнда оқырман конференциялары, әдеби-музыкалық кештер, кітаптарға шолу жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Жақында онда С. Мұқановтың туғанына 80 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілді.
Абономент бөлімінде жазушы юбилейіне орай «Ақын, жазушы, академик» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда С. Мұқановтың он алты томдық шығармалар жинағы, жеке кітап болып басылып шыққан туындыларынан «Өмір мектебінің» үш кітабы, «Аққан жұлдыз», «Бртагөз» романдары және басқа шығармалары қойылған. Көрмеде жазушының өмірі мен творчествосы жайлы әдебисттерге де орын берілген. Солардың бірі – I. Есқожиннің «Сәбит Мұқанов публицист» атты зерттеу кітабы.
Кітапханааралық абономент бөлімінің міндеті – облысымызда тұратым барлық оқырмандарды қажетті әдебиетпен қамтамасыз етіп тұру. Бұл бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар да аз емес.
– Сәбит Мұқанов шығармаларына деген сұраным зор, – дейді осы бөлімнің меңгерушісі Т. Мосиенко – Оның облыстық кітапханадағы шығармаларының төрт жүз данасы әркез қолдан түспейді.
Өз басым алғашқы еңбек жолым атағы әлемге жайылған жазушының есімімен аталған кітапханада басталғанын үлкен мәртебе санаймын. Менімен бірге еңбек ететін алпыстан астам әріптестерімнін бәрі де осы пікірде Олардың ішінде оқырман қауымға жиырма жылдан астам уақыт бойы қалт-қысыз қызмет етіп келе жатқам В. С. Андрющечкина, Ә. Баграмова К. Мұстафина, М. Лабутина, М. Ахметова есімдерін ерекше aтауға болады.
Кеше біздің кітапханада зор қуанышты оқиға болды: кітапхамада С. Мұқановтын музей-бөлмесі ашылды. Бұл салтанатқа алматылық ақын-жазушылар және Сәбеннің зайыбы- Мәриям апай мен үлкен ұлы – Арыстан Мұқанов қатысты. Олар кітапіхананың библиография бөлімінің меңгерушісі К. Мұстафина бастаған кітапханашылар жабдықтаған музей-бөлменің безендірілуіне жоғары баға берді. С. Мұқановтың республикалық әдеби- мемориалдық музей-үйінен әкелінген экспонаттарды, әсіресе, жазушының жыл сайын туған жеpге келген сәттерін бейнелейтін фотосуреттерді қызыға тамашалады. Сондай-ақ өзінің есімімен аталған кітапхананың алдына қойылған Сәбеңнің бюсті келушілер назарын аударады.
Mіне, содан да Сәбеңнің бүгінгі мүшелтойы біздің кітапхана коллективіне де ортақ.
М. Әшімова,
С. Мұқанов атьндағы облыстық
кітапхананың қызметкері.
Әшімова М. Академик атындағы кітапхана //Ленин туы.-1980.-11 маусым.