Октябрь перзенті
Сабит Мұқановты бүкіл Одақ көлемінің хаяқы түгел біледі. Өйткені, Сәбит Мұқанов өз тұрғыластары Михаил Шолохов, Александр Фадеев, Александр Корнейчук, Янка Купала, Ғафур Ғұлам, Берді Кербабаев, Ғалымжан Ибрагимов, Аалы Тоқомбаев тәрізді тек өз ұлтының өз жұртының ғана емес, бүкіл. Ұлы Отанымыздың, советік мемлекетіміздің мақтанышына айналған жазушы.
Ақын, прозаик, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, белгілі қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқановтың творчествосы советтік дәуіріміздің айнасы, заманымыздың шежіресі іспеттес.
Ал оның өз басы кешегі қазақ бұқарасының айналасы 60 жылдың ішінде қаншалықты биік шыңға көтеріліп, қаншалықты парасатты, мәдениетті, өнегелі ел болғанының бір айғағы.
Әдебиeтке жиырмасыншы жылдардың басыңда келген Сәбит Ұлы Октябрь социалистік революциясының қазақ даласындағы алғашқы тарихи жеңістерін тұңғыш жырлағандардың бел ортасында жүрді. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов бәрі қатарласа қазақ совет әдебиетінің негізін қаласты, соның алғашқы жауынгерлерінің, алғашқы маршалдарының бірі болды.
Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Ғабит, Ғабиденмен бірге Сәбит Мұқанов қазақ поэзиясында тұңғыш публицистикалық лириканы, лиро-эпикалық жанрды бастаушы, поэзия мен прозада жаңа арна, жаңа мектеп, жаңа образдар ашушылардың, жаңа заман адамдарының, жалынды күрескерлердің әдебиеттегі тұңғыш көркем бейнесін жасаушылардың бірі. Тұңғыш қазақ романын Спандияр Көбеев жазса, жан-жақты дамытып, биік күмбезін тұңғыш жайнатып шығарған да Сәбит Мұқавов екені жұртқа мәлім.
Қазақ совет поэзиясының өсу жолын сөз еткенда өлеңмен жазылған «Сұлушаш» дастанына, «Сөз – Советтік Армия», «Майға сәлем», «Колхозды ауыл осындай», «Ақ аю» терізді жыр белестеріне соқпай өтуге болмайды.
Қазақ совет прозасының өсу жолын сөз еткенде «Мөлдір махаббат» пен «Ботакөз», «Менің мектептерім» мен «Аққан жұлдыз» романдары айрықша көзге түіседі.
Әдебиеттің осынау ең басты екі саласының екеуінде де Сәбит өзіне тән ерекше стиль, образ, тәсіл жаңалығын ашып, батыл қадамдар жасады. Сәбеңнің өзінің өкшесін басып келе жатқан қаламгер інілері мен кейінгі ұрпақтарға көп жағдайда үлгі-өнеге болғанын мойындамасқа болмайды. Жас талаптарға дер кезінде көмек беріп, олардың қаламы ұштала түсуіне Сәбең ерінбей-жалықпай ақылын айтаггын еді.
Сонау 20-30 жылдарда қазақтың жаңа ғана қаз басыл келе жзтқан пролетарлық, социалистік әдебиетін, оның жаңа көктеп келе жатқан егінін арам шөптерден, буржуазияшыл-ұлтшыл алашордашылардың шабуылынан қорғаушылардың, әдебиетіміздің партиялығы мен халықтығы туралы лениндік принципті берік ұстанып, «табым» деп, «таптық әдебиетім» деп, социалистік реализмнің Горький көтерген қасиетті туының астына ең бірінші болып келіп, сол туды ілгері алып барғандардың бірі, қазақтың ұлттық әдебиетін социалистік мәдениетіміздің биік деңгейіне көтеріскендердің бірі – Сәбит Мұқанов.
Сәбит Мұқансвтың үлгі-өнеге боларлық қасиеттері мол. Ол, біріншіден, әдебиеттің партиялығы мен халықтығы жөніндегі лениіндік принципке мейлінше адалдық екіншіден; өз дәуірінің көркем шежіресін жасауға ұмтылушылық; үшіншіден, өз табының, өз қоғамының, өз халқының шабытты өткір, терең ойлы жыршысы бола білгендігі; төртіншіден, елімізде социализм жеңістерін баянды етіп, коммунизм орнату жолындағы букілхалықтық ұлы күреске белсене ат салысып отырғандығы; бесіншіден, әдебиeтімізді әсереқызл әурешілдер мен боямашылардан, әр түрлі формалистік ағымдардан таза сақтау жолында әр уақытта да күресіп келгендігі; алтыншыдан, Сәбит ағаның жастар үйренетін ең жақсы қасиеті – қаншама зор атақ, даңққа жетсе де, баяғы қарапайым қалпында, баяғы әдеп сақтағыш, жұрттың бәрімен де сырласып кететін, кәдімгі Сәбит қалпын өмір бойына өзгертпей, құбылтпай таза сақтап келгені еді; жетіншіден, бүгінгі күннің тақырыбын жан-жақты және терең, әрі биік көркемдік дәрежесінде көтеруге белсене ат салысқан-ды.
Осы қасиеттердің қай-қайсысы болсын совет жазушысына аса қажет қасиеттер. Осы қасиеттері үшін да қазақ халқы өзінің Сәбитін төбеге көтеріп құрмет тұтты.
Әди Шәріпов.
Шәріпов Ә. Октябрь перзенті // Қазақ әдебиеті.-1980.-6 шелде.-2 б.