Алыптың тұлғасы

Алыптар тобы!
Олар – ерте есейгендер. Олар – өңшең біріншілер, жаңа заманның жаңа лирикасын, жаңа эпосын жасағандар. Әдебиеттің барлық жанрларында төлбасылар атанып, алдағы асуларға революциямен бірге көтерілгендер.
«Алыптар тобы» деген аталы анықтаманың авторы Ғабит Мүсірепов әдебиет мәселесінің қай саласында болсын түгел атсалысқан үлкен топқа Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлинді, Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезовті, Сабит Ары қарай оқу …
Жазушы атындағы кітапханада

Қазақтың белгілі жазушысы, қазақ, совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сәбит Мұқановтың есімі Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының еңбеккерлеріне ертеден бегілі. Өйткені ол Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Жамбыл ауданында туған. Мектепте оқыған көзі мен азамат болуы осында, Петропавл қаласында қалыптасқан.
Петропавл қаласының тұрғындары өздерінің даңқты жерлесінің есімін әр уақытта да мақтаныш сезіммен атайды.
Сәбит Ары қарай оқу …
Сәбит Мұқанов сыр шертеді
1967 жылы Сәбеңді Петропавл еңбекшілері Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат етіп ұсынған күндерде жазушы өзі қолқалап, мені сапарға бірге алып шығып еді. Сол жолдағы әңгімелердің арасында Сәбит Мұқановтың Мұхтар Әуезов жөнінде айтқан ой-толғаныстарынан азғана штрихтарды сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
– Соғыстан бұрын Леонид Сергеевич Соболев Алматыға келе қалды. – деді Сәбең тағы бір әңгімесінде, Ары қарай оқу …
Сәбит тойы – халық мерейі

20—22 маусымда Петропавл қаласында және Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылында академик – жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 90 жыл толуы салтанатты атап өтіледі.
Халқымыздың ұлы тұлғаларының бірі Сәбит Мұқановтың туғанына 90 жыл толу мерекесі орасан алып. Одақтың кең қиырына, туған республиканың түкпір-түкпіріне қуанышты толқын таратып, салтанат қоңырауының сағаты күмбір-күмбір соғылуда Алматыда С. Мұқанов мерекесінің үлкен салтанатты Ары қарай оқу …
Елі мен егіз суреткер

Қазақ совет әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов өзінің ұзақ ғұмырында ұланғайыр мол әдеби мұра қалдырды. Жарты ғасырдан астам творчестволық қызметінде қай-қайсымызды болмасын табиғат дара сыйлаған асыл талантының көл-кесір жемістілігімен таңдандырған, сұқтандырған Сәбеңнің көзі тірісінде қалам тартпаған жанры кемде-кем. Елге мәшһур ақын, жазушы, драматург, публицист Сәбеңді, оның үстіне оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазған әдебиет зерттеушісі ғұлама Ары қарай оқу …