Елі мен егіз сүреткер
Қазақ совет әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов өзінің ұзақ ғұмырында ұланғайыр мол әдеби мұра қалдырды. Жарты ғасырдан астам творчестволық қызметінде қай-қайсымызды болмасын табиғат дара сыйлаған асыл талантының көл-кесір жемістілігімен таңдандырған, сұқтандырған Сәбеңнің көзі тірісінде қалам тартпаған жанры кемде-кем. Елге мөшһур ақын, жазушы, драматург, публицист Сәбеңді, оның үстіне оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазған әдебиет зерттеушісі ғұлама Сәбеңді біз барлығымыз өтe жақсы білеміз. Oл шын мәнінде, академик десе нағыз академик болатын. Иә, мұның бәрі көбімізге белгілі ақикат. Бірақ та, біз білетін осындай Сәбең сонымен қатар бұрқыраған әдеби айтыс-тартыстың қайнаған ортасында жүретін қайсар полемист, Иә, Сәбеңнің жауынгер сипаттағы дәйекті полемист болғандығына, онымен көзі тірісінде аралас-құралас жүргендердің бәрінің пікірі бірауыздан шыққандай, бір жерден тоғысатын да, ешқайсылары да бұған шек келтірмейтін. Өзінің осынау бір кесек мінезіне Сәбеңнің үнемі сүйсінетіндігі өз алдына, керек десеңіз бүкпелеудің, бүркеудің орнына, қайта ап-ашық, айрықша ашып айтатыны бәріміздің есімізде. Шынында да сол бір жылдары Пролетар көшесіндегі № 11, шағындау ағаш үйда орналасқан Қазақстан Жазушылар одағына ең болмаса бір рет кіріпшыққан адамның өзі-ақ, сол аядай үйдегі әдеби қауымның күнбе-күнгі гу-гулеген, дуылдаған тіршілік-тынысын ғұмыр бойына ұмытпайтын шығар. Тілге тиек табылсын деңіз, ал ендігі қалғаны жоқтауға мұрша бермей-ақ жетіп келеді де, шарпысқан-шбысқан, шарт сынғам сөзімдер найзағайының ұшқыны қалық қауға түскендей ду ететін де алаулаған от-жалын лапылдай женелетін. Соған қарағанда, азғантай ғана жазушылар сол мезеттерде жоғары көрнеулі тұрақты тоқтың қуатына жалған қойғандай сезілетін. Және танымал жазушылардын жуан арасында Сәбең елден ерек көзге гүсетін. Ол қара пүліш тақиясын үнемі тастамайтын, жасына жетпей тым ерте бүрыл тартқан және тым ерте толысып кеткен Сәбең жұрттың бәрімен арқа-жарқа сөйлесетін, ақсиып күле жүріп, әзілін қалдырмайтын. Осындай жайма-шуақ, жайдары Сәбенді сұрапыл айтыс-тартыс полемика көзінде мүлде танымай қалатынбыз, Мұндай сәтте ол жауар бұлттай түнарген суық, қайтпас-қайсар көрінетін. Онсыз да дәлебесі қозып отырған қалың көпті ширықтыра, шиыршық атқыза беурап екететін, әл-қуаты мол аккумулятордай көрінетін. Мәселен, шағын топ ортасында өтсін, немесе, творчестолық секциялар мәжілісінде өтсін, әйтеуңр Сәбең қатысқан талқылаулардың кезкелгені найзағайдай күркіреп, жай оғындай жар-қылдап өтеді. Әрине, кейде орынсыз, немесе, кейде шектен тыс жұмсалған осыншама зор қажыр-қуаттың зардабы мен пайдасы, ершіктіріп, ушықтырып алған ширығудын жеме-жемге келгенде жазушы шығармаларының pyхы мен табиғатына саяқыным салмай қалғаны жоқ.
Сәбең шығармаларын негізінен түнде жазатын. Аппақ ақ парақпен жекпе-жек, бетпе-бет қалғанда да, оның ен бойынан күндізгі талқылаудағы өткір, қиын сол полемистін рухы оттай маздап, шоқтай қоздап тұратын. Бәлкім сондықтан да болу керек, жазушы қаламынан шыққан шығармалардың барлығы дерлік, немесе, түгелге жуық, айталық ол сын не зерттеу еңбектері, немесе, қыруар хаттары мен естеліктері болсын, айтеуір солардың бәрі автордың мінезімен бір-бірінен айнымайтын егіз қозыдай ұқсас болып жататын. Оқырмандар сол еңбектердің бойынан полемикалық албырттықтам тыс Сәбеңнің өзіне тән кейбір турашылдығын да, бірден шарт кесіл тастайтын қаталдығын да оп-оңай байқай қоятын. Өйткені мұның өзі жазушылық жалпы жазу машығынан да, баяндау мәнерінен де көзге ұрып тұратын және кейбір пікірлерінің көп ретте кәдімгідей сыңаржақ сипатын айқын көрсететін. Сол бір жылдардағы әдеби айтыстарда көрнекті жазушыны, қырыққа толмай жатып классик атанып, әрі заңды түрде қазақ совет әдебиетінің үркердей қолбасшыларының бірі ретінде танылған Сәбеңді тыңдаған, көрген адам, оны сірә қызба, қатаң полемист күйінде еста сақтап қалған шығар. Расында солай болды ма, әлде сол кездегі біздің жасампаздай жас әдебиетші қауымнын ұшқыр қиялы Сәбеңді осылайша елестетті ма екен. Майлі қалай болған күнде де, бірде қайтыс боларынан аз күн бұрын Тахауи Ахтанов екаумізге Сәбеңнің сыр ашқаны бар-тын. Ол ғұмырында қазір өзінен жылыстап кеткан, ел өсінде қалған, тарих еншісіне айналып кеткен сонау шамырқанған шабытты бір жылдарын еске ала отырып, кәсіп айтудың әрқашан бұлжымас принцип болып шыға бермейтіндігіне өкініш білдіре айтқан-ды. Сәбең сол сәтте, жазушының өз сезімен айтқанда, Мұқанов та «сүйек-еттен жаралғам» деп, кәдімгі қарапайым адамдай болып кеткеніне екеуміз ақ-таң күйда, қайран қалдық. Айта кету керек, Сәбеңнің өзіне тән жүрекке деп тиер қарапайым пайымдауларында терең ой да, астар да жатыр. Меніңше, осынау ойлар, естеріңізде ме, қазір бүкіл планетамызда қанатты сөзге айналып кеткан: «Адамға тән нәрсенің қай-қайсысы болмасын маған жат емес», деген Карл Маркстің қыздарының сұрақтарына берген жауабымен шынайы үидесін жатқан жоқ па!
Иә, ішкі жан-дүниесінің тебіреніс-толқынысы үстінде oл ағынақ жарыла алатын да еді. Жоғарыда келтіргеніміздей, Тахаум екеуміз Сәбеңнің кейбір тұстардағы жіберген қателіктерін, кемшіліктерін мойындағанынан жазушы Мұқановтың әлсіздігін емес, керісінше, оның азаматтық мәрттігін, күіштілігін, рухының ересан құдіретін сезіндік. Өйткені өз «осалдығын» мұншалық батыл мойындау өнер әлемінде тек алып таланттардың ғана қолынан келеді. Күйкі тірліктің қамын ойлаған күйкентай адамдардан мұндай ерлікті әсте күтуге болмайды. Оған олардың қабілеті де, қайраты да жетпейді. Адам ұсақтанған сайын, күйкіленген сайын олардың көкірегі өсіп, менмендігі ұлғая түседі де, не болса соған сезікшіл, не болса содан секем алғыш, шамшыл келеді. Оның есесіне, қара басын қорғаштауға келгенде алдына жан салмайтын, айласына найза бойламайтын дүмбілез, діттегеніне жетпей қоймайтын өлермен болып келеді. Ал, мұндай эгоистермен қоңсы қонып байқап көрсең, өмірдегі бер-бәрінің да әу бастағы биік мәні да, міндеті де көз алдында күн нұрының қызуынан жоғалған таңғы шықтай өтe шығады. Дүние да, қоршаған орта да, адамдар да біртүрлі тарылып өзіңді қайда қоярыңды, кімнің саялы қолтығына паналатуды немесе, кімнен шапағат-шуақ күтеріңді білмей дәл боласың.
Жан-дүниең болса еркін кесілуді, емін-еркін шалқуыңды, шарықтауыңды аңсайды, армандайды, қиялдайды. Шартарапқа шарықтаған көңіл құсы қиялғa ғана қонақтайтын алыптың медет-дәрменінен үміт етеді, шарқ ұрып, соны іздейді. Иә, осы түста адамдар өздеріне тірек боларлық жаны жайсаң, рухани тұрғыдан орасан ірі, зор тұлғалардың айрықша зерулігін, қажеттігін ерекше түйсінеді. Мұндай сәттерде қай-қайсымыздың болмасын осындай бір хал кешетініміздің өзі, әрине, әрі табиғи, әрі заңды құбылыс. Өйткені, біздің әрқайсысымыздың ішкі жан-дүниеміз нұрланған, жарқыраған үстіне нұрлана, жарқырай түсерлік игі қабілетін жоғалтпаған соң, мейірімділік пен ізгіліктің қайнар көзіндей болған, зерделі ізгілікпен сындарлы бекзаттықтың бастау бұлағындай болған, шұғыла шашқан Сәбең тәрізді осындай айрықша алып тұлғаларға іңкәрлікпен ұмтылатындығы да, әрине, барынша табиғи, барынша заңды.
Осы орайда жұрттың бәріне белгілі бір ақиқатқа тоқтала кетейін. Адам баласының қай бір саладағы жетістігі болмасын, оларды біз әрқашан не санымен, не сапасымен бағалаймыз. Сөйте тұра, біздер, осы екі ұғымның рухани тұрғыдан соншалықты туыстас, етене айырғысыз екенін біле тұра, кейбір тұста диалектиканың өз заңдылығы бойынша бірін бірі жоққа шығаратынын ұмыта беретініміз бар. Қалай десек та, сандық тұрғыдан өскендігіміз біздің даму мүмкіндігіміздің ең төменгі сатысының өзін нақты тұжырымдап, бейнелеп бера алмайтыны айдан-анық. Оның үстіне, әсіресе, руханм дамуымыздың заңғар биігін ешқашан сандық тұрғыдан өлшей алмаймыз. Өйткені, осынау рухаии заңғар биіктігіміз ежелден, яғни, бұрын да, келешекте да тек аса көрнекті қайраткер тұлғаларымыздық жұлдызды шақтарындағы жанартауша лапылдаған, шарықтаған шырқау шыңымен елшенеді. Біздің халқымыздың парасат тарихында мұндай шарықтаулар бір емес, әлденеше peт, болған. Тарих тереңіне үңіле қарасаңыз болды-ақ, бұған кезіңіз анық жетеді. Өткен ғасырдың бас кезінде, қазақтың жазба әдебиетінің дүниеге келерінен сәл-ақ бұрын шыққан Махамбеттін жасындай жарк етіп, жалт еткен алдаспандай отты, ерлікке, күреске шақырған жалынды поэзиясы әлі халық санасында. Керек десеңіз халық көтерілісінің көсемі болған Махамбет поэзиясы өзінің өршілдік, күрескерлік сипатымен біздерді әлі күнге төбірентіп, делебемізді қоздырып, «ереуіл атқа ер салғызады». Махамбеттен соң қазақ әдебиеті көгінде Жамбыл мен Абайдың шырқау екі жұлдызы жарқырап шықты. Егер Жамбыл суырып салма, төкпе импровизациясымен онсыз да сел топандай тасқындаған халық ауыз әдебиетінің шоқтығын көтере түссе, Абай жазба әдебиетіміздің алтын арнасын өзі жасаған еді. Абайдың даналығы арқасында халық ауыз әдебиетінің асау арналы өзенімен қапталдаса, біздің халқымыздың рухани мәдениеті тарихында тұңғыш peт жазба әдебиетіміздің мөп-мөлдір бұлағы «сылдырап өңкей келісіммен» ағып жатты. Біздің бақытымызға орай, Абайдан кейін әлі буыны бәкімеген жазба әдебиетіміздегі бәрімізге белгілі аз-кем үзілісті есептемесек, ол өзінін даму жолында үнемі ілгері қарыштап отырды. Әсіресе, Октябрь революциясы оятқан халықтың рухани күші кенеттен зор қуатты қозғау алып, қазақ әдебиеті мен өнерінің шын мәніндегі ұлы қайраткерлерін дарқан қолымен сыйлай салды. Солардың бірі Сәбеңді еске ала отырып, біздің қай-кайсымыз да Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Мұхтар Әуезозтің асқарлы есімдерін зор ілтипатпен, риясыз ризашылықпен атайтындығымыз да сондықтан. Олар Совет өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ өте қысқа мерзімде біздің әдебиетіміздің профессионалдық деңгейін көтергені соншалық, бірден жұрттың бәрін таңқалдырарлық алдыңғы шепке бір-ақ ырғытып шығарды. Мұның өзі сол кезде қол жеткізген ұлттық санамыздың биік адамгершілік өлшемдерін көп-көп жылдар бойына өзгелерден талап етерліктей айқындап беріп кеткенін бәріміз білеміз. Олар жаңашыл болатын және қайта өрлеген қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі да шын мәнінде солардан басталады.
Бір ғажабы, олардың өзіне дейін болмағанды болдырғанын, кезінде жоқтан бар жасағандығын, яғни, сан алуан әдеби жанрларды батыл енгізігп, соны орнықтырумен шектеліп қалмағандығын, соларды мазмұн мен пішін жағынан байытып, стилі жағынан түрлендіріп қана қоймағандығын, ең бастысы, олардың әрқайсысы өз әсемдік әлемін де жасай білгендігін атап айтуымыз парыз.
Әрбір дәуірдің өзіне тен өзекті проблемасы болады. Соны керкем игеру жолында соған лайық кейіпкерлерін үнемі алға шығарып отрады. Мәселен, біздер үшін космосты игеру, космос корабльдерін, космонавтар ұшыру елдің беделін қаншалықты көтерсе, ал біздің әкелеріміз үшін Солтүстік мұзды мұхитты игеру, «Челюскин» мұз жарғышы, әйгілі ұшқыш Валерий Чкаловтың Солтүстік полюс арқылы Америкаға дейін қонбай ұшып өтуі елдің беделін соншалықты көтерген еді. Сондықтан болу керек, күллі әлем халықтары Советтер елінің ержүрек перзенттерінің осыған денін ақ аюдан басқа тірі пенде аяқ баспаған Қиыр Солтүстіктегі әрбір қимыл, әрекетін, таңғажайып ерлігін қалт жібермей бақылап отырды. Міне, осындай тұста Сәбең Солтүстік полюсті бағындырғандардың ерлігіне ризашылығын, шексіз сүйіспеншілігін алғашқылардың бірі болып танытыл, өзінің «Ақ аю» поэмасымен үн қатты. Бұл поэма сол жылдардағы әдебиет үшін пішін жағынан да, мазмұн жағынан да су жаңа шығарма болды. Оның үстіне, бұл поэма сыншылар мен қалың оқушы жұрттың сергек назарын бірден өзіне аударып қана қойған жоқ, сонымен бірге қазақ совет поэзиясындағы әрі тосын, әрі тың туынды болды және шын мәніндегі жаңашыл шығарма болды. Осы орайда, Сәбеңнің қазақ совет поэзиясына үрдіс жаңалық енгізген батыл, шынайы экспериментатор болғандығын атап айтсаң, ешнім қарсы бола қоймас, Oл өзінің таңдаулы өлеңдерінде Бейімбет Мейлиңнің ізін ала ауызекі сөйлеу үлгісінін қарапайым мақамын, ырғағың, интонациясын әрі батыл, әрі кеңінен енгізді.
Сәбеңнің сексен жылдығына байланысты жуырда болған кездасулердің бірінде көрнекті ақынымыз Әбділда Тәжібаев университет студенттерімен сырласып тұрып, өз ұстазы туралы мынадай қысқа да болса нұсқа түйін түйді: «Қазақ совет поэзиясының идеялық көркемдік денгейі мен биігін Қасым Аманжоловтың «Абдолласына» дейін Сәбит Мұқановтың өлең-поэмалары белгілегені даусыз». Бұл—шынында да даусыз пікір. Мен де сол Әбекеннің терең, ойлы тұжырымын одвн әрі сабақтай отырып, қазақ әдебиетінде ұлы суреткар Мұхтар Әуезовтін «Абай жолы» эпопеясына дейін, Сәбит Мұқанов романдарының теңдесі жоқ дап үзілді-кесілді айтқым келеді. Өйткені ол жылдарда өзімізге ежелден мәлім «Адасқандар» шығып, қолдан-қолға тимей жүрген еді. Іле-шала романтикаға толы «Балуан Шолақ повесі жарық көрді. Біздін әлі есімізде, әйгілі «Жұмбақ жалауға» дейін Сәбең «Теміртас» романын жазған еді «Теміртас» романын әдеби жұртшылық жазушының аса күрделі, өрі іргелі тақырыпты игеру жолындағы өз күшін батыл байқап көруі деп қабылдағаны да әлі есімізде. Байыптап байқасақ, тарихи революциялық тақрыпқа тұңғыш қалам тартқандардын бірі ретінде Сәбит Мұқановтың алдында қыpyap, қиын міндеттер тұрғанын аңғару қиын емес. «Теміртас» раманын capaлып, жіктеп айтпаған күнде, әрі Сәбең өзімің «Ботакөз» романында күрделі де күрметеуі қнын әрі әдеби, әрі саяси міндеттерді айта қалғандай әдемі атқарып шықты. Бұл аз десеңіз, Сәбеңнің көркемдік тәжірибе-тағылымы тарихи революциялық тақырыпқа қалам тартқан қазақ жазушыларына елу жыл бойы қолма-қол ықпал етіп, әcеp тигізгені тағы да даусыз. Жалпы алғанда, сол жылдары Сәбең романдарының жарыққа шығуы ұлттық мәдениетіміздің мереке-мейрамы болды десек асыра айтқанымыз емес.
Турасын айтсақ, соғысқа дайім балалар үйлері мен интернаттар тарбиесінде бояған біз секілділердің қай-қайсысы да ұйқы мен тамақты, ойын мен сабақты, тіпті тіршілік дүниесін түгел ұмытып, сүйікті жазушымыздың тамаша шығармаларын тамсана оқитынымыз әлі есімізде.
Сәбеңнің халық сүйген қаламгерлік құдіреті неде? Стильдік шеберлігі ме? Әдемі де айшықты тілі ме? Әй, қайдам. Сәбең шығармашылығының бастапқы кезеңіндегі лирикалық өлеңдеріин «Сұлушашты», «Адасқандарды» өз алдына қойғанда, өзге шығармаларының дені тгл, стиль жағынан тым қарапайым, кейде тіпті қарадүрсін екенім жасырудың керегі жоқ, Сәбең төл туыдыларындағы онсыз да қарапайым тілін халықтың ауызекі сөзінен айнытпауға тырысып, әдейі жеңілдететін тәрізді әсер қолдыратын және осыны әр шығармасында іске асыру мақсатына күлкі күш-жігерін сарқа жұмсады, Халықтың күнделікті ауызекі сөйлеу тілін өз шығармаларында игеру, меңгеру жолында өзге қазақ жазушыларына қарағанда Сәбеңнің құлағы айрықша түрік жүретін де, әрі тапқыр, әрі шебер пайдаланатын. Сәбеңді білетіндердің барлығына, оның айтулы жазушы ретінде халық творчествосына етена жақын екендігі, «сүйек-аттен жаралған» панде ретінде айрықша қарапайым екендігі жақсы мәлім. Бәлкім Сәбең халқымен тығыз байланысты дегенен гөрі Сәбең туған халқымен ғасырлар бойы тамырлас еді, туған халқымен біржола бірігіп, біте қайнасып кеткен еді деген дұрысырақ тәрізді. Расында солай ғой!
Сәбең өзініц етженділігіне, егделігіне қарамастан тым жеңіл, ширақ қозғалысымен, көтеріңкі сеpeк көңілімен, ашық мінезімен, қызба қылығымен ерекшеленетін. Оның ұстіне әрі белсенді, әрі жігерпі Сәбең жүздесіп, сөйлескенді, түкпір-түкпірдегі ауылға, елге сапарға шыққанды жақсы көретін. Қоршаған дүниемен, әлеуметпен етена тығыз байланысын үзгісі келмейтін де, өзінің тіршілік-тынысын, бітім-болмысын олардан бөліп алғысы келмейтін. Сәбең қалың көпшіліктң нағыз ортасында жүріп, cол қаумалаған жұрттың қайтсем көңілінен шығам деп жоспар құрып, жөн-жосық белгілеген емес. Өйткені, оның өзі табиғилық пен қарапайымдылықтың жарасымы, шынайы келісімі болатын. Мұның өзі жұртпен жүздесіп, етене шүйіркелесіп, тіл табыса кетуіне көп септігін тигізетін де, дәл осы тұста қаумалаған қалың әлеумет ортасында Сәбең өзін суда жүзген балықтай ғаламат еркін сезінетін. Қалың Жұрт та Сәбеке деген кең, ыстық құшағын айқара жаятын. Бірақ та солардың ешқайсысы Сәбеңнің бір қарағанда тым қарапайымдылығының ар жағында төңірегіндегі өтнен-кетнен, болған-тынған жәйттердің бәр-бәрін қырағы бақылағыш қыран кез адамның, аса күрделі жазушының тұратындығын байқай бермейтін. Кәрілік жетіп, қажыр-қайрат азайған сайын Сәбең табиғи мөлшері мен тағдыр өлшемінен қашып құтылмасын сөзгендей бәрімізді аң-таң қалдырып, бірнеше тақырыпты бірден бөктеріп, бірнеше шығармаға бірден шабыттана кірісіп, асыға жазып жататын. Егер талғампаздық өресі өскен оқырман Сәбеңнің соңғы көздердегі еңбегінен ала-қулалық байқаса, мұның өзі ең алдымен жазып үлгеріп қалуға асыққандықтың салдарынан деп ұққаны жөн.
Сәбит Мұқанов халқымыздың тарихын, тұрмысын, әдет-ғұрыптарын, шежіресін, замандастарымыздың күнделікті тіршілігін тамаша білетін, Суреткер Сәбең жанрына қарамастан өзінің барлық туындыларында бірінен-бір асып түсетін небір қызғылықты мәліметтерді ұтымды бере білетін. Кейбір тұста фантастика элементтерін саналы түрде пайдаланатыны және бар. Содан болуы керек, осындай қыруар мағлұматтар кейде, көрер көзге шығарманың төреңін көлемімен басып тастайтын. Егер қиялы ұшқыр, көңілі жүйрік Сәбең фантаст болғысы келді ме, онда, сөз жоқ, біздің әдебиетіміздің таңдаулы фантаст-жазушысы боп шыға келер еді; бірақ ол фантаст болғысы келмеді. Дегенмен Сәбеңнің дарқан дарынына тен осы бір ерекшелік оның қаламынан туған дүниелердің әр жерінен арқашан атой сап, көрініл тұратын.
Жазушы қанша үлы болғанмен, оның қаламынан үнемі классикалық шығармалар туа бермейді. Дегенмен Сәбең өзінен кейінгі өскелең ұрпаққа қазақ әдебиетінің «Ботакөз», «Балуан Шолақ», «Адасқандар», «Сұлушаш», «Өмір мектебі», «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем» сияқты шоқтығы биік өлмес шығармалар қалдыра білді. Әрбір сүреткердің мандайына Сәбеңдікіндей зор да шынайы бақыт біте берсе, онда ешқайсымыздың тақиямызға тар келмес еді-ау.
Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ,
Жазушы, СССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты.
Нұрпейісов Ә. Елі мен егіз сүреткер //Лениншіл жас.-1980.- 6 маусым.-3 б.