Сәбит тойы – халық мерейі

Жарияланған Angela 11.02.2025 Жарияланымдар |

20—22 маусымда Петропавл қаласында және Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылында академик – жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 90 жыл толуы салтанатты атап өтіледі.
Халқымыздың ұлы тұлғаларының бір Сәбит Мұқановтың туғанына 90 жыл толу мерекесі ора сан алын. Одақтың кең қиырына, туған республиканың түкпір-түкпіріне қуанышты толқын таратып, салтанат қоңырауының сағаты күмбір-күмбір соғылуда Алматыда С, Мұқанов мерекесінің үлкен салтанатты жалау көтеріп, қазақ әдебиетінің шалқар теңізі аталған атақты жазушының құдіретті талантына тағзым етілді. Сөйтіп Сәбит тойы асқаралы Алатаудың бауырынан ақтарылған халық сүйіспеншілігінің даринсындай Қазақстанның дархан даласын шарлап кетті.
Сәбнт тойы! Бұл мерекені халық осылай атаи жүр. Қандай қарапайым, қандай қазыналы қайырма десеңізші. Сәбит деген есімнің өзіненақ алып тұлға, туған әдебиетіміздегі заңғар бейнесі көз алдымызға елестейді, бұл арада тіпті оның жарты ғасырдан аса туған әдебиетіне сіңірген есіл-дария еңбегін, түрлі-түрлі лауазым, атақтарын тізбелеп үйіп-төгудің де қажеті жоқ сияқты. Сәбит есімі бұл күнде халық жүрегіне мәңгі жатталып ұлы сөз зергері ретінде әдебиет тарихына алтын әріптер мен жазылды. Сондықтан да Сәбит тойы халық мерейіне айналып отыр.
Біздің Солтүетік Қаэақетак облысының асыл топьіра ғы таланттарға қандай жомарт еді. Сэбит Мұқанов, Ға. бит Мүсірепов, Иван Шухов сынды бәйтерек бейнеді альштарды жерлестеріміз деп мақтан етіп келеек, енді олардың ңатарына халқына қайтып оралған үлы аңын Мағжан Жұмабаев қосылды, Қазір облысымызда Мүқа. нов, Шухов, Жүмабаев творчествосына арналған әдеби күидер өткізу дәстүрге айналды. Осы дәстүрге Мүсіре. яов күндері де қосылмақшы» Бүл әяеби дәстүрлер облыс тың мәдени вміріне взгеше сүлу зерлі кестелер больга кіріккені де анық. Одардьщ әрқайсысы эрдайым әде биет мерекесіне айнальщ жүр.
Енді міне Сәбең тойы облыс өңірінде нұрлы толқын шашып, баршаның көкірегіне жылы сәуле төгіп тұр. Бұл тойға облыс орталығы, аудандар ауыл-селолар өзіндік әзірлікпен келді. Әсіресе Сәбит Мұқановтың туған жері Жамбыл ауданында, соның ішінде Сәбит Мұқанов атындағы совхозда, Сәбит ауылында той әзірлігі қызу қолға алынып, жан-жақты жүргізілді.
– Біздің жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 90 жыл толуы халық мерекесіне анналып отырғаны өте қуанышты,—деді Жамбыл аудандық партия комитетінің бірінші секретары Ш. С. Смағұлов.—Сәбең халықтың сүйікті жазушысы болды. Ол өмірінің соңғы жылдарын да бізге жиі келіп, жерлестерімен үнемі кездесіп тұрды, Оның арбір сапары ауданның мәдени өміріне ұдайы жаңалық әкелуші еді. Халық сүйікті жазушысының келуін ықыласпен тосын отыратын. Бүгіндері біз Сәбеңмен болған әрбір кездесулерді, әңгімелерді ерекше толғаныспен еске аламыз.
Жазушы тойына әзірлік қандай болды деген сауалға келер болсақ, алдымен Сәбит ауылының көрік-бейнесі көп өзгерін, көркейе түскенін айтуға болады. Әрине бұл арада ауыл тұрғындарының, Сәбеңнің жерлестерінің, ағайын туғандарының белсенділік көрсеткенін атаған орынды. Қазір ауылдың сәнді үйлері, жасыл желектері көз тартады. Ауыл өртасын жарып өтетін үлкен көше түгел асфальтталды. Сәбеңнің немере інісі Шәкен Мұстафиннің үйі қайтадан жаңартылды. Бұрын бұл үйді салуға Сәбең өзі көмектесіп, Шәкен екеуі осы жерге ақ қайыңдар еккен екен. Қазір сол қайындар тұрған аулада біраз құрылыс жаңартылды.
Ауылда С. Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйі комплексін салу үшін республикалық агроөнеркәсіп комитеті 200 мың, республикалық мәдениет жөніндегі тауға республикалық автомобиль жолдары министрлігі 200 мың сом қаржы бөлді, комитет 100 мың сом қаржы, ал ауылда көшені асфальт.
Қазіргі сәтте Сәбит ауылындағы әзірлік толық аяқталып, еліміздің тұкпір-тұкпірінен, астанамыз Алматыдан келетін қонақтарды қарсы алуға әзір тұр. Сәбит тойы әдебиет мерекесі, халықтар достығының беріктігін бейнелейтін мереке болады деп сенеміз.
– Сәбит Мұқановтың әдеби мемориалдық музей-үйі қазір облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылып отыр,—деді облыстық мәдениет жөніидегі комитеттің председателі В, П. Лапухин,—Республика қазір бұл музейге төрт қызметкердің штатын берді. Бөлім меңгерушісі, ғылыми қызметкер, бақылаушы, экскурсовод жұмыс істейтін болады. Бөлім меңгерушісінің жалақысы 200, ғылыми қызметкер—180 сом. Таяудағы күдерде бұл қызметтерге лайықты адамдар іріктеліп, олар жұмысқа кірісетін болады. Бұл күндері облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Н, Қ, Рахметов бастаған бір той қызметкерлер музей-үйді экспонаттармен жабдықтауды аяқтау үстінде. Олар ауыл адамдарымен жиын өткізіп, осыдан 50-60 жыл бұрын қазақ ауылында қолданған мүліктерді, Сәбиттің есіміне байланысты дүние мүліктерді жинастырды, сондай-ақ Алматы дағы музейден біраз нәрселерді алдырды. Музей-үй ауыл адамдарыныцң көңілінен шығады ғой деген ойдамыз.
– Музей-үйдің келешекте үлкен мәдени орталық болуын ойластырып біа оның жанынан тағы бір ғимарат салуды қолға алдық, – деді музей-үйдің авторы, аудан архитекторы С. Р. Жолаев. – Ақ кірпіштен салынған мансардалы үлкен үйдің бірінші қабатында зал болады, онда Сәбит Мұқановқа арналған әдеби оқуларды өткізуге мүмкіндік бар. Осы бірінші қабатта директордың кабинеті, ас бөлмесі, 5-6 кісіге арналған асхана орналасқан. Екінші қабатта 5-6 кісіге арналған 2 қонақ бөлме, көрме залы бар. Осы музей-үйін салуда «Севказреставрация» шеберханасының бастығы Владимир Петрович Аронов, ағаш шеберлері Анатолий Фидюков, Владимир Канаплицких, Виктор Кадубинский, Виктор Казаков, мастер Ольга Образцова біраз еңбек сіңіргенін айту керек. Сондай-ақ № 76 жылжымалы мехколоннаның тас қалау шылары В. П. Геккель, Қ. Мәмбетов, құрылысішылар Сұлтан және Руслан Ахметовтар, Аслан және Ахмет Қажымұратовар жақсы еңбек еуде.
Осы музей-үйді салуда біраз еңбек сіңіріп, құрылыстың басы-қасында болып жүрген бөлімшенің шаруашылық жөніндегі меңгерушісі, селолық Советтің депутаты Серік Мусин былай деді:
– Бүкіл ауылдың адамдары Сәбең тойына әзірліктің ойдағыдай болғанына қуанады. Әрине алғашқыда күдік алғанымыз да рас. Өйткені өсыдан 20 шақты күндей бұрын жұмыс қарқыны бізді қанағаттандырмаған еді. Бір ақ ол алаңдаушылығымыз бекер болған екен, бүкіл аудан басшылары, облыс басшылары осында күн сайын дерлік келіп, өз қамқорлықтарын жасап, істі жеделдетті. Оған ауыл адамдары разы. Қазір ауылымыз құлпырды, қөркейді деп айтуға болады. Сәбеңиің музей-үйін салысуға қариялар да, үй шаруасындағы әйелдер де ар аласты. Мәселен шошаланы салуға Сәлік Жұсыпов, Тортай Қалиев, Есілбай Кәкелеев, Кәрім Әбілов, Қажы ғали Құсайынов араласса, аудандық партия комнтетінің бірінші секретеры Ш. Смағұлов, аудандық атқару комитетінің председателі Қ. М. Помазан бастаған аудан актив истері музей-үйдің жаиындағы баққа 140 қарағай екті. Ауыл үйлерінің алдына жаңадан қарағай, қайын, тал егілді. Сөйтіп Сәбең ауылы жаңадан түлеп көркейді…


Сәбит тойы – халық мерейі // Есіл пернелері.-1990.-маусым.-1 б.

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».