Жазушы атындағы кітапханада

Жарияланған Angela 25.02.2025 Жарияланымдар |

Қазақтың белгілі жазушысы, қазақ, совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сәбит Мұқановтың есімі Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропвил қаласының еңбеккерлеріне ертеден бегілі. Өйткені ол Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Жамбыл ауданында туған. Мектепте оқыған көзі мен азамат балуы осында, Петроаавл қаласында қалыптасқан.
Петропавл қаласының тұрғындары өздерінің даңқты жерлесінің есімін әр умқытта да мақтаныш сезімммен атайды.
Сәбит Мұқанов біздің облыстың халы, ағарту саласын, мәдениеті мен экономикасын өркендету ісіне әр уақытта көмектесіп, қамқорлық көрсетіп отырды. Оған мысалды қазіргі өзіміздің С. Мұқанов есімімен аталатын кітапхананың өзінен келтіруге болады.
Петропавл қаласының өсіп, өркендеуіне байланысты бізде кітап оқырмандарының саны да көбейе түсті. Осыған орай облыс орталығында өскелең өмір талабына сай арнаулы үлгі-жобамен облыстық кітапхана үйін салу керек болды. Игі істің жүзеге асырылуына Сәбит Мұқанов тарапынан кезінде елеулі көмек көрсетілген еді.
Біздің сүйікті жазушымыз әрі жерлесіміз Сәбит Мұқановтың осыдан 10 жыл бұрын 70 жасқа толуы құрметіне оған қалалық партия комитетінің жене халық депутаттары Петропавл қалалық Советі атқару комитетінің шешімімен Петропавл қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың коллективі жазушының 80 жасқа толу юбилейін жан-жақты әзірлікпен қарсы алып, кеңінен атап өтті. Ең алдымен кітапхананың көрнекті жеріне жазушының Ленинград қаласында мрамордан жасалған бюстісі орнатылды.
Әзірлік жұмыстары «Тамаша талантты жазушы» – деген тақырыппен оның өмірі мен жазушылық қызметін баяндайтын көрме ұйымдастырудан басталды. Онда Сәбит Мұқановтың қазақ, орыс және еліміздегі басқа да халықтардын, тілдерінде басылған кітаптары қойылды.
Көрменің суреттерден тұратын бөлімінде жазушының облыстың колхоз, совхоздарында, Петропавл қаласының кәсіпорындарында жұмыс істейтін еңбек адамдары және мектеп оқушылары, оқу орындарының студенттерімен түскен суреттері қойылған. Олардың ішінде жазушының КПСС XXIII съезіне делегат болып қатысқан кезінде Кремльде Совет Одағының Маршалдары Г. К. Жуков, А. М. Васильевскийлермен түскен суреттері бар. Ал көрменің, үшінші бөліміне көрнекті жазушының облыстық, республикалық, орталық газет, журналдарда жарияланған мақалалары, публицистикалық шығармалары қойылды.
Кітапхана кызметкерлерінің қатысуымен Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-интернатында «Халық өмірінің жыршысы» деген тақырыпта жазушының өмірі мен творчеетвосына арналған қызақты әдеби кеш өткізілді. Онда мектеп-интернатта қазақ, тілі мен әдебиетінен сабақ, беретін М. Мырзатаева жазушының өмірі мен творчествосы жайында баяндама жасады.
Жазушының, туғанына 80 жыл толуына орай кітапханада С. Мұқановтың музей-бөлмесі ашылды. Онда жазушының өмірі мен творчестволық қызметін көрсететін материалдармен бірге оның шығармалары, өзі пайдаланған жазу құралдары, еңбек адамдарымен жазысқан хаттары, басқа да көптеген заттары бар. Ал Жамбыл ауданының Сәбит Мұқанов атындағы совхозында жазушының музейі ашылды. Музейді ұйымдастыру және жабдықтау ісіне облыстық кітапхана тарапынан көп көмек көрсетілді.
Алдағы уақытта облыстық, кітапхана алдында көрнекті жазушының мүсіні орнатылады.
Коммунист-жазушы Сәбит Мұқановтың 80 жасқа толуын облыстын, колхоз, совхоздары, мектептері мен оқу орындары кең көлемде атап өтуде.

В. КАШЕМИРОВА, Петропавл қаласындағы С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың директоры.


Кашемирова В. Жазушы атындағы кітапханада // Қазақстан мұғалім.-1980.-6 маусым.-3 б.

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».