Сәбит Мұқанов сыр шертеді

Жарияланған Angela 25.02.2025 Жарияланымдар |

1967 жылы Сәбенді Петропавл еңбекшілері Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат етіп ұсынған күндерде жазушы өзі қолқалап, мені сапарға бірге алып шығып еді. Сол жолдағы әңгімелердің арасында Сәбит Мұқановтың Мұхтар Әуезов жөнінде айтқан ой-толғаныстарынан азғана штрихтарды сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
– Соғыстан бұрын Леонид Сергеевич Соболев Алматыға келе қалды. – деді Сәбең тары бір әңгімесінде, – Мұхтармен бірге «Абай» трагедиясын жазысты. Қазақ поэзиясы антологиясын Москвада орысша шығаруға жәрдемдесті. Әуезов екеуміз атаңты жазушыны бір күні Жамбыл аулына алып бардық.
Үйіне, дәлірек айтсақ, өзінің жататын бөлмесіне кіріп келсек, алтын тәтеміз бір мәсісін киіп, екінші аяғының шұлғауын орап отыр окен. Мұхаң бірден тіл қатты:
– Мына кісі Мәскеуден келді. Сіздің жырлағаныңызды естиім дейді…
Жәкең сонда екінші мәсісін киместен:
– Домбырамды әперші,.. көрейін, – деп, өзі жырлаған «Манастың» нұсқасын заулата жөнелді.
Ақсақалымыз аса көңілді екен. Адамның қияпатына қарап, адамгершілігін тереңнен түйсінетіні – Жәкеңнің жақсы қасиеттерінің бірі.
Жылы жүзді, көрікті, тұлғалы, биязы мінезді Леонид біздің қарияға бірден ұнады білем, әлгіндей ықылас білдіруі біз күтпеген ілтипат. Жәкең тіпті әріге сілтеді: екі-үш сағаттай шырқады.
– Ойбай, Сәбит-ау, мынау сұмдьщ қой! «Манастың» бұл нұсқасын неге білмей жүргенбіз? – деді Мұхаң бір тұста.
Мұхтардың тілі жүйрік, Соболевке қолма-қол, жолма-жол аударып бергенде орыс жазушысының аузының суы құрып:
– Ағып тұрған поэзия ғой мынау! – дегені есімде.

* * *

– Ұлы Отан соғысы жылдарында, анығырақ айтсам 1943 жылы, халық ақындарының айтысы өтті. Оны ұйымдастырған, басқарған – Ғабит Мүсірепов. Барлық облыстан кәрі тарлан, жас айтқыштар келді. Бір күні қарағандылық Маясар мен семейлік Нұрлыбек айтысты. Маясар жаттандыға ұйірлеу, күні бұрын әзірлеп алғанын пысықтап, сонысынан танғысы келмейді білем, кең көсілмеді.
Нұрлыбек мәдениеттірек, сауаттырақ, алғырырақ, қарсыласын қуырып барады. Шашубай Маясар үшін шамданып, түксие қалды. Қолтығындағы сырнайды бұлғап-бұлғап өре түрегелді. Нұрлыбек тұра қашты:
– Жарамаймын бұл кісімен айтысқа, – деді. Мұнысында әрі үлкенді құрметтеу, әрі талантты сыйлау бар.
Шашубай шырқай жөнелді:
– Жылына үш түлеген ақ бүркітпін,
Сен түгіл, аюды да сан үркіттім», – деді. Мынау бейнелер бәріміз үшін тосын, тұтқиылдан табылған дүниедей… Өзгеміз түгілі Мұхаң (М. Әуезовті айтады – М. Ә.) шүбә келтірді.
– Ақ бүркіт дегенді, Сәбит, есгіген жоқпыз. Мына кісі ұйқас үшін келтірді-ау тегі, -деді, – Ақ иық деген бар. Ол бір басқа…
Екі-үш жылдән соң Томскіге барсам, хайуанәттар паркіне кірсем, ақтығы аппақ сүттей мұз мұхиты бүркітіне тап болдым. Шалғысы екі метрдей бар. Өтірік айтса, жаны шықсын, экскурсоводтардың сөзіне нансақ, әлгі ақ бүркіт аюға да түседі екен. Сібірден оралған соң осы естігендерімді Әуезовке де айтып едім:
– Шашекең жарайды, біз анада бекер-ақ шүбәланған екенбіз-ау ақ бүркіт хақында. Бірақ күдіктенбесең, күңгірт нәрселер анықталмай қала береді, – деп түйіндеді ойын Мұхаң.
– Осы халық ақындарын оншама оқымаған деп надан көретініміз бзкер-ау, Сәбе! – дедім мен сөзге араласып.
– Мәселе сонда! Ел акындары дегендеріңіз, шетінен бар ғой, өз тұсының тарихшысы, өз заманының білгіші боп келеді. Нағыз тілшілерің де осылар. Шашубай сол білгішгеріңнің мықтысы еді. Мысалы, Шашекеңнін мынадай өлеңі бар:
– Еңселігі екі елі,
Тақия сыймас шекелі.
– Шашеке! Еңсе не? – деп сұрадым. Мұхтар да құлағын түре қалды.
– Еңсе дегенің екі қастың арасы, – деп түсіндірді қария. Атты мақтағанда «құлағын біздей қадаған» дегені де әдемі ғой. «Қидасып кері жілікті!» – деп те бір күні айтып қалды. Сиырдың ғой асығы артқы аяғында болады. Жылқының артқы аяғында асық жоқ, соның орнына жылқыға бітетін тапанша сияқты сүйек бар. Соны «қидасып» дейді.
Мұны да қарт Шашекеңнің өзінен сұрап білдім.
– Байтебаның не екенін білесің бе?
– Естіген сөзім, әйтеуір қазақ тілінде бар ғой.
Сәбең ұғып ал дегендей, маған қарай бір табан сырғи түсіп, түсіндіре бастады.
– Осы сөздің мән-мағынасын тілші-ғалымдарымыздан – Ісмегтен де, Ғайниденнен де, Мәуленнен де сұрадым. Ешқайсысы түптеп бере алмады.
Біздің Күмісай деген шешеміз болды. Жетім кезімде апама барам деп, жолға жиналдым. Сонда шешеміз келініне:
– Аяғына бәйтабаны кигізе ғой, – деді.
Қойдың жабағысынан істелген киім, жүн жағы ішінде, қақ жағын сыртына қаратқан. Күн суыта бастаған кезде осы байтаба ауылда көп сөз болатын…
Крокодилдің қазақшасы – қолтырау екенін (мәселен ел жырындағы: «Қолтыраудай танаулы, саптыйяқтай ерінді, сарымсақтай аяулы»), жирафтың қазақшасы – керік екенін Сәбит Мұқанов, сол Алматы – Қызылжар сапарында айтып беpiп еді. Қазір осы өкі атау аудармада анда-санда шаң көрстіп жүр.
Бұл да С. Мұқанов тірілткен сөздер. Тілдік ізденісте де Сәбит Мұқанов өзінің ұлы тұстасы Мұхаңнан үйрене жүре, көп шаруа тындырғандығы.

 

* * *

1967 жылы қыста Петропавлға барған күні түстен кейін қалалық атқару комитетінің құрметті азаматтарға диплом тапсыруға арналған сессиясы болуға тиісті екен. Депутаттыққа ұсынылған жазушыға нөкер боп бара жатқан соң маған да ең кем дегенде бір сөз тиерін білгем. Бірақ үйде бірауыз сөз жазуға, С. Мұқанов жайында жаңа материалдар, ой толғаныстар іздестіруге мұршам болмады.
Уақыттың тар құрсауы қысқанда ышқындырып-ақ жібереді. Мен сондықтан да таңғы төртте поездан түсіп, қонақ үйге жайғасқанмен көзімді іле алмадым. Ұйқы жоғын сезгем соң Сәбит Мұқановтың қазақ мәдениеті тарихындағы орны туралы он-он бес минуттық сөзді орысша жазуға кірістім.
Сағат онның шамасында есігін қақсам, ағамыз ояныпты, бірақ тұрмапты.
– Әй, товарищ, сен қалай ерте ояндың? – деді.
– Иә, ерте ояндым. Сізге бір сөз оқып берсем, қайтеді? Шамасы он екі-он үш мкнуттай.
– Оқы.
Мен оқып болғанда Сәбең:
– Дұрыс! – деді. – Орысшаң біраз бар екен. Ұйықтамаған екенсің, ә?..
Түстен кейін сессия басталды.
Мен бесінші боп сөз сөйлеп шықтым. Қасымда отырған облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Әнуарбек Шманов:
– Ну старик, қалай қаймық-падыңыз! Көніліне келмей ме? Сөзді Әуезовтен бастағаныңыз қалай? – деп жатыр.
– Мен өзіне оқып бергем әуелі. Ризалығын білдіргендей болған. Жалпы соңғы кезде ағасының алыптығын ауыз екі әңгіме үстінде айрықша атап жүрген жайы бар бұл кісінің.
– Ә, солай ма?..
Сөзімнің бастамасында қазақ халқының тіл өнеріне көзқарасын, өлең сөзге деген философиясын күнделікті тәжірибедегі мысалдармен тиянақтай келіп Мұхтар Әуезовтің классикалық мағынадағы профессионал әдебиетте дуние жүзіне танылуы – өскен ел қазаққа берілген мақтанышы мандатындай деген пікірге ьіраз аялдағаным барды.
Содан кейін Сәбит Мұқанов еңбектеріне бойлағанмын. Әнуарбектің «Ол қалай?» деуі содан.
Шытырлақтардың бірі болса; «Сен өзің кімге еріп келдің, кімнің шашбауын көтеруге тиісті едің, мынауың мені көтергенің бе, қорлағаның ба?» – деген тәрізді бірдеңелерді қоқсытар еді-ау, ә?
Жоқ Сәбең ләм-мим демеді. Өз ұлылығы өзіне жетіп жатса, өйтпегенде қайтеді?!..
***
– Жазушы Галина Серебрякованың төрінде Карл Маркс пен Сәкен Сейфуллиннің портреттері ілуі тұр, – деп, Сәбит ағамыз революционер ақын, қазақ совет әдебиетінің серкесі жайындағы ұзақ әңгімеге кошіп кетті.
– Сәбе, Сейфулпин Сәкен хақында бір кітаптық дүниеңіз басыңызда жүр ғой өзі, – деп едім.
– Рас, М. Әуезов турасында да бір кітап пісулі, – деді С Мұқанов.

М. ӘЛІМБАЕВ.


Әлімбаев М. Сәбит Мұқанов сыр шертеді // Қаазақстан мұғалімі.-1980.-6 маусым.- 3 б.

 

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».