Зор талантқа халық құрметі

Жарияланған Angela 08.06.2021 Жаңалықтар |

С. Мұқанов атындағы облыстық кітапханада академик-жазушы Сәбит Мұқановтың музей-бөлмесі ашылды.

Облысымыздың мәдени өміріндегі елеулі оқиға даңқты жерлесіміз, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 80 жыл толуы салтанаты кезеңінде жазушы есімімен аталатын кітапханада Сәбит Мұқановтың музей-бөлмесінің ашылуы үлкен қуаныш болды. Осы салтанат рәсімін облыстық мәдениет басқармасының бастығы Е. Т. Жолболдин қысқаша сөз сөйлеп ашты. Музей бөлменің салтанатты ашылу Ары қарай оқу …

Иван Шуховқа деген сүйіспеншілік пен ризашылық сезімі

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Республика жұртшылығы белгілі Қазақстан жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Кермек шеп», «Өшпенділік», «Қоңырау», «Отан» атты тамаша романдардың, «Преснов парақтары» жинағының, көптеген повестер мен әңгімелердің авторы Иван Шуховтың туғанына 90 жыл толуын кеңінен атап өтті. Өзінің сарқылмас шығармашылығымен және белсенді қоғамдық қызметімен ол заманымыздың ең батыл әдебиетшісі, Жоғары азаматтық қасиеттер иесі ретінде беделге бөленді.

Әдеби оқулар, Шухов күндері, Ары қарай оқу …

 “Сәбең деген-қазақтын кең даласы…”

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Қызылжарда

Петропавл — ресми аты. Сәбеңше айтсақ, «Қызылжар, қымбат қалам, біткенше өмір, ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап» дегендей  бұл өңірдің қазақтары да осылай атайды. Қызылжар Сәбитпен қоса Мағжанның да, Ғабиттің де туған жері. Осынау атақты үш суреткердің рухы бұл қалаға талай-талай игі жақсылардың табанын тигізді. Неше мәрте келтірді. Тебірентті. Толқытты.

13-маусым күні Сәбит Мұқановтың мерейтойына орай жазба Ары қарай оқу …

Сәбит Мұқанов туралы сөз

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы, ақын, драматург, қоғам қайраткері, академик Сәбит Мұқановтың есімі ХХ ғасырдағы әдебиет әлемінің көрнекті тұлғалары қатарында құрметпен аталады. 

Сәбит Мұқановтың балалық шағы Солтүстік Қазақстан облысының Есіл өңірінде өтті. Жастық шағында Омбыдағы мұғалімдер курсында, Орынбордағы жұмысшылар факультетінде, Мәскеудің қызыл профессура институтында білім алған. 

Бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы (1936-1937, 1943-1951), Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі (1958-1969), Араб елдерімен Достық Ары қарай оқу …

Сәбит Мұқанов

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Сәбит Мұқанов

Көп жыл әдебиет оқып, қаламгерлердің өздерімен араласта болып, кітапқұмар халықтың көңіл күйін аңғара жүріп, мен Сәбит Мұқановтай есімі елге кең жайылған жазушыны естіген емеспін. Бала кезімізден Сәбиттің өлеңдерін жаттап өстік, «Сұлушаш», «Жұмбақ жалау» («Ботакөз»), «Балуан Шолақ», «Менің мектептерім» («Өмір мектебі»), «Сырдария» романдарын оқумен әдеби сауатымызды аштық.

Солар арқылы өзіміз көрмеген, көрсек те дәл сондай сезінбеген Ары қарай оқу …

Copyright © 2020-2024 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».