Иван Шуховқа деген сүйіспеншілік пен ризашылық сезімі

Жарияланған Angela 08.06.2021 Сын |

Республика жұртшылығы белгілі Қазақстан жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Кермек шеп», «Өшпенділік», «Қоңырау», «Отан» атты тамаша романдардың, «Преснов парақтары» жинағының, көптеген повестер мен әңгімелердің авторы Иван Шуховтың туғанына 90 жыл толуын кеңінен атап өтті. Өзінің сарқылмас шығармашылығымен және белсенді қоғамдық қызметімен ол заманымыздың ең батыл әдебиетшісі, Жоғары азаматтық қасиеттер иесі ретінде беделге бөленді.

Әдеби оқулар, Шухов күндері, шығармалар көрмелері, қаламдастармен кездесулер мен сөз сөйлеулер, өнер шеберлерінің концерттері сияқты мерейтойлық шаралар үлкен сөз зергерінін туған жері — Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданыңда өтті. Жазушының мерейтойына арналған салтанатты жиналыс сол шаралардың соңғы қорытындысына айналды. Ол қыркүйектің 20-сында Алматыда, М. Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрына өтті.

Оны Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы Нұрлан Оразалин ашып, жүргізіп отырды.

Вице-премьер, Мемлекеттік мерейтойлық комиссияның төрағасы Иманғали Тасмағамбетов жиналғандарға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол И.Шухов шығармашылығының Қазақстан әдебиетін дамытудағы айрықша маңызын атап өтті.

И. Шуховтың қиын өмірлік және шығармашылық жолы туралы оның шәкірттерінің бірц қазіргі белгілі әдебиетші Сәтімжан Санбаев, жақындосы, Қазақстанның халық жазушысы Дмитрий Снегин, Қазақстанның халық жазушылары Д. Әбілов, X. Ерғалиев, ақын В. Антонов және басқалар асқан ықыласпен, тебірене әңгімелеп берді. Жерлестері атынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Майра Қанапина сөз сөйледі.

Біздің көптеген жазушыларымыз бен ақындарымыз үшін И. Шухов қамқор аға да, мейірбан өке де, сонымен қатар талапшыл тәлімгер де бола білді. 60-70 жылдары «Простор» журналының бас редакторы болып жүріп, ол жаңадан қалам тарта бастаған әдебиетшілерге жолды батыл түрде ашты, айтар ойы бар адамдарды көтермелеп, қолдады. Сондай-ақ Қазақстан оқушысын сол кезде есімдері аталмай, қудалауға түскен Осип Мандельштамның, Павел Васильевтін, Марина Цветаеваның, Борис Пастернактың, Андрей Платоновтың жаңа шы-ғармаларымен таныстырды. Соның арқасында «Простор» журналын бұрынғы Одақтың барлық түкпір-түкпірінде кенінен танитын болды. Ол қуғын-сүргінге ұшыраған, бірақ сол кезде әлі ақталмаған Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін елімізде бірінші болып жариялауды қолга алды. Ол осы әрекеті үшін өзіне қандай қатер төңіп тұрғанын жақсы сезінді де.

Сөз сөйлегендердің атап өткеніндей, Иван Шуховқа тән онын қайшылықтарға толы өмірге деген соны көзқарасы, ерлігі мен азаматтық кемелділігінің ізі қазіргі Қазақстан жазушылары мен ақындарының көптеген еңбектерінде айқын сайрап жатыр. Ал оның шығармалары отандастарының әлі де талай ұрпақтарына қызғылықты болады, деді олар сеніммен.

Салтанатты жиналысқа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А. Қ. Бижанов қатысты.


//Егемен Қазақстан. – 1996 ж. – № 184.

Copyright © 2020-2024 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».