ЖарияланғанAngela:
Бір үзік сыр
Сәбеңнің атын да, затын да жақсы білген қазақтардың бірімін десем, сәл артықтау да айтқан болармын, бірақ, осылай дегім келеді.
Осы күнгі Мұқан Төлебаев пен Калинин көшесінің қиылысындағы үйлерде тұрып жиырма жылдай көрші болдық. Қазір де көз алдымда: Жас кезім болатын. Сәбең көшемен жүріп келе жатып кездескен бүлдіршіндердің бәрінің басынан сипар еді. Олар да ерекше ықыласпен Сәбеңе еркелейтін. Солардың бірі мен едім. Алматы көркемсурет училищесінде оқып жүргенімде А. Черкасский дейтін ұстазым болды. Ол кісі Сәбеңмен достық қарым-қатынаста еді. Бірде ол ағаның портретін жазып жүргенін байқап қалып, өзімде де бір құштарлық, пайда болды. Сөйтіп бұл талабымды жылы қарсы алған А. Черкасский Сәбеңмен таныстырды. Сонда «айналайын, қазақ қыздары да суретші бола бастаған ба!» деп ризалығын білдірген еді.
Кейінірек Сәбеңнің «Ботакөз» романы бойынша фильм түсірілді. Алдында Ботакөз роліне көптеген қыздар шақырылды. Солардың бірі мен едім. Бағым жанған шығар. Өзім де күні бүгінге дейін мақтаныш сезімдемін. Бір күні Сәбең кезіге қалып: «қызым, осы сені қайдан көрдім?» дөді. Мен сурет училищесінде оқып жүріп танысқанымды айтып едім, «ой, әлгі суретші қызым екенсің ғой» деп мәз болып қалды. «Ботакөз» фильмі біткен соң, «көзі бақырайып осы қызым жақсы ойнады» деген аталық жылы лебізі де есімде.
Кейін де кезіге қалса: «қалқам, не істеп жүрсің?» деп айналып-толғанар еді. Бірде «аға, сіздің портретіңізді салғым келеді» деп едім. «Қарағым, сырқаттанып жүр едім» деді. Соған қарамастан шеберханама төрт-бес мәрте келіп, жарты сағаттан отырып кетіп жүрді. Сөйтіп мен Сәбең портретін жазып шықтым. Соңғы бір кездескенінде «Гуля, саған арнап сценарий жазам» деген еді. Алайда, қайран аға, бұл ойына жете алмады.
Гүлфайрус ИСМАИЛОВА,
Қазақ ССР-нің еңбек
сіңірген өнер қайраткері.
Исмаилова Г. Бір үзік сыр // Қазақ әдебиеті.-1980.-6 маусым.-2 б.
Көзге ыстық сурет
Айта берсе әңгімеге сыймайтын, тере берсе қылығы таусылмас, жүрген жері думан, отырған жері ойын-күлкі, көргені көп, білімі шексіз, өнебойы толып тұрған өнеге мен үлгі болып келетін кісілер болар. Солардың бірі кеше ғана арамызда жүрген, бүгін жоқ, бірақ, ел аузынан түспей, ұрпақтан ұрпақка кетіп, ақырында тіпті ертегіге айналатын ерекше жаратылған жандардың бірі Сәбит Мұқанов ағай еді. Ары қарай оқу …
Октябрь перзенті
Сәбит Мұқановты бүкіл Одақ көлемінің хаяқы түгел біледі. Өйткені, Сәбит Мұқанов өз тұрғыластары Михаил Шолохов, Александр Фадеев, Александр Корнейчук, Янка Купала, Ғафур Ғұлам, Берді Кербабаев, Ғалымжан Ибрагимов, Аалы Тоқомбаев тәрізді тек өз ұлтының өз жұртының ғана емес, бүкіл Ұлы Отанымыздың, советік мемлекетіміздің мақтанышына айналған жазушы.
Ақын, прозаик, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым, белгілі қоғам қайраткері, академик Сәбит Ары қарай оқу …
Академик атындағы кітапхана
1973 жылдың қысында Петропавл қаласында әсем ғимараттардың бірі – облыстық кітапхананың жаңа үйі пайдалануға берілді. Оның ашылуы салтанатты жағдайда өтті: оған академик-жазушы, даңқын жерлесіміз Сәбит Мұқанов қатысты. Бұл Сәбеңнің туған жеріне соңғы рет келуі екен: бір-екі айдан сон сүйікті жазушымыз қайтыс болды. Бірақ оның жарқын бейнесі, жылы лебізі – бәр-бәрі кітапхана коллективінің мәңгі есінде қалды. Ары қарай оқу …
Кітапханада кітап қана ма?

Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы үшін биылғы жыл бір ғасырлық мүшелтойы аталып өтпек жерлес жазушымыз Сәбит Мұқановтың девизімен басталды. Және сонымен аяқталатын да болар. Өйткені кезінде осы кітапхананың салынуына Сәбең көп еңбек сіңірді. Азды-көп беделін алдына салып, сол ғимараттың бой көтеруі үшін берісі Қазақстан, әрісі одақтық Министрлер кеңесіне өзі де талай барды, талай хаттар да жазды. Ары қарай оқу …