Сәбит Мұқановтың 125 жылдығы: Жамбыл ауданында республикалық деңгейдегі айтулы шара өтті

Жарияланған Angela 18.06.2025 Жаңалықтар |

Этноауыл, ұлттық спорт, қолөнер жәрмеңкесі мен ақындар айтысы – ұлы жазушының рухына арналған мазмұнды мерейтой

Сәбит Мұқановтың 125 жылдығы: Жамбыл ауданында республикалық деңгейдегі айтулы шара өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Преснов ауылында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері және қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған кең көлемдегі мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Этноауыл аумағында өңір тарихы мен мәдениетіне із қалдырған тұлғаларға – Сәбит Мұқанов, Қожаберген жырау, Иван Шухов, Ғабит Мүсірепов және Сафуан Шаймерденовке арналған атаулы киіз үйлер тігілді. Әрбір киіз үй – халықтың тұрмыс-тіршілігі мен рухани болмысының көрінісі.

Мерекелік бағдарламада ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, асық ату мен тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды. «Жас қыран» кешенінде қазақша күрестен жарыстар өтті.

Мерекенің шарықтау шегі – «Сөз зергері – Сәбит» республикалық ақындар айтысы болды. Елдің әр түкпірінен жиналған суырыпсалма ақындар Сәбит Мұқановтың мұрасы мен қазақ халқының рухын жырға қосты.

Айтыс қорытындысы:

Бас жүлде және «Алтын домбыра – 2025» айтысына жолдаманы Жарқын Жұпархан алды.

1 орын — Мақсат Ақанов пен Мұхтар Ниязов

2 орын — Өміржан Көпбосын

3 орын — Әсем Ережеқызы, Жұлдыз Қожабекова, Дәурен Ақсақалов

Арнайы жүлделер — Шұғайып Сезімхан, Батыржан Кәдірбай, Ерлан Дәулет, Бөкен Жігер, Ермек Жүмиін

Қазақтың бір дәуірі

Жарияланған Angela 18.06.2025 Жаңалықтар |

Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иеленген облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойыіі, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызылжарлықтарды қазақ әдебиетін шоқтығы биік туындыларымен байытқан айтулы тұлғанын мерейтойымен құтгықтады. Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қаламгердің қазақ руханиятындағы орнына тоқталып, оның шығармалары халықтың қазынасына айналғанын айтгы. Кейін жазушының қызы Жанна Мұқановаға құрмет көрсетіліп, қамзол кигізілді.

(С.Мұқановтың 125 жылдығына орай өткен шаралар тура.лы толығырақ, газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).


Диас Аяған. Қазақтың бір дәуірі // Солтүстік Қазақстан.- 2025.- 17 маусым.- 1 б.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай республикалық айтыс өтті

Жарияланған Angela 17.06.2025 Санатталмаған |
СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай республикалық айтыс өтті

Қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы

Пресновка ауылында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Сөз зергері – Сәбит» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Бұл поэзиялық сайыс сөз өнерінің хас шебері, қазақ әдебиетінің алтын қорына есімі алтын әріптермен жазылған қаламгердің 125 жылдығына арналды.

Сәбит Мұқанов – жай ғана жазушы емес. Ол – академик, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, қазақ прозасының іргетасын қалаған тұлғалардың бірі. Оның «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» атты естелік трилогиясы бірнеше буынның дүниетанымын қалыптастырды. Жамбыл ауданында дүниеге келген ол туған даласының үнін бүкіл Кеңес Одағының оқырмандарына жеткізе білді. Сондықтан дәл осы жерде, оның туған өлкесінде, ұлы есімге лайық рухани іс-шара өтті.

Айтысты Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасов салтанатты түрде ашты. Ол Сәбит Мұқановтың бұл өлкемен тығыз байланысты екенін ерекше атап өтті.

«Сәбит Мұқанов – Жамбыл ауданының төл перзенті. Біз бұған әрдайым мақтанамыз. Оның әдеби мұрасы – тек тарих қана емес, халықтың жанын, рухын бейнелейтін асыл қазына. Бүгінгі айтыс – сол мұраның жалғасы, сөздің әлі де қоғамды біріктіретін, шабыттандыратын, дәуір үнін жеткізетін күш екенін дәлелдеп отыр», – деді Азамат Бектасов.

Бүгінде айтыс еліміздің рухани өмірінің маңызды бөлігіне айналып келеді, ал партия оның дамуына тұрақты түрде қолдау көрсетіп отыр. Биыл бұл Солтүстік Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының қолдауымен өткізілген үшінші айтыс. Аудандық мәдениет үйінің сахнасы бұл күні нағыз сөз алаңына айналды – 11 облыстан келген 12 дарынды ақын үздік атану үшін бақ сынады.

Поэзия кешін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жүргізді. Қазылар алқасының төрағасы – Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың және «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамында Жанарбек Әшімжан, Қойлыбай Асанов, Серік Қалиев және Дәстен Баймұқанов сынды сөз өнерінің майталмандары болды.

Айтыс – тек суырыпсалма өнер жарысы ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар мен дәуірлер үнін тоғыстырған терең мағыналы рухани сұхбатқа айналды. Көрермендер бұл өнерден тіл мен ұлттың, дәстүр мен заманауи өмірдің, сабақтастық пен сананың өзекті тақырыптарын қозғаған әсерлі де өткір жырларды тыңдады.

Тартысты әрі әсерлі өткен жыр додасының нәтижесінде бас жүлдені солтүстікқазақстандық Жарқын Жұпархан жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланған Angela 17.06.2025 Жаңалықтар |

 

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланған Angela 16.06.2025 Жаңалықтар |
Петропавлда Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында жазушының өмірбаяны мен еңбек жолы жайлы кеңінен айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жиынға арнайы құттықтау хат жолдаған. Оны бас қосу барысында өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

 

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

 

«Сәбит Мұқанов — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Шығармалары әлемдік деңгейде кеңінен танылған. Ұлы тұлғаның есімі ешқашан ұмытылмайды. Ғылыми-тәжірибелік конференцияда өзекті мәселелер көтеріледі деп ойлаймын», — деп жазылған Мемлекет басшысының хатында.

Шараға қатысқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жазушының өңір үшін орны бөлек екенін жеткізді. «Тау тұлғаның есімі ешқашан ұмытылмайды. Жерлестері оны әрдайым құрмет тұтады.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Ұлы тұлғаның мерейтойы — еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі. Облысымызда айтулы датаға орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Әр шараны жоғары деңгейде өткізуге бар күшімізді саламыз», — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Сәбит Мұқанов — сегіз қырлы, бір сырлы жан. Тума талант. Көзін көргендердің айтуынша, дархандығы даладай, көңілі жас баладай азамат болған. Кенже қызы Жанна Мұқанова әкесін ардақтап жатқан теріскей халқына алғысы шексіз.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Әкеміз жұмыс істеп жатқан кезде біз мүлдем шуламайтынбыз. Тіпті, үніміз де шықпайтын. Әкемнің жүзі жылы болып көрінгенімен сөзі сүйектен өтетін. Оның айтқан ақылы — біз үшін баға жетпес байлық», деді Сәбит Мұқановтың қызы.

Сәбит Мұқанов сегіз жасында тұл жетім қалған. Ол еңбекке ерте араласты. Қой да, жылқы да бақты. Жоқшылықтан көз ашпады. Бірақ, білімге деген құштарлығы бір сәтке де басылған емес. Басқосуға арнайы келген Күләш Ахмет Сәбит Мұқановты 30 жыл бойы зерттеген екен.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Сәбит — сан қырлы тұлға. Сан қырлылығы соншалық кейбір мұрасы реттеліп те, зерттеліп те болған жоқ. Жазушылардың ішінде Сәбит Мұқановтан көп оқырманы бар адам жоқ. Менің ойымша, СҚО-дағы бір ауданға атақты тұлғаның аты берілуі керек», — дейді филология ғылымдарының докторы.

Айта кету керек, ертең нар тұлғаның кіндік қаны тамған аймақ Жамбыл ауданында мерейтойға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».