Сәбит Мұқановтың 125 жылдығы: Жамбыл ауданында республикалық деңгейдегі айтулы шара өтті

Жарияланған Angela 18.06.2025 Жаңалықтар |

Этноауыл, ұлттық спорт, қолөнер жәрмеңкесі мен ақындар айтысы – ұлы жазушының рухына арналған мазмұнды мерейтой

Сәбит Мұқановтың 125 жылдығы: Жамбыл ауданында республикалық деңгейдегі айтулы шара өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының Преснов ауылында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері және қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған кең көлемдегі мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Этноауыл аумағында өңір тарихы мен мәдениетіне із қалдырған тұлғаларға – Сәбит Мұқанов, Қожаберген жырау, Иван Шухов, Ғабит Мүсірепов және Сафуан Шаймерденовке арналған атаулы киіз үйлер тігілді. Әрбір киіз үй – халықтың тұрмыс-тіршілігі мен рухани болмысының көрінісі.

Мерекелік бағдарламада ұлттық қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, асық ату мен тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды. «Жас қыран» кешенінде қазақша күрестен жарыстар өтті.

Мерекенің шарықтау шегі – «Сөз зергері – Сәбит» республикалық ақындар айтысы болды. Елдің әр түкпірінен жиналған суырыпсалма ақындар Сәбит Мұқановтың мұрасы мен қазақ халқының рухын жырға қосты.

Айтыс қорытындысы:

Бас жүлде және «Алтын домбыра – 2025» айтысына жолдаманы Жарқын Жұпархан алды.

1 орын — Мақсат Ақанов пен Мұхтар Ниязов

2 орын — Өміржан Көпбосын

3 орын — Әсем Ережеқызы, Жұлдыз Қожабекова, Дәурен Ақсақалов

Арнайы жүлделер — Шұғайып Сезімхан, Батыржан Кәдірбай, Ерлан Дәулет, Бөкен Жігер, Ермек Жүмиін

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».