Сәбит Мұқанов – айтыс зерттеушісі
Біз Сәбит Мұқановты көп жағдайда қаламынан «қазақ әдебиетінің алтын қорына» енген небір көркем дүниелер, кестелі шығармалар тудырған классик жазуіиы ретінде танимыз. Қаламгердің халық ауыз әдебиетінің ішіндегі айтыс өнеріне ерекше назар аударғаны айтылмай қалып жатады.
Жазушының 1939 жылы жарық көрген «Айтыс және ақын» атты көлемді мақаласы кейін 1941 жылы «Айтыс» жинағының I томына кіріспе болып Ары қарай оқу …
Сәбең жолы жарқырап жатыр
«…Менің әке-шешемнің бейіті жатқан өлкеге тұрғың өлдің қойған аты – Жаманшұбар» деп бастайды да, Сәбең бұл атаудың тарихын түсіндіреді: «Жаман» деген сөз түсінікті. Ал «Шұбар» деп біздің елде жазық далаға бытырай өскен жас ағаштарды айтады». Түсінікті болса да, қалайша жаман деп аталуын жазушы былай пайымдаған. «Көшпелі ауылдардың әдеті – жаз жайлаған жерлерін күз ел көшкен Ары қарай оқу …
Заманының заңғары
(Соңы. Басы өткен сандарда).
Мәриям шешеймен және оның баласы Марат Сәбитұлымен бұдан кейін де талай кездестім. Ұмытпасам, 1975 жылдың маусым айы болатын. Сәбең де, Ғабең де туған жерге негізінен осы айда келетін. Өйткені, бұл кезде диқандар егіндерін салып болады, пішен дайындауға уақыт ертерек. Сондықтан халықтың қолы босырақ, шаруаларына бөгет болмайды. Мәриям шешей қыздарымен ұшақпен келді. Ары қарай оқу …
Заманының заңғары
Қазіргі Жамбыл ауданына қарасты бірбіріне таяқтастам жерде орналасқан Ақбалық, Қарақамыс, Октябрь, Жаңажол, Нұрымбет, Жалтырша, Сәбит ауылдары тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанға дейін бірде жеке-жеке, бірде ірілендіру мақсатымен тұтас кеңшар болып өмір сүріп келді. Осыған байланысты бұл елді мекендердегі мектептердің де дәрежесі өзгеріп отырды. Мысалы, кеңшар орталығы Жаңажолға ауысқанда қазіргі Қарақамыс ауылындағы ағаш мектеп бұзылып, Ары қарай оқу …
Заманының заңғары
(Басы өткен санда).
Сәбең партия қатарынан шығарылып, қызметтен шеттетілген кезде шиеттей төрт балаға тамақ тауып беру, отбасын асырау қиынға соқса да «аққа құдай жақ» деп бір Алладан ғана жәрдем күткен, ауыртпалыққа мойымай, тіпті Сәбеңе пальто тіктірмек болған матаға дейін сатып күн көрген. Айта берсең, Сәбеңнің отбасында мұндай қиындықтар аз болмаған-ау.
Осы таныстықтан кейін маған Сәбит Ары қарай оқу …