ЖарияланғанAngela:
Сәбит Мұқанов: Тұлға, дәуір, мұра.
Сәбит Мұқанов: Тұлға, дәуір, мұра. Петропавлда Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Қасым-Жомарт Кемелұлы жиынға арнайы құттықтау хат жолдаған. Оны басқосу барысында Мәлік Нұржанұлы оқып берді.
Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Биыл қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толды. Ешқашан аты өшпейтін тұлғаның мерейтойы жер-жерде кең көлемде аталып өтілуде. Бүгін қоғам қайраткерінің Петропавлдағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жиынға Сәбеңнің қос қарлығашы, яғни, қызы Жанна мен немересі Найля қатысты. Шарада елге танымал зиялы қауым өкілдері де бой көрсетті.
С. Мұқановтың 125 жылдығына арналған республикалық конференция
Мұқанов мұрасы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәбит Мұқанов тағылымы» деген атаумен Мұқанов оқулары өтті.
Шараның ашылуында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі Нұрхан Салауатов қаламгердің «Мен кіммін деп мақтанам?» атты өлеңін оқыды. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманжол Зағыпардың арнауы әсерлі шықты. Ары қарай оқу …
«Сәбит Мұқанов тағылымы»

2025 жылдың 25 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сәбит Мұқанов тағылымы» атты Мұқанов оқулары өтті.
Іс-шараға белгілі ғалымдар, жазушылар, журналистер, мұқановтанушылар, Сәбит Мұқановтың туыстары, жерлестері, «Аманат» партиясы Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдері, мұғалімдер, мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, оқушылар Ары қарай оқу …