ЖарияланғанAngela:

Қазақтың бір дәуірі

Жарияланған Angela 18.06.2025 Жаңалықтар |

Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иеленген облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойыіі, руханият ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызылжарлықтарды қазақ әдебиетін шоқтығы биік туындыларымен байытқан айтулы тұлғанын мерейтойымен құтгықтады. Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қаламгердің қазақ руханиятындағы орнына тоқталып, оның шығармалары халықтың қазынасына айналғанын айтгы. Кейін жазушының қызы Жанна Мұқановаға құрмет көрсетіліп, қамзол кигізілді.

(С.Мұқановтың 125 жылдығына орай өткен шаралар тура.лы толығырақ, газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар).


Диас Аяған. Қазақтың бір дәуірі // Солтүстік Қазақстан.- 2025.- 17 маусым.- 1 б.

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай республикалық айтыс өтті

Жарияланған Angela 17.06.2025 Санатталмаған |

Қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы

Пресновка ауылында «AMANAT» партиясының қолдауымен «Сөз зергері – Сәбит» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Бұл поэзиялық сайыс сөз өнерінің хас шебері, қазақ әдебиетінің алтын қорына есімі алтын әріптермен жазылған қаламгердің 125 жылдығына арналды.

Сәбит Мұқанов – жай ғана жазушы емес. Ол – академик, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы, қазақ прозасының іргетасын қалаған тұлғалардың бірі. Оның «Ботагөз», «Сырдария» романдары мен «Өмір мектебі» атты естелік трилогиясы бірнеше буынның дүниетанымын қалыптастырды. Жамбыл ауданында дүниеге келген Ары қарай оқу …

Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланған Angela 17.06.2025 Жаңалықтар |

 

СҚО-да Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жарияланған Angela 16.06.2025 Жаңалықтар |

Петропавлда Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиында жазушының өмірбаяны мен еңбек жолы жайлы кеңінен айтылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жиынға арнайы құттықтау хат жолдаған. Оны бас қосу барысында өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді.

 

 

«Сәбит Мұқанов — қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. Шығармалары әлемдік Ары қарай оқу …

Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл

Жарияланған Angela 16.06.2025 Жаңалықтар |

 

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».