ЖарияланғанAngela:
Мұқанов оқулары

Қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың 125 жылдығына орай облыс орталығында дәстүрлі Мұқанов оқулары өтті. Сәбең – тарихи тұлға. Ол – жоғары бағаланған еңбектердің, өлеңдердің авторы. Қаламгердің туындылары жер-жерде оқылады.
Шежіре-ғұмыр

1967 жыл. Қаңтар айының алғашқы күндері КазГУ-дың үлкен акт залында елге әйгілі Сәбит Мұқановпен кездесу болды. Ертегідей шаһарды да, аңыз жазушыны да алғаш рет көргенім. Сәбең әзіл-оспаққа жүйрік, айтқыш ойнақы сөйлейді екен. Аудиторияны өз уысында ұстап, қызықты шығармашылық ойларымен бөлісті.
Есімде қалғаны: он алты томдық тандамалы шығармаларым шықпақшы, «Госплан» терлейді» дегені бар. Әсіресе Шоқан Уәлиханов Ары қарай оқу …
Қаламгердің көзіндей

Жамбыл ауданындағы Сәбит ауьшында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражай өңіріміздің киелі жерлерінің картасына енген. 35 жыл ішінде мұражайдағы жәдігерлерді Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ак алыс-жақын шетелден келген мыңдаған мейман тамашалады.
Музейге айналған ғимаратты 1959 жылы Сәбит Мұқановтың өзі мен оның немере ағасы Ш.Мұстафин Благовещенка ауылындағы бұрынғы ауыл көпесінің ағаштан тұрғызылған үйінен құрастырып, салған. 180 шаршы метрді Ары қарай оқу …
Құлағымда қоңыр дауысы
Алматыдағы Сәбит Мұқановтың әдеби-музей үйіне кіріп барған бетте магнитофонға жазылып алынған әйгілі жазушының майда қоңыр даусы құлаққа шалынған сайын сол бір әсерлі сәттер әп-сәтте көз алдыңа келіп, көңіл күйіңді еріксіз толқытар еді.
Қазақ радиосының редакторы ретінде қадірмен жазушы Сәбит Мұқановпен бір мәселеге байланысты сөйлесуіме тура келді. Оған сол кездегі әдебиет бөлімінің бастығы, марқұм Әнуарбек Дүйсенбиевтін сөзі Ары қарай оқу …
С. Мұқановтың мемориалдық мұражай-бөлмесіне Онлайн-экскурсия

Бүгін облыстық кітапхананың тікелей эфирінде Сәбит Мұқановтың мемориалдық мұражай-бөлмесіне онлайн-экскурсия өтті. Мемориалдық мұражай бөлмесі 1980 жылы ашылып, бірте-бірте Алматы қаласындағы С.Мұқанов мұражайының экспонаттарымен толықты, оларды туыстары, сондай-ақ оқырмандар сыйға тартты. Сәбит Мұқановтың қыздары әкесінің Отанына барып, бізге облыстық кітапханаға жиі келеді.