Сәбит Мұқановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Жарияланған Angela 16.06.2025 Санатталмаған | ∞
Биыл қазақтың ұлы жазушысы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толды. Ешқашан аты өшпейтін тұлғаның мерейтойы жер-жерде кең көлемде аталып өтілуде. Бүгін қоғам қайраткерінің Петропавлдағы ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жиынға Сәбеңнің қос қарлығашы, яғни, қызы Жанна мен немересі Найля қатысты. Шарада елге танымал зиялы қауым өкілдері де бой көрсетті.