Адасқандар

Опубликован Angela от 04.06.2021 в Книги |

Аққан жұлдыз: Роман. 2-ші кітап

Опубликован Angela от 04.06.2021 в Книги |

Өзіне сәулесін шашқан елін сүйіп өткен

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

  » Бұл дниеде елін, жерін шынайы  сүйіп өткен Сәбеңнің өмірі бүгінгі  тәуелсіз еліміздің барша халқына үлгі болсын». Нурсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Үстіміздегі жылы академик-жазушы Сәбит Мұқаповтың туғанына -110 жыл. Даңқты жерлесіміз Сәбит Мұқанов «Сөз  өнері — дертпен тең» деген екен кезінде. Сәбит атамыздың сөзін ұрпағы ұмытпайды. Сәбит дегенде тебіреніп, жұректі  баурап аларлықтай әсер сезім қалдырған ақын шығармаларын оқығанда көңілің шарықтай лаулап кетеді. Ізгіліктің шын тұлпары — Сәбит атамыз өмір өрінен қызғылықты орын алып, халқын, өзіне сәулесін, нұрын шашқан елін, жерін жырлап өтгі.

  Сәбит Мұқанов — суреткерлік талантымен де, азаматтық қырымен де, жеткен  бақытымен де, шеккен азабымен де, алған атағымен де өз халқымен, ұлттық руханиятымызбен ешкім ешқашан ажыратпастай ерен тұлға. Сондықтан да Сәбеңнің өмірі, ізгі істері біздерге, келешек ұрпаққа үлкен үлгі. Сәбеңнің өмірі әр уақытта ұлы ізденістерге толы өтаен ғасырда, тынымсыз ізденіс пен күрес үстінде еңбек еткен, өз заманының құдіретін де, қасіретін де, жетістігін де, кемістігін де қаз-қалпыпда қағазға түсіріп кеткен.

    Сөнау 1954 жылы қазақ жеріне тың игерушілер қоныс аудара бастағанда білім беру саласында да үлкен бетбұрыс байқалды. Шағын ауылдар   ірілендіру, «орталықтандыру» саясатымен үлкен кеңшарларға біріктіріліп, шоғырландырылды. Бұкіл елге аян, қазақ мектептері  жанпай жабылып, кеңшар орталықтарында орыс мектептері көптеп ашылды. Сол жылдары Сәбеңнің өз ауылында шағын бастауыш мектепке де жабылып қалу қаупі төнді. Сонда ардақты атамыз Сәбит Мұқанов өз қаражатымен сегіз жылдық мектеп үйін салғызып, бес сынып  ашты. Ауылда сегіз жылдық мектеп ашылғанымен, ол мектептің әр жылдары жабылып қалу қаупі тоқтамады. Сан түрлі сылтаулар әр жылда табылып тұрды. Соның бірі оқушы санының аздығы болса, кеңшар басшылары көлденең шығып, «орталықтағы орыс мектебінің әр сыныбына үш-төрт баладан қосып жіберсе болмай ма, жас бала орыс тілін тез үйренеді. Келешегі бар балаға орыстілін білу қажет», — деді. Бірақ атамыз Алматыда тұрса да, мектебінің  жайынан толық хабардар болып, қазақ балаларын өз ана тілінен айырмаудың жолында табан тіреген қайсарлығын танытты. Өзінің жеке кітапханасынан екі жүзге тарта әдеби кітаптарды ауылға сыйға тартып, мектепте тұңғыш рет кітапхана ашылып, шкафтар кітапқа толтырылды. Әр кітапқа өзінің қолтаңбасы мен жеке мөрі басылған еді. Мектеп директорлары — «Өмір мектебіндегі» Сәбит Мұқановтың мұғалімі, Шайынның күйеу баласы Әбдіреш Дүйсенбин, Әнуарбек Әубәкіров, Махмет Қожахметов, Мәкен Қалиев, Жеңіс Молдахме-тов, Тұрсымбек Бралин, Гүлнара Нұрахметова, Сапура Кәленова, міне, осы кісілерді алсақ, олар «Өмір мектебінің» кітабындағы кейіпкерлердің балалары, немерелері және келіндері саналады.

  Еліміз егемендік алғаннан кейін заман өзгерді, қазақ мектептері, қазақ балабақшалары қайтадан ашыла бастады. Қайталап айтсақ, Сәбит атамыз қиын-қыстау кезде текке шырылдамаған екен, армакы орындалады.

  «Сәбит қолына қалам ұстамаса отыра алмайтын. Бір күні әлдене шаруалар килігіп, қағазға қарай алмай, жазу үстеліне отыра алмай қалса, қабағы түсіп, ренжіп жүріп алатын. Бір күн уақытымның текке кеткені-ай, еш нәрсе жаза алмадым деп күйінетін» деп еске ала жазған Мәриям апай. Міне, Сәбит атамыз өзінің әрбір санаулы уақытын ұтымды пайдалана, кейінгі ұрпақ біздерғе үлгі-өнеге қалдыра білгендігін осыдан-ақ көруге болмай ма? Қаншама томдар жазып қалдырған, ол үшін осының бәрі көп ізденіс, көп білім, ой-толғаныстардың нәтижесі емес пе?

Орынбор рабфағында оқып жүрген кезінде Сәбең ел ішінен бір топ жегім балаларды жинап, Қызылжар мен Орынбордың жетімдер үйіне орналастырған екен. Солардың бірі — Хакім Бекішев. «Жас өспей ме, жарлы баймай ма?» дейді ғой атамыз қазақ. Сол жетім бала оқып, білім алып, қан майданға қатысып, әртүрлі әскери қызметтер атқарды. Ал кейін, яғни запастағы подполковник Сәбит Мұқанов мұражайының алғашқы директоры болды.

«… Алпысыншы жылдар шамасы ғой деймін. Бір күні таңертең қоңырау шылдырлады. Ертелетіп жүрген жолаушы ма деи есікті ашып жіберіп едім, екі аяғы тізеден жоғары кесілген, домаланған шөркедей бір жігіт. Бет әлпеті келісті қазақ: » Сәбит Мұқановтың үйі ме? » -деді. «Иә, шырағым, жүр. төрлет», — деп  ішке шақырдым. Сол кезде Сәбит те: «О кім, Мәке», — деп кабинетінен шыға келді. Сәл аңтарылып қалды да: «Мәке, шайынды қамда, қонақ келді ғой», — деп бәйек болды. Жігіт қысылыңқырап әңгімесін бастады:

— Аға, университетте оқушы едім. Лекцияға қатынап жүрген қоларбамды біреулер ұрлап кетті. Енді сабаққа баруым қиындан қалды. Басқа амалым қалмаған соң сізге келдім. Үш мың сом қарыз берсеңіз. Мүгедектерге арналған машина алсам ба деп едім. Қарызыңызды кейін қайтарамын», — деді.

  Сәбит жігітгің әңгімесін мұқият тыңдап: «Мәке, бері келші.Мына  балаға комек берейін», — деп әлгі жерде ойланбастан танымайтын адамға үш мың сом бергізді.

  Арада біраз уақыт өтті. Бір күні үйге әп-әдемі орыс келіншегі келіп түр. Сөмкесінен ақша шығарып: «Күйеуім сіздерден қарызға ақша алған екен. Көп рахмет. Машина алдық, оқуын да бітірді», — деді («Менің Сәбитім» кітабынан).

  Міне, осы жағдайдьң өзі Сәбит Мұқановтың кішіпейіл, «Кемтар көрсең, көмегінді аяма» дегендей, қандай жан болғанын аңғартпай ма? Ал Сәбеңнің 1969 жылы  ҚазПИ-дегі бір жиылыста (қазіргі  ҚазМПУ) бұрынғы білім министрі  Щербаковқа: «Ұлттық мектеп — кез келген халықтың, ұлттық мәдениетінің қайнар көзі. Мектеп — тілдің, әдебиет пен баспасөздің, өнердің көптеген тұрлерінің, тіпті, ақыр-аяғында, ұлттың ұлт болып сақталуының негізі», -деп қарсы сөйлеген сөзінен оның ұлтжанды екенін көресің.

  2000 жылы ІОНЕСКО аясында аталған  Сәбит атамыздың туғанына жүз жыл  толу тойы қарсаңында көптеген шаралар  атқарылды. Сөйтіп, Абай мен Мұхтардан кейін қазақ елін, оның әдебиетін бар әлемге танытқан «кәдімгі» Сәбит Мұқановтың есімі тағы бір паш етіліп, зор  мақтанышпен аталды. Ал бұл бізге Сәбеңді ұлгі тұтын, болашақ ұрпақты өз елін, дінін, тілін сүюге тәрбиелеуде зор  міндет жүктей береді.    

  Аудан орталығынан қырық-елу шақырымдай жерде орналасқан біздің Сәбит ауылы атамыздың жүз жылдық тойы  қарсаңында біраз көркейіп, көтеріліп қалды. Аз уақытта жаңа мектеп салынды. Сәбит атамыздың мұражай үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. Дүбірлі тойға Президент Нүрсұлтан Назарбаевтың өзі бас болып, ірі-ірі ғалымдар, атақты жазушылар, мемлекет қайраткерлері келді. Елбасы жаңа мектептің салтанатты ашылуы сәтінде: «Бұл  дүниеде елін, жерін шынайы сүйіп өткен  Сәбеңнің өмірі бүгінгі тәуелсіз еліміздің  барша халқына үлгі болсын», — деп жүрекжарды сөзін жиналған жұртшылыққа жеткізді.

  Сол күн, сол сәттер мен үшің ұмытылмайды. Себебі, сол жолы Елбасымен амандасу, оның қолыңан Сәбит атамыздың атымен аталатын мектептің кілтін алу… Тағдыр маған осындай қуанышты бұйыртқан екен. Мен сол жылдары аталған мектепте директорлық қызмет атқарған едім.

Тұрсынбек Бралин Новокаменка орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Қызылжар ауданы.


Солтүстік Қазақстан.- 2010 жыл.- 22 сәуір.- 8 бет.

Қызылжарын қастерлеген Сәбит еді

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

  Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуы қарсаңында

Ұлы адамдар жайлы естелік жазу өте жоғары жауапкершілікті қажет ететінін біле тұра, өзім аса құрмет тұтатын алып тұлға, жерлес жазушы-академик Сәбит Мұқанов жайлы қағаз бетіне үзік сыр түсірмеу кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені, марқұм Сә-бит ағаның сыр алысар, ой бөлісер жан аямас досы, не болмаса туысы болмасам да, соңау Алматыдан туып-өскен атамекені -Есіл өңіріне келе қалғанда ұлы жазушы ағаның қасында болып, балалық, інілік ізет көрсеткенім, ұлағатты әңгімесін, келелі кеңесін тыңдағаным шындық.

  Ұмытпасам, 1967 жылдың маусымында Қызылжарға жерлес жазушы С. Мұқанов келді. Қасында сапарлас серіктері де бар. Бірі — көрнекті ақын ағамыз Мұзафар Әлімбаев, ал екіншісі — өзіміздің, облысымыздың айтыс ақыны, әнші, домбырашы Игібай Әлібаев. Сәбит ағаның Солтүстік Қазақстан облысына әдейі ат басын тіреуінде, менің түсінігімше, екі себеп бар. Біріншісі — жылдағы әдеті бойынша туған жеріне келіп, өзімен бірге өскен жора-жолдастарымен, ағайын-туғандарымен және оқырмандарымен қауышу. Жазушының бұл сапарының тағы бір мәні бар. Қызылжарлықтар оны Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа кандидат етіп ұсынған болатык Кандидат пен сайлаушылардың кездесу рәсімі де болуға тиісті еді.

  Кешкі сағат 17. «Заря» кинотеатрының залы да әжептәуір кең екен Жиналған халықтан ине шаншар жер жоқ десе болғандай, отырар орын болмағандар түрегеліп тұр. Жиналғандардың бәрі де атақты жазушы-академик Сәбит Мұқановты көреміз, сөзін тыңдаймыз деген ниетте. Мойындарын соза түсіп, тыныштала қалған. Шыбынның ызыңы естілетіндей. Осы тыныштықты жазушының тамағын кеней шыққан жіңішкелеу даусы бөліп жіберді. Сәбит аға көп сөйлеген жоқ. Бірақ, керісінше, сайлаушылар жағынан өз кандидаттарына беріп жатқан аманаттары молырақ сияқты. Қаланың мәдениет, әлеуметтік жағдайы қашаннан оңбай келе жатқан емес пе?! Сөйлеушілер бірінен соң бірі шығып, өз ойлары мен тілек-талаптарын жіпке тізгендей айтып жатыр.

С. Мұқанов сахна төріндегі қызыл матамен жабылған столдың тура орта тұсында кең маңдайы жарқырап, қапсағай мол денесімен халыққа қарай ұмтыла түсіп, бар бейілімен, жан-тәнімен елдің сөзін ынтыға тыңдап отыр.

  Кездесу аяқталды, жұрт тарай бастады. Сәбит аға да есіктен шығып барады екең мені көрді де: «Қарағым, рахмет, екі тілде жақсы сөйледің, ана машинаға отыр, бірге барамыз», — деді есік пен төрдей ұзын қара «ЗИЛ-ді» нұсқап. Ағаның жанында облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Л. П. Орлова бар екен. Біз отырған машина қонақүйге қарай бет алды. Ал оған жету үшін алдымен ойдан тауға қарай кетерілуіміз керек, биіктігі де әжептәуір. «Ойқаланың» бұрылыс-қиылыс көшелерінен өткеннен кейін біз мінген «ЗИЛ» өрге қарай бет алды. Асфальт жолдың оң қанатында нағыз өрге шығар, таудың ұшар басында тұрған қос қабатты тас үй жақты қолымен нұсқап, Сәбит аға маған «Сен мынау үйді білесің бе?», -деді. «Ел — жұрттан естігенім болмаса…», -деп мұрынымның астымен міңгірледім. Білмеймін деуді де ұят санап, білемін дегенді айтудан қорқып отыр едім, Сәбит аға бар денесімен маған қарай бұрылып: «Бұл жерде Абылайдың ақ үйі тұрған», — деп, ол үйдің тарихынан қысқаша анықтама беріп тастады. Сендер — журналистер туған жердің, елдің тарихын жақсы білгендерің дұрыс болады» -деп қойды жазушы. «Аға, біз Абылай ханның атын атауға қорқамыз ғой, батылымыз жетпейді», — дедім ағымнан жарылып. Ол кісі енді бұл жерге келмейді, қорықпа», — деп мырс-мырс күліп алды да: Абылайдың тарихта болғаны рас, қазақ халқының ханы болғаны, Қызылжарда аз-кем тұрғаны шындық, айналайын».

  Қонақүйге келсек, Сәбит ағаның бөлмесінде Игібай Әлібаев, Мұзафар Әлімбаев, Уақит Темірбеков және Мәлгаждар Әуелбеков отыр екен. Сәбит аға есіктен кіре бергенде Игібай ақын үкілі домбырасын бебеулетіп жіберді де, өзінің асқақ даусына басты дерсің. Ақын термелеп жөнелді. Отырғандар әншіні қолдап, қолпаштап жатыр. Игібай ақынның мұнысы Сәбит Мұқановқа көрсетіп отырған қошеметі, бір жағынан әзіл сияқты көрінді маған. Кейіннен байқағаным, Игібай ақын Сәбит ағамен қалжыңдаса да береді екен Әзіл-қалжыңдары да әдемі, өте жарасып тұратынын да көрдім.

  Иекең Біржан салдың көкке өрлеген қанатты әнін де, Ақан серінің мұңды әуенін де, Үкілі Ыбырайдың сырлы жырын да шырқады.  Сәбит аға ақын даусы шарықтай көте-рілгенде: О-о-о-деген-деп Иекеңді қолтықтап, көтермелеп қояды. Сөйтіп, тамаша, рахат қушағына енгендей, әнді қумарта тыңдайды.

  -Аға, ертең кешке телевизиядан сейлуіңіз керек екен Басшыларымыз бен цензура қызметкерлері сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін сұрайды, — дедім. — Не туралы айтады екен дейтін шығар, — деп қойдым тағы да.

  -Қарағым-ау, мен не айтады дейсің. Құдай аузыма не салады, соны айтамын да, — деді сылқылдай күліп жазушы.

  Сәбит аға Петропавл телевизия студиясына белгіленген уақытта келді. Қасында жоғарыда айтылған жолсеріктері бар.

  Меймандармен телевизиялық хабарды мен жүргізіп отырмың

  -Мен осы советтік құрылыстың Қазақстандағы бар жетістіктерінің тірі куәсімік. Партиялық қызметте де, советтік қызметте де көп болдым. Мәдениет саласында да ұзақ жылдар жемісті еңбек еттім, — деп көрермендерді бірден баурап әкетті.

  -Мен революцияға сауатсыз келген адаммын ғой. Содан «әліпбиді» Совет өкіметінің алғашқы жылдарында таныдым орта білім алдым, университетте оқыдым. Қызыл профессураны бітірдім, академик атандым.

  Ал енді жазушылық жағына келген уақытта мен сол 1917 жылы хат таныған соңақ өлеңге кірістім, әр жанрда жазып келдім. Көп кітаптарым баспалардан шықты.

  Жерлес жазушы өзінің шығармашылығы жайлы айта келіп, жалпы Қазақстан жазушыларының бүгінгі қол жеткен табыстарын тілге тиек етті. Өзі айтқандай, оның қолында бір парақ қағаз да болған жоқ. Көпшілікке айтарын көкірегіне бұрын-ақ жазып алғандай. Енді сол жазып алғандарын іркіліссіз төгіп отыр, төгіп отыр, тоқтаусыз, ағыл-тегіл ақтаруда. Жазушының туған халқына айтарының мол болғаны қандай ғажап!

  -Француздың атақты жазушысы О. Бальзак алпыс роман жазып қалдырған кісі. Менің Бальзактан да көп роман жазуға мүмкіндігім бар, болашақта жазатын кі-таптарыма пайдалануға жинаған материалдарым көп. Денсаулығым жақсы, тоқсан жас жасауды ойластырып жүрмін, — деп еді Сәбит аға қалжыңға басып.

  -Мен Совет Одағының түкпір-түкпірін аралаған адамының бірімік Сонымен қатар, біздің өкімет шетелдерге баруға да жағдай жасады. Соған орай дүниежүзінің біраз елдерін аралап көрген жазушымык Мысалы, Цейлонға барып қайтқан соң «Адам атаның шоқысы» дейтін кітап жаздым. Қытайға барып, сонда Ұйғыр автономиялы районы деп аталатын өңірде түратын қазақ, ұйғыр жазушыларымен таныстым. Мен онда Шоқан Уәлиханов аралаған алты шаһардың бәрін де араладым, көрдім. Осы сапарымнан кейін «Жұпархан» дейтін поэма жаздым.

  Шындығында, С.Мұқановтың жаңа кітаптары жыл сайын бірінен соң бірі кітап дүкендеріне түсіп жататык Оқырман қауым сол тұста жапатармағай «Аққан жұлдызды» құмарта оқып жүрген. Жұрт Сәбит ағаның әлі талай шығармалар беретініне сенетін еді. Октябрь деп аталатын жаңалық лебімен Қызылжар өңірінде болған өзгерістер, азаттық, бостандық жолында ақ бандалардан қапыда мерт болған күрескерлер жайлы Сәбит аға облыс көрермендерінің жүрегіне жеткізді.

  -Қайран Баймағамбет, жанып тұрған жалын еді-ау! — деп ақын Ізтөлинді есіне түсірді.

  -Бандиттер Қызылжар революционерлерін атып қана қоймай, олардың денелерін балталап, қылышпен кескілеген ғой. Кескі-леніп, туралған денелердің кімдікі екенін айыру мүмкін болмағаннан бәрін бір жерге жерлеуге тура келді. Тек Баймағамбеттің денесін үстіне киген қызыл ала ішкі киімінен ғана айырдық. Ол бір ауыр кезең еді ғой, киім де тапшы болатын. Баймағамбеттің ішкі киімдерінің қызыл ала шыттан тігілуі сол жоқтықтан еді, — деді Сәбит аға. — Ізтөлин де сіздердің телестудияларыңның жанындағы бауырластар қабірінде жерленген, — дел ақынның өлмес жырын оқып берді.

  -Қызылжарда Хафиз Базарбаев деген жігіт болды, — деп Сәбит аға қапамызда комсомол ячейкасын алғаш ұйымдастырушылардың бірі туралы әңгімелеп кететін Ол өзі қаланың төңірегіндегі былғары зауытының жүмысшысы Базарбайдың отбасында туғак Февраль революиясы болған жылы Хафиз он үш жаста еді. Сол жасына қарамай Қызылжарда ұйымдасқан Совдеп ісіне араласып, белсенділік көрсеткен. Қызылжар большевиктерінен үлкен саяси тәрбие алған. Осындай комсомолдық қызу істе жүрген Хафизді 1921 жылдың басында кулактар мен байлар ат құйрығына байлап сүйретіп, азаптап өлтірген Қызылжарда Х. Базарбаев атымен аталған көше бар. Хафиз өлтірілгенмен, оның бостандық жолындағы ерлік ісі жас ұрпақтың есінде мәңгі сақталатынына сенемің,- деді Сәбитаға.

— Біз өскен семьямыз. Менің төрт ұлым бар, төртеуі де жоғары білімді, төртеуі де маман, екі қызым бар, екеуі де жоғары білімді, күйеулзрі де жоғары білімді. Соның бәрінен көрген менің он бір немерем бар. Мен семьямның барлық мүшелерін құрмет тұтамын, сондықтан болар, олар да мені барынша қадірлейді. Осылайша тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар, деген Сәбит Мұқанов.

  Есімі елімізге мәлім, әйгілі ақын Мұзафар Әлімбаев академик-жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайлы, оның совет әдебиетіндегі орны туралы кеңінен сөз еткен еді.

  Әнші-ақын Игібай Әлібаев туған елге арнаған өлеңдерін домбырамен орындап берді. Әнші Үкілі Ыбырайдың, Біржанның әндерін де шырқады. Сөйтіп, Сәбит ағаны да, керермен көпшілікті де екі өнерпаз риза еткен.

1960 жылдары ақын Мағжан Жұмабаев туралы ел ішінде әңгіме көп болатын да, оның халық жауы деген жаладан ақталуын күтетін Хабар аяқталғаннан кейінгі өзара әңгіме арасында мен Сәбит ағадан Мағжан ақын туралы сыр тарттым.Ол кісі осындай сұрақтың болатынын білгендей, еш бөгеліссіз: «Мағжан оза туған ақын еді, күшті ақын болатын», — деп ақынның «Гүлсім ханымға» деген өлеңін біреу естіп қалмасын деген кісіше, қарлығыңқыраған жіңішке даусымен ақырын жатқа оқып берді. — Міне, төгіліп тұр емес пе! Оның өлеңдері де, поэмалары да осындай, -деп қойды маған жымия қарап.

  Сәбит Мүқановтың қарапайымдылығы, жоғары адамгершілігі, ақын-жазушыларға қамқорлығы және ол кісінің қызық-қызық мінездері жайында талай-талай естеліктер жазылары анық.

  Ұмытпасам, 1967 жылы ғой деймің Есім Шайкин ағамыз ардақты Сәбеңді құрметті мейманы етпекші екен Есім аға ол кезде Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген. Сәбеңмен болған телесұхбаттан кейін жазушы ағаңмен біздің дастарқанда бірге бол деп қолқалап, мені де ала кетті. Сәбеңнің көлігіне ілесіп жүрген машиналар да көп. Қызылжар өңіріндегі әнші, домбырашы, айтыс ақындары, қысқасы, өзім танитын өнер адамдарының дені осында көрінеді. Біз қарағайлы, қайыңды орманның ішіндегі үлкен үйдің алдына келіп тоқтадық. Жуырда ғана салынған ғимараттың ішінен қарағайдың тамаша жұпар иісі аңқып тұр. Қазақтың байырғы дәстүрі бойынша ас та ішіліп, ән де шырқалып жатыр. Құрметті Сәбит аға төрде отыр. Жай отырған жоқ, отырған жерін думандатып, әзіл әңгімелерін де айтып, шетелдерде көрген, білгендерінен де сыр шертеді. Айтыскер ақын, әнші Кеңес Тынымбаевтың даусынан бір кішкене қырылды байқап қалған Сәбең: «Мүтәллап, мына Кеңестің тамағында бір жетім қақырықтың тұрғанын қарашы! Алдыңдағы коньяктан Кеңестің рөмкесіне толтырың-қырап құйып жіберші», деді. Ағаның тапсырысын орындап, әнші де көңілденіп қалып еді.

  Сәбеңнің әзілқой, тосыннан ойнақы сөз таба қоятын қасиетіне қайран болған едік сонда. Осы жиында облыстан, ауданнан келген қызметкер орыс әйелдері болды.

  Жазушы аға бір кезде дастарқан ортасындағы табақты өзіне қарай жақындатып алды да, отырғандарға ет асата бастады. Мұндай қазақтың дәстүрінен хабары жоқ орыстың келішіектері: «О, жир», — деп шыж-быж болып жатса, Сәбит аға: «Нет, это не жир, сразу в кровь идет», — деп етті асататын әлгілерге. Сәбеңнің қолын қағуға дәрмендері жоқ. Жұрт қыран-топан күліп, мәз болып қалатын.

  Сәбеңнің қамқорлығы да бар еді. 1972 жылдың көктемінде Солтүстік Қазақстан облысына, өзінің туған еліне келгенде теледидардан сөйлеп, былай деген еді: «Мынау туған жердің топырағы, суы адамды тарта береді. Мен ең алғаш осы Петропавл уезі, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысынан оқу іздеп, басқа жаққа аттанғаныма биыл елу жыл. Сол елу жылдың ішінде қандай ауыр жылдар болса да, жылына бір келіп кетпеген жылым болған жоқ. Биыл да келіп қалдым. Оның бірталай себептері бар. Бірінші, туған жерді керу, суынан, дәмінен тату, сонымен бірге осы облыстағы Сергеев ауданында тұратын қазақ совет әдебиетінің көрнекті ақын-дарының бірі Ғалым Малдыбаевтың 70 жасқа толуына байланысты жасаған тойына келдім. «Той дегенде қу бас домалайды» деген қазақтың сөзі бар. Ғалым бірге өсіп, біте қайнаған, менен аздап кішілігі бар, бір жағынан сырқаттау, отырып қалған адам. Соның көңілін көтеріп, әрі халықпен, жерлес бауырлармен, туған жермен дидарласуға келіп қалдым».

Міне, осыдан-ақ Сәбеңнің дос-жолдас-тарына деген қамқор көңілі, сүйіспеншілігі керініп түрған жоқ па!

  Солтүстік Қазақстан облысы еңбекшілерінің әрбір игі қадамдарына қуанып, ынта-назарын ел жаққа салып жүретін.

  Қазақ әдебиетінің қалыптасуын, өркендеуін Сәбит Мұқановсыз ұғыну, түсіну мүмкін емес.

  Сәбит ағаға деген ыстық ықыластан, сағыныштан туған өлеңім бар еді. Сол өлеңімді де келтіре кетуді жөн көріп отырмын.

Есілдің өзің өскен атырабы,

Құлпырып нудың жырлап жапырағы.

Қырдағы Қызылжарың сағынды ма,

«Сәбе!»,-деп көшелері шақырады.

Сен жүрген құба жон да жатыр әлі,

Бұрқылдап күлгің қара топырағы.

 Сағынып талай барған Тың теңізің

Сылдыр-сылдыр «Сәбе!», — деп шақырады.

Толқынды толқын қуып жапырады,

«Дос» неге бұлай суын сапырады?

Дөңінде «Түлкіойнақтың» жел суылдап,

«Сәбе!»,- деп сызылтып ән шақырады.

Кеше бар, бүгінде ол жоқ. Осы арасын

Тірліктің қалай ғана қош аласың?

Туған жер ұлын жоқтап толғанғанда,

Жүрегің сыздап, көзге жас аласың.

Сәбең Тимирязев ауданының аумағындағы Дос көлінің төңірегінде дүниеге келгені мәлім. Осыған орай аталмыш ауданға Қызылжардың даңқты перзенті, академик-жазушы Сәбит Мұқанов есімін беретін кез жетті деп ойлаймын.

Мүтәллап Қанғожин, ақын


// Солтүстік Қазақстан. — 2010. — 1 қантар. — 9 бет.

Қазақтың сүйікті перзенті

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

 

Кәкімбек Салықов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрмет азаматы.

Қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан  Жазушылар одағының іргетасын қалағандардың бірі және осы одақты екі мәрте басқарған, әдебиет әлемінің үздік  ұйымдастырушысы, халқымыздың сүйікті перзенті, академик Сәбит Мұқановтың туғанына үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде 110 жыл толады. Жасынан ел аузындағы батырлар жырын, қиссадастандарды жаттап, мақамдап айтып жаттыққан, Шал ақын, Орынбай, Арыстан, Шөже, Сегіз сері, Нияз сері, Мұстафа сері, Үкілі Ыбырай, Біржан сал Ақан серінің өлеңдерін сүйсініп тыңдап, жадына берік қондырған жас в Сәбит көркемсөзге ана сүтінен кейінгі  екінші азығындай ынтық болып, ерте  қанықты. 14-15 жасында ол өлең-жырды суырып салуға талаптанса, терең ойлап қағазға түсіріп, өлең жазуға  да машықтанды, «ақын бала»атанды.       Сәбең әу бастан не айтса да, не туралы жазса да, өмірден өзі көрген ащы-тұщы әрекеттерді айдан анық бұлжытпай түсіруге әдеттенді. Батыл тілмен ашық айтып, әр сөзін атқан оқтай дәл тигізіп, шырылдаған шындықты аша білуге талаптанды. Міне, осы алғыр мінез, қайтпас қайсарлық жазушының негізгі ұстанымы, шығармашылық кредосына айналды. Өсіп-жетіп әйгілі жазушы атанған кезінде де, арыстаннан қаймықпас, жолбарыстан шайлықпас турашылдығы, елге аян көрнекті қоғам қайраткері етті. Елім деп еңіреп туған Махамбеттей өткір тілді айбыны, сұңғыла сөзі жазушының есімін ұлтының сүйкімдісіне айналдырды. Сол беделіне лайықты сапамен өмір сырын аша түсетін шығармаларын толықтыруға жалықпады.

  Қазақ әдебиетінің даму жолындағы алтын қазықтай ардагер майталманы Сәбит Мұқанұлы Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданына қарасты бүгінгі Сәбит ауылында 1900 жылы 22 сәуірде дүниеге келді. Сәбеңнің негізгі атажұрты әйгілі Жаманшұбар екені елге мәлім. Ауыл молдасынан ол хат тануға жетсе, 1918-1919 жылдары Омбыдағы оқытушылар дайындайтын курсқа аттануға бел байлады. Қазан төңкерісі жеңіске жетіп, елде әртүрлі  құйындай құбылып жатқан саяси топтар қаулады. Жас Сәбит сол кезде Мағжан Жұмабаевпен танысып,  өлеңдерін көрсетіп, жақсы бағыт алды. Мағжанның дәрістеріне қатынаса жүріп, оның көмекшілік қызметке шақыруын құрметпен орындады. Оқуын бітіргеннен кейін ауылында оқытушылық құрды. 1921-1922 жылдары әртүрлі шаруашылық қызметтерінде болып, елдің жүдеу тұрмысына жаны аши түсті. «Жаман бергенін айтады, жақсы көргенін айтады» дегендей, көзі көрген көріністердің сұрқын бұзбай қағазға түсіріп, елге жеткізіп отырды. 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультеті) түсіп, оны 1929 жылы тамамдады. 1926-1928 жылдары баспасөз органдарында қызмет істеп, республикалық «Еңбекшіл қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі болды, Қазақстан мемлекеттік баспасының бас редакторлық қызметін атқарды. 1928 жылы Ленинград университетіне оқуға түсіп, отбасы жағдайына байланысты аз ғана уақыт оқығаннан кейін Қызылжарға келіп, «Кеңес ауылы» газетінің бас редакторы және Жазушылар бөлімінің жетекшілігін атқарды. 1932 жылы Мәскеудегі қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне оқуға түсіп, оны 1935жылы аяқтады.

   Оқудағы жылдары, әсіресе, Мәскеу кезеңі Сәбеңе үлкен сабақ болып, жас қаламгердің шабытының шалқуына жемісті әсерін тигізді. Горькиймең Маяковскиймен кездесті, көптеген қаламдас  достар тапты. Кейінде жазған «Өмір мектебі» атты деректі романы Горькийдің шығармаларына ұқсап, ал «Майға сәлем» атты өлеңі Маяковскийше ырғақпен ел құлағын елең еткізді. Мектепте жүргенде сахнада сол өлеңді оқығаным есімде.

  Мәскеуде институтта жүргенде жазған өлеңдері мен поэмалары ел қолына жете бастады, әсіресе, 1931 жылы жазылған «Сұлушаш» атты поэмасы шарықтап тұрды, ол француз тіліне аударылды. Сәбең осы кезде қара сөзге молынан кірісіп, «Екпінді» повесі мен «Теміртас» романы жазылып бітті, «Жұмбақ жалау» атты әйгілі романы жазыла бастады. Бұл жас қыранның шабытты шағы өріс алған кезі болатын. 1935 жылы жазушы зайыбы Мәрияммен Мәскеуден оралыл, Алматыға орнықты. Келісімен «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. 1936-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағын басқарды. Тоталитарлық тәртіптің сталиншіл топас жендеттері Сәбитті де басшылық жұмыстан аластата бастады.

«Алашордашыл, тұраншыл, ұлтшыл ақын Мағжанға қамқорлық көрсетті, Сейфуллин бастаған ұлтшылдар тобына қосылды, буржуазиялық ымырашылдыққа бой артты…» деген сияқты айыптарды үйіп-төккендіктен саяси сенімсіздікке ұшырады. Сәкен Сейфуллин Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, үкіметті басқарған кезде Горькийдің көмегімен айдалудан оралған Мағжан Жұмабаевты Алматыға алдырып, тарихи қасиетті қайырымдылығын көрсетіп, бауыр тартқанда араларында Сәбит Мұқановтың жүргені анық еді.

  Көрнекті жазушы 1937-1941 жылдары қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында профессор болып, қазақ әдебиетінен сабақ берді. Адалдығы арқау болған Сәбит Мұқанов 1943-1951 жылдары екінші рет Қазақстан Жазушылар одағын басқарды. Дүниежүзілік Бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі ретінде және араб елдерімен қарым-қатынасты ұлғайту жолында көп еңбек етті. Сәбит Мұқановтың екінші рет одақты басқаруға келуі өзіне деген құрмет қана емес, Жазушылар одағының дәрежесін көтеруге де керек болды. Ол басқарған кезде Жазушылар одағының ең ірі қоғамдық орын екені анықталды. Сәбеңнің өзі де қайсар мінезімен зор беделге жетті.

  Сәбит Мұқанов ақындық пен қара сөз шеберлігін бірдей игеріп, аты шартарапқа айқындалып тұрса да, тек қана көркем әдебиеттегі шығармашылықпен шектеліп қалмай, қазақ әдебиетінің барлық жанрларында елеулі із қалдырды. Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялық еңбектері ел ықыласына бөленді. Қазақ әдебиетінің тарихы, мәдениетінің өрлеу барысы мен этногра-фиясын зерттеуге елеулі үлес қосты. Прозада роман және повестер, оған қоса мемуарлық әдебиетте де ізденімпаз талант екенін анық көрсете білді. Ол әдебиеттің тармақтарына ғана емес, қазақ тіліне де ерекше бай әмбебап білгір болатын. Қырды жазса қырдың тіл ерекшеліктерін, көркемдік байлығын, Сырды жазса Сырдың салт-санасы мен тіл ерекшелігін ашық таныта білді. Мысалы, «Сырдария» романынан Қызылорда айма-ғының көне-жаңасы аралас сүбелі де жүйелі сөздерін оқығанымызда қарақалпақ халқының қазаққа жақындығын таныта түсті. Сонымен Сәбең қазақ тілінің үлкен ұстасы, өте ыждағатты қорғаушысы екені анықталды.

  «Адасқандар» атты романы (1931) қазақ әдебиетіндегі романдардың алғашқыларының қатарында дүниеге келді. Кейін (1959) бұл роман «Мөлдір махаббат» болып аталып, кең жаһанды шарлап кетті. «Жұмбақ жалау» (1938) романы «Ботагөз» романы болып аталып, қазаққа роман оқуды үйреткен үлкен дүние болды. Сәбеңнің барлық еңбектерін тегіс шолу міндет емес, ал біздің мақсат — ұлы жазушының әмбебап дарқан дарын екенін халқымызға, әсіресе, кейінгі жас ұрпаққа жеткізу. Сәбит Мұқанов — қазақ әдебиетінің бір өзі біртұтас дүние секілді ұлы тұлғасы, міне, осы ұғымды дәлелді де дәйекті түрде жас ұрпаққа жеткізуді мен өзіме борыш көрдім. Терең білімді оқымысты, алғыр ақың ақтангер жазушы, өткір тілді, өжет туған қоғам қайраткері болғанын аша түссек, көкейкесті мақсатқа жақындай берер едік.

  Сәбеңнің азаматтық һәм шығармашылық жолын көрсету хикаятын айқындай түссек оның кішіпейіл, қарапайым елгезектігі ел ішінде сан түрлі аңыз болып кеткені ақиқат. Қазақта сөзге тоқтағыш үлкен қасиет бар. Аузы дуалы, елге қадірменді бір ақсақалға баяғыда байдың баласы әдейілеп шақыртып, өзін сынатыпты. Сонда абыз ақсақал былай депті:

Ілімің бар екен, жаным,

Білімің әлдеқандай?!

Қағуың бар екен,

Жұртқа жағуың қандай?!

 Айлаң мол екен,

Жұртқа пайдаң қандай?!

Жорғалығың бар екен,

Халыққа қорғандылығың әлдеқандай?!

Заттығың бар екен, жаным,

Халқыңа қымбаттығың әлдеқандай?!

   Сонда бала: «Ата, түсіндім, ойланатын, толғанатын жайға салдыңыз, рахмет», — депті. Осы сөз орамын Сәбеңе сәйкес әкелсек, білімді Омбыдан да, Орынбордан да (бұрынғы астанамыз), Мәскеуден де барынша алды, ал одан да зор білімді ел арасынан алды. Халықтың көне, жаңа мұрасынан асыл азаматқа керегін қабылдады да, азаматтық, ағалық, кемеңгерлік мінезімен төзімділігі мол қажыр-қайратын танытты.

  Сәбеңді бір көрген адам мәңгі есіне сақтайды, өйткені ол сенімді түрдегі жылылығымен бар сырын жайыл салатын, саған да барыңды айтқыза білетін. Жұртыңа пайдаң қандай дегенде, дәл Сәбеңдей елге пайдасын тигізген жазушы көп емес. Ол алтайлықпен де, атыраулықпен де, алатаулықпен де, есілдік, ертістікпен де ортақ тіл тауып, бар мұңмұқтажын естіп алып, көмегін көрсететің Жорғалығың бар, халыққа қорғандығың қалай дегенде, Сәбитті өз заманындағы зиялы қауым пір тұтады. Ол Орынборда оқып жүргенде сол оқуға өзінің шәкірттерін шақырды, Ғабитті де сол оқуға беттетті, Ал қызметке келіп, қолына билік тигенде жастарға қамқор бола білді, тек қана жастар емес, қазақтың барлық түкпірлерінен Сәбиттен көмек сұраған арыздар көптеп келіп жатты. Соның бірін аяқсыз қалдырмай, қолынан келген жәрдемін жасап отырған Сәбең он жылдай Қазақстан Орталық Партия Комитетінің мүшесі, Жоғарғы Кеңестің алты мәрте депутаты болып сайланғанда қажымай-талмай халық мүддесін алға тартып, үнемі елдің қорғаны бола білген. Кезінде партияның басшысы Д. А. Қонаевтың өзін де қатты сынағаны сабақ болды, министрлер де Сәбеңнен қаймығатын. Міне, халыққа қорған болу деген осы шығар. Ел перзенті атанып, халыққа ерекше сыйлы болғаны да осы қамқорлығынан туды деп білемін. Сәбеңнің қай жағынан келсең де, қасиетті ісі мол, оның арман-мүддесі ұлтына ұлағатты қызмет ету екенін Қазақ елі тұтас білетін. Қорыта айтсақ, Сәбең дарқан дарын, өз творчествосында болсын, тұрмыста болсын кабинетінде, не үйде болсын, жақсыға жаны ашитын, жамандыққа жаны қас абзал ағамыз болатын.

  Көрген-білгенді айтып отырғаным кемеңгер ағамыздың бүгінгі ұрпақ біле бермейтін асыл мінездерін, сыр-сипатын келешекке жеткізу әрі ұғымды, әрі сенімді болсын деп жатырмын. Мен ғана емес көрген адамдардың бәрінің де айтатыны Сәбеңнің бір естігенін жадынан шығармай, елге айта жүретіндігі, қиынна-қиыстырар ой толғағы мен сөзге шебер әңгімешілдігі. Ол күтпеген жерде күла шығарып, айтар сөзінің аяғын тамаша түйіндейтін.

  Жетпісінші жылдардың басында Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы кезімде Мәскеуде бір іссапарға барғанда ақжарқын асыл ағамыз Ишанбай Қарақұлов кездесе кетік «Москва» қонақүйінде едім, ол кісі де онда жайғасыпты. Бұрын бұл кісімен Шоқан Уәлихановтың үйінде талай кездесіп одан кейін бір айдай емханада бірге жатқанымыз бар, аса қатты сыйлаушы едім Ағамыз салған жерден: «Жақсы болды кешке менің бөлмеме сағат жетідеке жиналайық. Сәбең де осында, ол кісімен келістім», — деді. Мен кешке уәде беріп қойған жерім бар екенін айтып, ат басым бұра  тартып едім: «Өзің біл бірақ тура  сағат жетіде нөміріңде болғайсың» -деп нық  айтты. Мен кешкі жетіде қызмет жақтан оралып, үйге кіре бергенміз телефон қоңыраулата жөнелді. Тыңдасам, белгілі «тарғыл» даусымен « Мен Сәбитпін ғой, қарағым, осында деп естідім әлгі досым Ишанбай дәмге шақырған  екен, бірге болайық. – деп бір қамшы айта салды да, ел амандығын туыстарымды, алыстағы бауырларды асығыс сұрады да, — уақыт болып қалыпты ғой, жарайды, кеттік Ишекен — деді. Ишекеңнің бөлмесіне келсек ол үстел жайылған қонақүйдеп рестораның екі кызы бар айтқанын орындап жатыр. Сәбең кең креслода Көкшенің кербез шыңындай отыр екен Сәлем бердім, амандық жайлы сұрай бастады. «Жаңа телефонмен айтып едім ғой», — дей бергенімде Сәбең: «Қай телефонмен мен сенімен сөйлескен жоқпын. Ә-ә-ә… түсіндім, мына Ишанбай мен келгенде трубкасын қойып жатыр еді ғой, бұл менің даусымды халық әртістерінше келтіреді», — деп күлді. Мен де түсіне қалып, күліп алдым. Ол Ишекеңнің маған құрған қақпаны екен.

Мен ешқайда бармайтын болдым да, асықпай-саспай отыра бердім. Өйткені, тап осындай кездесуді арнайы заказбен де жасау оңай шаруа емес қой. Сәбең көп әңгіме айтты, бәрі қызық. Мен болсам, аса екпінділік жасамай отырсам керек, бір кезде Сәбең маған бұрылып: «Кәкімбек, қалқам, тірліктегі бір ғажап, өтіріктің үлкеніне адамдар тез сенеді, мен болып алдағаны сол ғой, көңіліңе ала көрме, біз Ишекеңнің әзілің қара нанға жаққан сары майдай көреміз, мұның әзілі де құтты, тілі де мықты келеді. Олай дейтінім, өтірігінің аяғы жақсылыққа әкелсе, ол бір әдемі айла болып қалады. Адамды бір күлдіру — үлкен өнер, Ишекең сол үлкен өнердің классигі, біз — ақын- жазушылармыз, біздің поэмалар, романдар, қарулы қалың әскер ғой, ал Ишекеңнің бір сөзі — «Ворошиловский стрелок», көздеген жеріне дәл тиеді, міне, бұл да өнердің үлкені. Әзілін көңіліне ала көрме, не туралы айтып күлдірсе де, бәрі шындыққа тіреледі. Бұл шындықты өз тәсілімен аз уақытта санаулы сөзбен жеткізеді. «Құлақтан кіріп бойды алар» деп ұлы Абай айтқандай, Ишекеңнің сөзі — жүректен шыққан уытты сөз. Қарап отыршы, жазып алып оқып отырғандай тап-таза сөйлейді, сендіреді, күлдіреді», — деп бір-екі қызық хикаяны айтып берді. Ишекеңді айтып отыр ғой, ал мен Сәбеңнің әмбебаптығына таңғалдым. Шынйы жанып, екі көзі жарқ еткен шағында бір күлдіріп тастайды екең Ал Сәбеңнің ауызекі әңгімеге жуйріктігі туралы елде кең тараған әңгімелер аз емес. Меніңше, соның барлығы да ақынжанды, адамға жақын жанды жаралған шалқар дарынның қай қырынан келсең де, Қырымға қарап самғап ұшар ақиық қыранға ұқсайды. Әңгімелерінің ішінде де жүйелі ой, сергек сезімге оралған бір әдемі мақсат жатады.

  Қазақ әдебиетінің «алыптар» тобына» Сәбең барша еңбектерімен, ғажайып тұрақтылығымен жетті. Ғабит Мүсірепов Сәбең туралы бір сөзінде: «Сирек кездесетін қалам еңбекшісі», — деген екен. Шынында да, ол өз заманындағы құбылыстарға, болмыстарға романдарымен, өлең-поэмаларымен қоян-қолтық кіріссе, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Мұхтар, Мағжан сияқты әдебиетіміз бен мәдениетіміздің барлық салаларының дамуына атсалысқан алғы топқа аралас жақын жүрді, сол алыптар жайлы шындықтың бетін ашып, дер кезінде қалам тартты. Академик Серік Қирабаев: «Сәбит әдебиеттің жас кадрларын тәрбиелеуге, оларды әдебиет ісіне тартуға көп жәрдемдесті. Ғабит пен Ғабиденнің әдебиетке келулеріне оның ықпалы болғаны тарихтан белгілі. Әбділда, Қалмақан, Асқар, Тайыр, тағы да аға буын өкілдерінің өзі Сәбитті ұстаз тұтатын», — дейді. Міне, осының бәрі қазақтың барша әдебиетшілерінің арасында С. Мұқановтың беделді болғанын дәлелдейді. Сыншылар да Сәбеңе риза көңіл білдіреді. Әйгілі сыншымыз академик Мұхамеджан Қаратаев Сәбит туралы еңбегінде даңқты дарындылығын айта келе: «Оның адалдығы, таза ары мен әділдігі, кішіпейілділігі, халыққа қанымен де, жанымен де жақындығы жастарға үлгі», — дейді. Арқалы академик пен адуынды сыншының бұл аталы сездері Сәбиттің кім екенін аз сөзбен анық жеткізіп тұр. Шынында да, дарқан дарынның адалдығы барлық еңбектерінде, өмірдегі жүріс-тұрыс мінезінде молынан сақталып, Сәбеңнің кім екенін паш етті.

Сәбеңді тек қана қазақ әдебиетшілері сыйлаған жоқ, өзге халықтардың озық қаламгерлерінің ыстық ықыласы арқылы сол халықтардың жүрегіне де Сәбит Мұқанов есімі жылы ұялады. Орыс халқының ұлы жазушысы Михаил Шолохов, өзбектің ардақты ақыны Ғафур Ғұлам, қырғыз ақыны Аалы Тоқамбаев, түркімен Берді Кербабаев, тәжік Тұрсын-Зада, Дағыстанның ұлы ақыны Расул Гамзатов, украиндық Максим Рыльский, грузин Иракли Абашидзе сияқты кемеңгерлермен сыйлас болса, И.Шухов, Н. Анов, П.Кузнецов, М.Сидоренко, А.Брагин, Л.Собылев, Д.Снегинмен қанаттас, жақын жолдас болды. Шыңғыс Айтматовтың «Интернационалдық, достық жаршысы бола білген қазақ халқының ұлы Сәбит Мұқанов қырғыз ауылына белгілі және сүйікті еді» дегені — ұлы жазушының ұлағатты бағасы және өте орынды айтылған сөз. Әсіресе, «Сүйікті» дегені тамаша! Сәбең өз ауылдастарына қаншама ыстық керінсе, бауыр елдердің де сүйіктісі бола білді. Нүкістің қасындағы бір өткелдегі ауылдың кемпірі ескі ырыммен Сәбеңнің етегін немересінің маңдайына басқаны ол елге аңыз болып кетіпті. Тап осындай зор құрметке жетудің өзі де Сәбит Мұқановты дара туған асыл құзарттай биік тұлға етіп баяндайды. Ташкенттегі зілзаладан зардап шеккен Ғафур Ғұламның бала-шағасы Сәбеңе келіп паналауы нағыз достық емес пе?

Сәбеңнің атағы зор қаламгерлігі мен көрнекті қоғам қайраткерлігіне қоса ашық һам ақжарқын, кең құлашты бауырмал мінезі, тарихи, өмір құбылыстарын, қазақтың шежіресін жақсы білетіндігі, әңгімеге әу деп сәлем бергенде жарытып жіберетіндігі кездескен адамның бір көргеннен жүрегіне ұялап қалатын. Өз басым алғашқы рет Бурабайда демалыста жүргенімде ол кісі Мәриям жеңгеймен «Оқ-жетпес» шипажайында жатыр екен. Дайындалып барып сәлем беріп, ел жігіттерінің қатынасуымен дәдесболдық. Сонда байқағаным, атақты ағамыз бірден қайтыс болған үлкендерімізге көңіл айтып, халық ақыны Молдахмет Тырбиұлы атимаызды жақсы білетіндігін білдірді. Мен жайлы да мағұлматты аз еместігіне таң қалдым. “Cәлем беріп, жігіттерді ертіп келгеңіне рахмет. Сен, Кәкімбек, осы мені қайдан білесің, жоқ, әйтеуір Сәбит қой деп келдің бе?» — деп сұрақты тіктен қойды. Мен ол кісіге оқуға бармай тұрғанда-ақ, Ермек тәтемнің көмегімен латын әрпімен оқуды ерте үйреніп, кемпір-шалдарға, үйге келген қонақтарға әуелі «Адасқандарды», содан соң «Жұмбақ жалауды» көп оқығаннан жатқа білетінімді айтып, қара сөзін біраз тігілттім. Өлеңдеткен жерімді де ұмытпаппын. Сәбең: «Ермек тәтең қайда, ол кім?»-дегенде, ол Үкілі Ыбырайдың немересі ақын Мұса Асайыновтың апасы екенін, ерте қайтыс болып кеткенін айттым. «Е, жақсы біледі екенсің, ал мен сен жайлы осы бөле ағаң

Мұсадан естіп, көруге құмар едім», — деді. Отырыстан кейін далаға шықтық. Сәбең ере шықты, Мәриям жеңгей бөлмесіне кетті.

   Жолдасбек Жақыпбеков деген кенші досымның зайыбы Үмітжан, бірінен-бірі үлкен бес қызымен және қастарында біздің  екі бала бар, үбірлі-шебірлі бір үйді ерткендей алдымыздан шықты. «Кәкімбек, бұл балалар өз балаларың ба?» — деді. «Иә, менікі бәрі де», — дей салдым. «Ой, жарайсың, қалқам, келіңдер фотокәртіш- кеге түсейік», — деп ұсыныс енгізді де, Мәриямға рахмет айтып бетінен сүйіп, ең кіші бала Жөкеңдікі еді, соны алдына алып, ортамызда отырып фотоға түсті. Бұл тарихи фотосурет елге тарап, аңыз болып кетті. Шынында да, қырыққа жетпей жүрген біздей жастарға Сәбеңдей нар тұлғамен дәмдес болып, суретке түсу арман еді ғой. Сондықтан да балалардың бәрі менікі дей салып, тап алдағандай да болдым. «Қазағым аз халық қой, тап осылай әр отбасы көбеюі керек» дегені есімде. Қаншама әңгіме естідік, кеншілік жайлы өлеңдерімді тыңдап, ақыл-кеңесін айтты, кейіннен Қазақстан Жазушылар одағының пленумына шақыртқызып, өндірістік тақырыпта сөз сөйлетті. Онда да төбем кекке жеткендей, Сәбит Мұқановтың кім екені не көзім жете түсті.

Сәбең 70 жасқа толғанда, ел аралап, жолға шықпақтығын естіп қонаққа шақырдық.

Сәбеңді тек  қана қазақ әдебиетшілері сыйлаған жоқ,

өзге халықтардың озық қаламгерлігің ыстық ықыласы арқылы сол халықтардың жүрегіне де Сәбит Мұқанов есімі жылы ұялды.

Мен Жезқазғанда қалалық партиякомитетін басқаратыңмын Ұлытау ауданының партия басшысы Мәкен Төрегелдин ағамызбен бірігіп дайындыққа кірістік. Мәкен аға байсалды да бапты ер жігіт болатын, Ұлытаудың етегіндегі “Алтын алқа” деген ақ қайындар арасына киіз үй тігіп, той алаңын жасамақ болды, біз Мәдениет сарайында кездесу өткізіп, қалаша тойламақ болып өз сый-сияпатымызды дайындадық. Ауа райының  нашарлығынан қонақтар Торғайдан бізге келе алмады.

Сол өкінішім есте қалған ғой, 2000 жылы асыл ағамыздың 100 жылдық тойына қызу дайындалдым. Ол кезде Алматыда тұрушы едім, «Сәбит аға» деген жинағымды сол кездегі Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қажымұрат Нағмановтың демеушілігімен тойға тарту етіп шығардым. Тойға қыздарын ертіп Мәриям апай келді, оның өзі қандай қызық, барлық кездесулердің басы-қасында болып, Мәриямдай ел Анасының кемеңгерлігіне көзім жетті. Сәбеңнің жан серігі десе — дегендей екен, 90 жасқа келсе де, тамаша естеліктер айтып, баршамызды дән разы етті. 2010 жылғы 22 ақпанда Мәриям апай 101 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Соңғы жылдары Сәбит пен Қызылжарға байланысты өлендерім топтастырылған жинағымды «Дарқан дарын» деп атап, осы кітабымды ұлы тұлғаның 110 жылдық мерейтойына арнап дайындап жүрмін деп асыл анаға айта алмай да қалдым.

  Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын, жазушы, драматург, тарихшы, ғалым, академик Сәбит Мұқанов — ресми түрде де үлкен құрметке бөленген өресі биік нар тұлға. Ленин орденімен екі рет, Еңбек Қызыл Ту орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. Еңбектері 46 тілде жарық көрді. Жазушының туғанына 100 жыл толған мерейтойдың қарсаңында есімі Алматыдағы бір көшеге, туған ауылына, Қызылжар қаласындағы бір мектепке, облыстық қазақ сазды-драма театрына берілді. Қаламгердің қола мүсіні Алматыда өз атындағы көшеде орнатылды. Қызылжардағы облыстық кітапхана көптен бері Сәбит Мұқановтың атымен аталады. Жетпіс жасқа келген тойында осы кітапхананың алдында орнатылған ескерткіш бар. Сәбит Мұқановтың 100 жылдық тойы Халықаралық дәрежеде, ЮНЕСКО-ның тарапында өткізілді. Солтүстік Қазақстандағы туған ауылында өткен тойға Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп, тойды өте келісті баяндамамен, Сәбеңе деген зор құрметпен ашып бергені де салтанаттың самғауын биіктете түсті. Көптеген шетелдердің және Қазақстанның барлық аймақтарының өкілдері мен өнерпаздары, балуандары, жүйрік мінген шабандоздары қатынасты. Бұл той қазақтың ұлыларын сыйлап өткізетін ұлағатты тойлардың көріктісі де көрнектісі болғанын келген меймандар бірауыздан айтып кетті.

Сәбит ағаның туғанына 110 жыл толуына байланысты мерекелі межеге жеттік. Тәуелсіз Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарыста өз күшінің молдығын көрсетіп, даму қарқынын өрістетіп келеді. Солтүстік  Қазақстан облысы да соңғы екі жылда жедел дамудың қарқынды үлгісін көрсетті. Кеше ғана Президентіміз Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын бекітті, ол тарихи құжат Нұрсұлтан Назарбаевтың халқымызға арналған үстіміздегі жылғы Жолдауынан туындаса, оған деген зор ықыласын білдіріп, бүкіл еліміз қолдап отыр.

Сондықтан да Қазақстан халқына Жолдауында Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз ететін болады». Ендеше құнар алған туған ел деген терең тамыры — тәуелсіз Қазақстан осылай әлемдік өркениет жолында Құлагердей құйғыта өрге басса, Сәбит Мұқановтың да 110 жылдық мерейтойы сәтті өтер деп сенеміз. Сәбит ағаның өмірі — ауыр жүкті арқалап өссе де, ақжарқын, батыр мінезді дарқан өмір, елінің алдында ары таза абзал өмір. Таудай тұлғалы, дариядай кең ағынды, Сарыарқадай самалға бай шалқар, қазақтың аспанындай ашық өмір екеніне көзім жетті. Ол дарқан табысын қазағына беріп кетті, сол ерен еңбегімен болашаққа жол тартты.

Кәкімбек Салықов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрмет азаматы.


Солтүстік Қазақстан.- 2010 жыл.- 22 сәуір.- 5 бет. 

Copyright © 2010-2025 Сабит Муканов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».