Қызылжарын қастерлеген Сәбит еді

Жарияланған Angela 01.01.2010 Естеліктер |

Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуы қарсаңында.

    Ұлы адамдар жайлы естелік жазу өте жоғары жауапкершілікті қажет ететінін біле тұра, өзім аса құрмет тұтатын алып тұлға, жерлес жазушы-академик Сәбит Мұқанов жайлы қағаз бетіне үзік сыр түсірмеу кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені, марқұм Сә-бит ағаның сыр алысар, ой бөлісер жан аямас досы, не болмаса туысы болмасам да, соңау Алматыдан туып-өскен атамекені -Есіл өңіріне келе қалғанда ұлы жазушы ағаның қасында болып, балалық, інілік ізет көрсеткенім, ұлағатты әңгімесін, келелі кеңесін тыңдағаным шындық.

  Ұмытпасам, 1967 жылдың маусымында Қызылжарға жерлес жазушы С. Мұқанов келді. Қасында сапарлас серіктері де бар. Бірі – көрнекті ақын ағамыз Мұзафар Әлімбаев, ал екіншісі – өзіміздің, облысымыздың айтыс ақыны, әнші, домбырашы Игібай Әлібаев. Сәбит ағаның Солтүстік Қазақстан облысына әдейі ат басын тіреуінде, менің түсінігімше, екі себеп бар. Біріншісі – жылдағы әдеті бойынша туған жеріне келіп, өзімен бірге өскен жора-жолдастарымен, ағайын-туғандарымен және оқырмандарымен қауышу. Жазушының бұл сапарының тағы бір мәні бар. Қызылжарлықтар оны Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа кандидат етіп ұсынған болатык Кандидат пен сайлаушылардың кездесу рәсімі де болуға тиісті еді.

  Кешкі сағат 17 «Заря» кинотеатрының залы да әжептәуір кең екен Жиналған халықтан ине шаншар жер жоқ десе болғандай, отырар орын болмағандар түрегеліп тұр. Жиналғандардың бәрі де атақты жазушы-академик Сәбит Мұқановты көреміз, сөзін тыңдаймыз деген ниетте. Мойындарын соза түсіп, тыныштала қалған. Шыбынның ызыңы естілетіндей. Осы тыныштықты жазушының тамағын кеней шыққан жіңішкелеу даусы бөліп жіберді. Сәбит аға көп сөйлеген жоқ. Бірақ, керісінше, сайлаушылар жағынан өз кандидаттарына беріп жатқан аманаттары молырақ сияқты. Қаланың мәдениет, әлеуметтік жағдайы қашаннан оңбай келе жатқан емес пе?! Сөйлеушілер бірінен соң бірі шығып, өз ойлары мен тілек-талаптарын жіпке тізгендей айтып жатыр.

С. Мұқанов сахна төріндегі қызыл матамен жабылған столдың тура орта тұсында кең маңдайы жарқырап, қапсағай мол денесімен халыққа қарай ұмтыла түсіп, бар бейілімен, жан-тәнімен елдің сөзін ынтыға тыңдап отыр.

  Кездесу аяқталды, жұрт тарай бастады. Сәбит аға да есіктен шығып барады екең мені көрді де: «Қарағым, рахмет, екі тілде жақсы сөйледің, ана машинаға отыр, бірге барамыз», – деді есік пен төрдей ұзын қара «ЗИЛ-ді» нұсқап. Ағаның жанында облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Л. П. Орлова бар екен. Біз отырған машина қонақүйге қарай бет алды. Ал оған жету үшін алдымен ойдан тауға қарай кетерілуіміз керек, биіктігі де әжептәуір. «Ойқаланың» бұрылыс-қиылыс көшелерінен өткеннен кейін біз мінген «ЗИЛ» өрге қарай бет алды. Асфальт жолдың оң қанатында нағыз өрге шығар, таудың ұшар басында тұрған қос қабатты тас үй жақты қолымен нұсқап, Сәбит аға маған «Сен мынау үйді білесің бе?», -деді. «Ел – жұрттан естігенім болмаса…», -деп мұрынымның астымен міңгірледім. Білмеймін деуді де ұят санап, білемін дегенді айтудан қорқып отыр едім, Сәбит аға бар денесімен маған қарай бұрылып: «Бұл жерде Абылайдың ақ үйі тұрған», – деп, ол үйдің тарихынан қысқаша анықтама беріп тастады. Сендер – журналистер туған жердің, елдің тарихын жақсы білгендерің дұрыс болады» -деп қойды жазушы. «Аға, біз Абылай ханның атын атауға қорқамыз ғой, батылымыз жетпейді», – дедім ағымнан жарылып. Ол кісі енді бұл жерге келмейді, қорықпа», – деп мырс-мырс күліп алды да: Абылайдың тарихта болғаны рас, қазақ халқының ханы болғаны, Қызылжарда аз-кем тұрғаны шындық, айналайын».

  Қонақүйге келсек, Сәбит ағаның бөлмесінде Игібай Әлібаев, Мұзафар Әлімбаев, Уақит Темірбеков және Мәлгаждар Әуелбеков отыр екен. Сәбит аға есіктен кіре бергенде Игібай ақын үкілі домбырасын бебеулетіп жіберді де, өзінің асқақ даусына басты дерсің. Ақын термелеп жөнелді. Отырғандар әншіні қолдап, қолпаштап жатыр. Игібай ақынның мұнысы Сәбит Мұқановқа көрсетіп отырған қошеметі, бір жағынан әзіл сияқты көрінді маған. Кейіннен байқағаным, Игібай ақын Сәбит ағамен қалжыңдаса да береді екен Әзіл-қалжыңдары да әдемі, өте жарасып тұратынын да көрдім.

  Иекең Біржан салдың көкке өрлеген қанатты әнін де, Ақан серінің мұңды әуенін де, Үкілі Ыбырайдың сырлы жырын да шырқады.  Сәбит аға ақын даусы шарықтай көте-рілгенде: О-о-о-деген-деп Иекеңді қолтықтап, көтермелеп қояды. Сөйтіп, тамаша, рахат қушағына енгендей, әнді қумарта тыңдайды.

  -Аға, ертең кешке телевизиядан сейлуіңіз керек екен Басшыларымыз бен цензура қызметкерлері сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін сұрайды, – дедім. – Не туралы айтады екен дейтін шығар, – деп қойдым тағы да.

  -Қарағым-ау, мен не айтады дейсің. Құдай аузыма не салады, соны айтамын да, – деді сылқылдай күліп жазушы.

  Сәбит аға Петропавл телевизия студиясына белгіленген уақытта келді. Қасында жоғарыда айтылған жолсеріктері бар.

  Меймандармен телевизиялық хабарды мен жүргізіп отырмың

  -Мен осы советтік құрылыстың Қазақстандағы бар жетістіктерінің тірі куәсімік. Партиялық қызметте де, советтік қызметте де көп болдым. Мәдениет саласында да ұзақ жылдар жемісті еңбек еттім, – деп көрермендерді бірден баурап әкетті.

  -Мен революцияға сауатсыз келген адаммын ғой. Содан «әліпбиді» Совет өкіметінің алғашқы жылдарында таныдым орта білім алдым, университетте оқыдым. Қызыл профессураны бітірдім, академик атандым.

  Ал енді жазушылық жағына келген уақытта мен сол 1917 жылы хат таныған соңақ өлеңге кірістім, әр жанрда жазып келдім. Көп кітаптарым баспалардан шықты.

  Жерлес жазушы өзінің шығармашылығы жайлы айта келіп, жалпы Қазақстан жазушыларының бүгінгі қол жеткен табыстарын тілге тиек етті. Өзі айтқандай, оның қолында бір парақ қағаз да болған жоқ. Көпшілікке айтарын көкірегіне бұрын-ақ жазып алғандай. Енді сол жазып алғандарын іркіліссіз төгіп отыр, төгіп отыр, тоқтаусыз, ағыл-тегіл ақтаруда. Жазушының туған халқына айтарының мол болғаны қандай ғажап!

  -Француздың атақты жазушысы О. Бальзак алпыс роман жазып қалдырған кісі. Менің Бальзактан да көп роман жазуға мүмкіндігім бар, болашақта жазатын кі-таптарыма пайдалануға жинаған материалдарым көп. Денсаулығым жақсы, тоқсан жас жасауды ойластырып жүрмін, – деп еді Сәбит аға қалжыңға басып.

  -Мен Совет Одағының түкпір-түкпірін аралаған адамының бірімік Сонымен қатар, біздің өкімет шетелдерге баруға да жағдай жасады. Соған орай дүниежүзінің біраз елдерін аралап көрген жазушымык Мысалы, Цейлонға барып қайтқан соң «Адам атаның шоқысы» дейтін кітап жаздым. Қытайға барып, сонда Ұйғыр автономиялы районы деп аталатын өңірде түратын қазақ, ұйғыр жазушыларымен таныстым. Мен онда Шоқан Уәлиханов аралаған алты шаһардың бәрін де араладым, көрдім. Осы сапарымнан кейін «Жұпархан» дейтін поэма жаздым.

  Шындығында, С.Мұқановтың жаңа кітаптары жыл сайын бірінен соң бірі кітап дүкендеріне түсіп жататык Оқырман қауым сол тұста жапатармағай «Аққан жұлдызды» құмарта оқып жүрген. Жұрт Сәбит ағаның әлі талай шығармалар беретініне сенетін еді. Октябрь деп аталатын жаңалық лебімен Қызылжар өңірінде болған өзгерістер, азаттық, бостандық жолында ақ бандалардан қапыда мерт болған күрескерлер жайлы Сәбит аға облыс көрермендерінің жүрегіне жеткізді.

-Қайран Баймағамбет, жанып тұрған жалын еді-ау! – деп ақын Ізтөлинді есіне түсірді.

  -Бандиттер Қызылжар революционерлерін атып қана қоймай, олардың денелерін балталап, қылышпен кескілеген ғой. Кескі-леніп, туралған денелердің кімдікі екенін айыру мүмкін болмағаннан бәрін бір жерге жерлеуге тура келді. Тек Баймағамбеттің денесін үстіне киген қызыл ала ішкі киімінен ғана айырдық. Ол бір ауыр кезең еді ғой, киім де тапшы болатын. Баймағамбеттің ішкі киімдерінің қызыл ала шыттан тігілуі сол жоқтықтан еді, – деді Сәбит аға. – Ізтөлин де сіздердің телестудияларыңның жанындағы бауырластар қабірінде жерленген, – дел ақынның өлмес жырын оқып берді.

  -Қызылжарда Хафиз Базарбаев деген жігіт болды, – деп Сәбит аға қапамызда комсомол ячейкасын алғаш ұйымдастырушылардың бірі туралы әңгімелеп кететін Ол өзі қаланың төңірегіндегі былғары зауытының жүмысшысы Базарбайдың отбасында туғак Февраль революиясы болған жылы Хафиз он үш жаста еді. Сол жасына қарамай Қызылжарда ұйымдасқан Совдеп ісіне араласып, белсенділік көрсеткен. Қызылжар большевиктерінен үлкен саяси тәрбие алған. Осындай комсомолдық қызу істе жүрген Хафизді 1921 жылдың басында кулактар мен байлар ат құйрығына байлап сүйретіп, азаптап өлтірген Қызылжарда Х. Базарбаев атымен аталған көше бар. Хафиз өлтірілгенмен, оның бостандық жолындағы ерлік ісі жас ұрпақтың есінде мәңгі сақталатынына сенемің,- деді Сәбитаға.

– Біз өскен семьямыз. Менің төрт ұлым бар, төртеуі де жоғары білімді, төртеуі де маман, екі қызым бар, екеуі де жоғары білімді, күйеулзрі де жоғары білімді. Соның бәрінен көрген менің он бір немерем бар. Мен семьямның барлық мүшелерін құрмет тұтамын, сондықтан болар, олар да мені барынша қадірлейді. Осылайша тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар, деген Сәбит Мұқанов.

  Есімі елімізге мәлім, әйгілі ақын Мұзафар Әлімбаев академик-жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайлы, оның совет әдебиетіндегі орны туралы кеңінен сөз еткен еді.

  Әнші-ақын Игібай Әлібаев туған елге арнаған өлеңдерін домбырамен орындап берді. Әнші Үкілі Ыбырайдың, Біржанның әндерін де шырқады. Сөйтіп, Сәбит ағаны да, керермен көпшілікті де екі өнерпаз риза еткен.

1960 жылдары ақын Мағжан Жұмабаев туралы ел ішінде әңгіме көп болатын да, оның халық жауы деген жаладан ақталуын күтетін Хабар аяқталғаннан кейінгі өзара әңгіме арасында мен Сәбит ағадан Мағжан ақын туралы сыр тарттым.Ол кісі осындай сұрақтың болатынын білгендей, еш бөгеліссіз: «Мағжан оза туған ақын еді, күшті ақын болатын», – деп ақынның «Гүлсім ханымға» деген өлеңін біреу естіп қалмасын деген кісіше, қарлығыңқыраған жіңішке даусымен ақырын жатқа оқып берді. – Міне, төгіліп тұр емес пе! Оның өлеңдері де, поэмалары да осындай, -деп қойды маған жымия қарап.

  Сәбит Мүқановтың қарапайымдылығы, жоғары адамгершілігі, ақын-жазушыларға қамқорлығы және ол кісінің қызық-қызық мінездері жайында талай-талай естеліктер жазылары анық.

  Ұмытпасам, 1967 жылы ғой деймің Есім Шайкин ағамыз ардақты Сәбеңді құрметті мейманы етпекші екен Есім аға ол кезде Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген. Сәбеңмен болған телесұхбаттан кейін жазушы ағаңмен біздің дастарқанда бірге бол деп қолқалап, мені де ала кетті. Сәбеңнің көлігіне ілесіп жүрген машиналар да көп. Қызылжар өңіріндегі әнші, домбырашы, айтыс ақындары, қысқасы, өзім танитын өнер адамдарының дені осында көрінеді. Біз қарағайлы, қайыңды орманның ішіндегі үлкен үйдің алдына келіп тоқтадық. Жуырда ғана салынған ғимараттың ішінен қарағайдың тамаша жұпар иісі аңқып тұр. Қазақтың байырғы дәстүрі бойынша ас та ішіліп, ән де шырқалып жатыр. Құрметті Сәбит аға төрде отыр. Жай отырған жоқ, отырған жерін думандатып, әзіл әңгімелерін де айтып, шетелдерде көрген, білгендерінен де сыр шертеді. Айтыскер ақын, әнші Кеңес Тынымбаевтың даусынан бір кішкене қырылды байқап қалған Сәбең: «Мүтәллап, мына Кеңестің тамағында бір жетім қақырықтың тұрғанын қарашы! Алдыңдағы коньяктан Кеңестің рөмкесіне толтырың-қырап құйып жіберші», деді. Ағаның тапсырысын орындап, әнші де көңілденіп қалып еді.

  Сәбеңнің әзілқой, тосыннан ойнақы сөз таба қоятын қасиетіне қайран болған едік сонда. Осы жиында облыстан, ауданнан келген қызметкер орыс әйелдері болды.

  Жазушы аға бір кезде дастарқан ортасындағы табақты өзіне қарай жақындатып алды да, отырғандарға ет асата бастады. Мұндай қазақтың дәстүрінен хабары жоқ орыстың келішіектері: «О, жир», – деп шыж-быж болып жатса, Сәбит аға: «Нет, это не жир, сразу в кровь идет», – деп етті асататын әлгілерге. Сәбеңнің қолын қағуға дәрмендері жоқ. Жұрт қыран-топан күліп, мәз болып қалатын.

  Сәбеңнің қамқорлығы да бар еді. 1972 жылдың көктемінде Солтүстік Қазақстан облысына, өзінің туған еліне келгенде теледидардан сөйлеп, былай деген еді: «Мынау туған жердің топырағы, суы адамды тарта береді. Мен ең алғаш осы Петропавл уезі, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысынан оқу іздеп, басқа жаққа аттанғаныма биыл елу жыл. Сол елу жылдың ішінде қандай ауыр жылдар болса да, жылына бір келіп кетпеген жылым болған жоқ. Биыл да келіп қалдым. Оның бірталай себептері бар. Бірінші, туған жерді керу, суынан, дәмінен тату, сонымен бірге осы облыстағы Сергеев ауданында тұратын қазақ совет әдебиетінің көрнекті ақын-дарының бірі Ғалым Малдыбаевтың 70 жасқа толуына байланысты жасаған тойына келдім. «Той дегенде қу бас домалайды» деген қазақтың сөзі бар. Ғалым бірге өсіп, біте қайнаған, менен аздап кішілігі бар, бір жағынан сырқаттау, отырып қалған адам. Соның көңілін көтеріп, әрі халықпен, жерлес бауырлармен, туған жермен дидарласуға келіп қалдым».

Міне, осыдан-ақ Сәбеңнің дос-жолдас-тарына деген қамқор көңілі, сүйіспеншілігі керініп түрған жоқ па!

  Солтүстік Қазақстан облысы еңбекшілерінің әрбір игі қадамдарына қуанып, ынта-назарын ел жаққа салып жүретін.

  Қазақ әдебиетінің қалыптасуын, өркендеуін Сәбит Мұқановсыз ұғыну, түсіну мүмкін емес.

  Сәбит ағаға деген ыстық ықыластан, сағыныштан туған өлеңім бар еді. Сол өлеңімді де келтіре кетуді жөн көріп отырмын.

Есілдің өзің өскен атырабы,

Құлпырып нудың жырлап жапырағы.

Қырдағы Қызылжарың сағынды ма,

«Сәбе!»,-деп көшелері шақырады.

Сен жүрген құба жон да жатыр әлі,

Бұрқылдап күлгің қара топырағы.

 Сағынып талай барған Тың теңізің

Сылдыр-сылдыр «Сәбе!», – деп шақырады.

Толқынды толқын қуып жапырады,

«Дос» неге бұлай суын сапырады?

Дөңінде «Түлкі ойнақтың» жел суылдап,

«Сәбе!»,- деп сызылтып ән шақырады.

Кеше бар, бүгінде ол жоқ. Осы арасын

Тірліктің қалай ғана қош аласың?

Туған жер ұлын жоқтап толғанғанда,

Жүрегің сыздап, көзге жас аласың.

Сәбең Тимирязев ауданының аумағындағы Дос көлінің төңірегінде дүниеге келгені мәлім. Осыған орай аталмыш ауданға Қызылжардың даңқты перзенті, академик-жазушы Сәбит Мұқанов есімін беретін кез жетті деп ойлаймын.

Мүтәллап ҚАНҒОЖИН, ақын.


Солтүстік Қазақстан.- 2010 жыл.-1 қантар.- 9 бет. 

Copyright © 2020-2024 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».