Мұқанов оқулары «Талант тағылымы»: Тікелей эфир

Жарияланған Angela 26.04.2022 Жаңалықтар, Мұқанов оқулары |

Биыл жерлесі жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 122 жыл толады. Осы датаға орай Облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Талант тағылымы» атты Мұқанов оқулары өтті. Іс-шараға ақынмен дәмдес болған облыстың зиялы қауымы және студенттер қатысты.
Сәбит Мұқанов 1900 жылдың 26 сәуірінде Жамбыл ауданы, Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында дүниеге келді. Ақын 7 жасында әкесінен, 8 анасынан айырылды. Осылайша Мұстафа деген ағасының қолында өсіп тәрбиеленеді. Жұршылық зардабын тартып Сәбит әркімнің есігінде жүріп отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып жалданды. Соған қарамастан білімге құштар болады. Ауыл молдаларынан хат таниды. Ал Омбы қаласында мұғалімдер курсында оқып жүріп 1917-1918 жж алғашқы жырлары жарыққа шықты.
Амандық Жантеміров Сәбит Мұқанолвпен 1967 жылы Алматы қаласында оқып жүрген кезде үйіне барып кездескен. Амандық ағай осы құнды естеліктерімен іс-шараға жиналған студенттерімен бөлісті. Онымен қоса жиында жазушының бірнеше өлең оқылып шығармалары талқыланды. Алмагүл Тастанова – болашақ журналист – студент жиналған қауысға ақын «Мен немен мақтанамын» өлең оқып берді.
Сәбит Мұқановтың жырларына, өлең-шұмақтарына қарапайым халықтың тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік мәселелері, саяси лирикасы арқау болды. Жамбыл ауданында қоғам қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына арналған музейі бар. Осыдан 30 жыл бұрын ашылған мәдениет ошағында 700-ден астам түрлі жәдігер сақталған.

Copyright © 2020-2024 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».