Сағыну

Жарияланған Angela 28.02.2025 Жарияланымдар |

САҒЫНУ

Қайран Сәбе!

Сағындым өзінді мен.

Кетпейді өсиетің өзегімнен.

Жырыма қанат берген өзің едің,

Сонау бір албырт жастық кезеңімнен.

 

Бірісің – поэзия шыңдарының,

Мен өскен бауырындағы шынарыңмын.

Зердеме ұялады ұшқыр лебің,

Мен сенің ой-санаңмен суарылдым.

 

Кеудеңе Октябрьдің нұры тамған,

Сабаз ең той-таласта буырқантан.

Ойы жат қыңырларға шоғын шащып,

Жаныңда жалындаған жыр тұтанған.

 

Жасымда «Сұлушашқа» болдым ғащыкқ…

Дауысың дәуіріңмен бір ұласып.

«Советтік сөз әскері» сапқа тізіп,

Алтай мен Көкшетаудан кеттің асып.

 

Сен мені сол бір сапқа жебеледің,

Өткіздім өз қолыңнан жыр елегін.

Өткірлік, турашылдық – берген үлгің,

Есімде – тайғанақта демегенің.

 

Аянда алшаң басып өсіп едім,

Кейде бір соқса уақыт сұсты желін, –

Қамқорым, қорғап мені нөсерлерден,

Басыма қалқаныңды тосып едің.

 

Жақты ма, әлде, саған лебім –

Жаратып бәйгілерге баптап едің.

Махаббат дастанымды оқығанда,

«Дұрыс!» – деп арқамнан сен қаққан едін.

 

Бір мен бе? Ұстаз едің шәкірті көп.

Ақталды сен аңсаған шарт пен тілек.

Бұл шақта жас Шоқан мен Ботакөздер,

Жайқалып жаңа жырмен жатыр түлеп.

 

Өлеңнің өзің еккен бағындамын.

Әттең, тек артта қалды жалын шағым.

Достар көп, бірақ, Сәбе, өзіңдей ме,

Күрсінем, ойлап сені сағынамын.

 

Сағындым сенің жайсан, мінезінді,

Жаңғыртқан жиындарды ду кезіңді.

Сағындым ақылыңды, әзіліңді,

Сағындым мейіріміңді, ақ сөзіңді.

 

Алдыңда емін-еркін тыныстадым,

Ұнайтын кейде тіпті ұрысқаның.

Сен барда іні едім еркелеген,

Қазір «шал» деген сұрғылт бір тұстамын.

 

Сен қазір сол балуан кезіңдесің,

Әлі де бастап жүрсің сөздің көшін.

Тарихқа – мәрмәр тасқа кеттің жазып,

Халқыңның хикаялы шежіресін.

 

Көзіме елестейді ізгі тұлғаң,

Астың сен сөз көшімен құзар шыңнан.

Қуан сен, ұстаз аға, күмбезіңде,

Келеміз жыр шалқытып біз артыңнан.

Қалижан БЕКХОЖИН.


Бекхожин Қ. Сағыну // Қазақ әдебиеті.-1980.-6 маусым.-2 б.

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».