«Сәбит Мұқановпен бірге туған жер табиғатына тамсану»
Сәбит Мұқанов–қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, қоғам қайраткері, академик.
Өз туған жері туралы Сәбит Мұқанов былай деп жазған: «Мен туып-өскен жер «Жаманшұбар» деген қызық атқа ие. Менің туыстарым жақын жерде, Қарағаштан 70-80 шақырым қашықтықта бос жатқан жерлер бар екенін білген. Сол жерге бет алған. Бұл жерде шексіз кең далалар болды. Жерінің сапасы жақсы, қара топырақ қабатының тереңдігі бір метрге дейін жететін. Мұнда мол, қалың шөптер, жоңышқа өскен, ал ойпатты жерлерде қамыс аралас жас терек ормандары болды. Бұл жерде ешкім тұрмаған, ең жақын қыстақтар 30 шақырымда, ал кейбір бағыттарда 100-150 шақырымда орналасқан» деп жазды ол. «Менің туыстарым қалың бұталар мен қамыстардың арасында қоныс тапты да, қыстап шықты…» (С.Мұқановтың «Өмір мектебі» кітабынан).
«Сәбит Мұқановпен бірге туған жер табиғатына тамсану» – бұл жазушының туған өлкесі мен оның бай табиғаты туралы бейнематериал.