«Сырдарияның» бір сыры

Сәбит Мұқанов «Сырдария» романын 1947 жылы жазыпты. Сырдариядай үлкен суды, күріш пен күрмекті өмірде кеш көріпті, құлпырып өскен күріш, ай мүсіндес имек орақпен де жасы бел ортадан асқанда жүздесіп, жанына сырлас қылған екен. Ол заңды да. Солтүстіктің тумасы, ақ қар, көк мұзда өскен қаламгер ХХ ғасырдың ортасында өзі көріп-білмеген күріш деген дақылдың сөзбен суретін салып, Ары қарай оқу …
Cәбит пен Мағжан
Академик-жазушы, «Қызылжар қаласының құрметті азаматы » Сәбит Мұқановтың туғанына биыл 110 жыл толады. Сәбеңнің өмірі мен шығармашылық жолы осы өңірмен тікелей байланысты. Әсіресе, қазіргі «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің негізін қалаушылардың бірі деп айтуға болады. Жастайынан жетімдік көрген ол талмай еңбектенуінің арқасында өз қолы өз аузына жетісімен адамдарға қолдан келген көмегін аяған жоқ. Сонысымен Ары қарай оқу …
Ағайынға ардақты, халқына қалаулы нағашым тау тұлғалы адам еді

Ел тарихында ұлы тұлға дәрежесіне жеткен адам – барша отандастарының, соның ішінде жерлестерінің зор мақтанышы. Ал осындай адам жақының болса, төбең көкке жеткендей мерей емес пе?! Осы ретте туғанына 110 жыл толып отырған Сәбит Мұқанов менің нағашым екенін қалайша мақтан тұтпаймын?!
Оның нағашылық, менің жиеншарлық жолым былай: әкем Әшкар Сауытов – Сәбит Мұқановтың Ары қарай оқу …