Қаламдастар лебізі
Сәбиттің өмірі мен еңбегі жазушының бір басының ерекшелігін ғана баян етпейді. Ол қазақ әдебиетінің тарихындағы аса күрделі дәуірдің өскен жолын, ізденген мүддесін, жеткен өрісін де баян етеді. Сол себепті оның көрнекті, көркем шығармасының көпшілігі қазақтың бастауыш және орта мектебінің барлық оқу құралдарына кірген.
Мұхтар ӘУЕЗОВ.
Қазақ халқы Сәбит Мұқановты осынша неге Ары қарай оқу …
Біртуар тұлға
Қазақстанның солтүстік өңірі тума таланттарға бай. Әрісі — Шал ақын, Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, берісі — Мағжан, Сәбит, Ғабит… Әрқайсысы қазақ өнері мен әдебиетінің бір-бір мықты діңгегі іспеттес. Осы жарқыраған шоқ жұлдыздар ішінде Сәбит Мұқанов есімі жерлестеріне ерекше ыстық.
Сәбит ағамыздың шығармашылық мұрасына әдебиет зерттеушілері, сыншылар өз бағаларын беруде. Несін Ары қарай оқу …