«С.Мұқанов атындағы ОӘҒК алған сыйлықтар мен сыйлаушылар» онлайн шолуы – М.Т. Ашимова

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, СҚО-ның және Есіл ауданының Құрметті азаматы М.М.Қанғожиннің қорымен таныстыру
Сәбит Мұқановтың жолжазба шығармалары

2020 жылдың 4 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей эфирінде академик, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын Тайшыбай «Сәбит Мұқановтың жолжазба шығармалары» тақырыбында әңгімеледі. Әңгіме барысында Сәбит Мұқановтың 1952 жылғы Сарыарқаға сапары – Балқаш, Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, туған жері Жаманшұбарға келгендегі жазған Ары қарай оқу …
«Сәбит Мұқановпен бірге туған жер табиғатына тамсану»

Сәбит Мұқанов–қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, қоғам қайраткері, академик.
Өз туған жері туралы Сәбит Мұқанов былай деп жазған: «Мен туып-өскен жер «Жаманшұбар» деген қызық атқа ие. Менің туыстарым жақын жерде, Қарағаштан 70-80 шақырым қашықтықта бос жатқан жерлер бар екенін білген. Сол жерге бет алған. Бұл жерде шексіз кең далалар болды. Жерінің сапасы Ары қарай оқу …
«Жәдігер» Сәбит Мұқановтың 121 жылдығына орай

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың музей-үйі 40 жылдан астам уақыт халыққа мәдени-ғылыми-ағартушылық қызмет көрсетіп келеді. Жазушы бұл үйде өмірінің соңғы 8 жылын өткізіпті. Пәтердің ішкі көрінісі жазушының көзі тірісіндегі қалпын сақтаған. Музейден Сәбит Мұқанов өзі тұтынған құнды жәдігерлер, кітап, сыр толы жазбаларды көре аласыздар. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Осы бейнежазбада көрсетілген Ары қарай оқу …
«Бостандықпен қанаттанғандар қатарында: жазушы С. Мұқанов пен ақын Б. Ізтолин»

Біздің тікелей эфиріміздің кезекті шығарылымы отандық әдебиеттің танымал өкілдеріне арналған. ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы жарқын жас ақындардың бірі Баймағанбет Ізтолиннің қысқа және қайғылы өмірі туралы біз қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың естеліктерінен білеміз. Ол өзінің «Өмір мектебі» трилогиясының беттерінде ақынның жарқын бейнесін жасады.