ЖарияланғанAngela:
«Сәбит Мұқанов – халық жазушысы»

Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспановамен «Сәбит Мұқанов – халық жазушысы» тақырыбында онлайн кездесу өтті.
Ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Марал Зейнел-Ғабиқызы Оспанова қазақ әдебиетінің алыбы, заңғар жазушы, жерлесіміз Сәбит Мұқановтың шығармашылығына жан-жақты тоқталды. Оның қазақ әдебиетінің дамып, өркендеуіне қосқан зор үлесі, жас жазушыларға жасаған қамқорлығы, адамгершілік қасиеттері туралы да айтып берді.
Сәбит Мұқанов – айтыс зерттеушісі

Біз Сәбит Мұқановты көп жағдайда қаламынан «қазақ әдебиетінің алтын қорына» енген небір көркем дүниелер, кестелі шығармалар тудырған классик жазушы ретінде танимыз. Қаламгердің халық ауыз әдебиетінің ішіндегі айтыс өнеріне ерекше назар аударғаны айтылмай қалып жатады.
Жазушының 1939 жылы жарық көрген «Айтыс және ақын» атты көлемді мақаласы кейін 1941 жылы «Айтыс» жинағының I томына кіріспе болып Ары қарай оқу …
Сәбең жолы жарқырап жатыр

«…Менің әке-шешемнің бейіті жатқан өлкеге тұрғың өлдің қойған аты – Жаманшұбар» деп бастайды да, Сәбең бұл атаудың тарихын түсіндіреді: «Жаман» деген сөз түсінікті. Ал «Шұбар» деп біздің елде жазық далаға бытырай өскен жас ағаштарды айтады». Түсінікті болса да, қалайша жаман деп аталуын жазушы былай пайымдаған. «Көшпелі ауылдардың әдеті – жаз жайлаған жерлерін күз ел көшкен Ары қарай оқу …
Жолы болғыш Ғабең

(Соңы. Басы өткен сандарда).
«Менен жазушы шыға қоймас» деп Ғабит Мүсірепов өз талантына дүдәмалдықпен қарап, бала кезінен табиғатты, аң-құс аулауды жақсы көргендіктен жұмысшы факультетін аяқтағаннан кейін ешкіммен ақылдаспай Омбы қаласындағы Сібір ауыл шаруашылығы академиясына оқуға кетіп қалады. Оны бітіргеннен кейін қазіргі Ақмола облысына қарасты «қазақтың Швейцариясы» деп аталатын Бурабайда орналасқан орман техникумына оқытушы болып орналасады. Бірақ Ары қарай оқу …
Заманының заңғары

(Соңы. Басы өткен сандарда).
Мәриям шешеймен және оның баласы Марат Сәбитұлымен бұдан кейін де талай кездестім. Ұмытпасам, 1975 жылдың маусым айы болатын. Сәбең де, Ғабең де туған жерге негізінен осы айда келетін. Өйткені, бұл кезде диқандар егіндерін салып болады, пішен дайындауға уақыт ертерек. Сондықтан халықтың қолы босырақ, шаруаларына бөгет болмайды. Мәриям шешей қыздарымен ұшақпен келді. Ары қарай оқу …