Жан жылуымен бауырына тартқан талайды
Студент шағымда Сәбеңмен үш рет жуздесудің сәті түскен екен. Бірінші кездесуім былай болды. Алматы қаласы 1957 жылдың қазан айы. Көшеде күтпеген жерде қазіргі Жамбыл ауданындағы Баян орта мектебінде үш жыл бірге оқып, осы жылы орта мектепті бірге бітірген сыпыптас жолдасым Темірхап Кәрбозовты (қазір Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында тұрады) кездестіре кеттім. Темірхаи Алматыға С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне сырттай оқу боліміие түсуге келгн екен. Қайда тұрып жатқаның сұрағанымда:
– Сәбит Мұқановтың үйінде тұрамын, – деді мақтаныш сезіммен. Жаны жайсаң ол кісінің үйінде тұрмақ түгілі, бір кездесуге ынтық болып жүргендіктен, сол сәт Темірханға қандай бақыттысың дегендей қызыға қарай қалыппын.
– Сәбеңнің үйінде тұратындай ол кісі сенің қандай туысың? – деймін әзіл-шыны аралас.
– Сәбеңнің ауылдағы Шәкен деген інісі бізге құда болады, – деп ол тағы бір қайырды.
– Жарайды, үйі неше бөлмелі, жұмыс кабинеті қандай? – деп мен үй жағдайын сұрастыра бастадым.
– Бүгінгі әңгімесіне қарағанда ертең Мәриям апай екеуі жол жүрмек. Мен үйде жалғыз қаламын. Келіп қал үйін көресің, шахмат ойнайық, – деді ол.
Мен қуана келістім. Тағатсыздана келер күнді күттім. Мұқан Төлебаев көшесіндегі Сәбеңнің үйі біздің ҚазПИ-дің жатақханасынан алыс емес еді. Күн жексенбі. Таңертеңгі сағат ондар шамасында Темірхан берген мекен-жай бойынша келіп, пәтердің қоңырауын бастым. Үйде Темір-ханнан басқа ешкім жоқ қой деп дабырлай сөйлей ішке кірсем, Сәбең үйде шай ішіп отыр. Ас бөлмесі үйге кіретін есіктің дәл қарсысында екек. Ашық тұрған есіктен Сәбең көзіме бірден түсті. Не істерімді білмей, сасып, аңтарылып тұрып қалдым. Қайтадан шығып кету ретсіз, әрине, оны түсініп тұрмын.
-Шайға кел жігітім, – деді Сәбең. «Рахмет!» дегеніме ол кісі қоймады, сосын дастарқанға жақындадым. Сәбең шайды қайнап тұрған самауырдан ішеді дегенді талай естуші едім, расында да солай екен. Мәриям апай шайды самауырдан құйып отыр. Әлгі жерде өне бойым өзгеріп салып, қатты ыңғайсызданып, бір кесе шайды әзер тауыстым. Жан-жағыма қарауға да батылым барар емес. Шай үстіндегі әңгімеден байқағаным, Темірханның айтқаны рас екен Бірақ денсаулығына байланысты олар жол жүруді кейінге қалдырыпты. Шайдан кейін Сәбең сырттан кіргенде оң жақта орналасқан өзінің бөлмесіне шақырды. Есімде қалғаны – бөлмеде жағалай кітап сөрелері. Жазу үстелінің тұсында қолдан жасаған домбыра ілулі тұр.
-Ал жігітім, қай ауылдансың? Кімнің баласысың? Қайда оқисың? – деп сұрақтар қоя әңгімеге тартты. Одан әрі мені тыңдап болысымен:
– Сен Бидалы Уақтың Өтей-Дәуіш ауылынан екенсің. Баймағамбет Ізтөлин сендерге туыс, оның ауылын «Шәліңке ауылы» дейді. Сендердің ауылдарың «Молалы» көлінің, ал Баймағамбеттің ауылы «Қырғызбай» көлінің жағасында қатар орналасқан. Баймағамбет атаңның қолда бар шығармаларының жинағын кітап қылып шығардым. Баспадан шыққалы екі ай ғана болды, – деп «Арманды ақын» кітабына қолтаңбасын қойып берген Сәбең әңгімесін әрі қарай жалғастырды.
– Бұл кітапқа Баймағамбеттің 16 өлеңі ғана кірді. Шығармаларының жоғалып кеткенін менің жазғанымнан білесіңдер. Ел аузында қалған өлеңдері болуы мүмкін саған оның бөтендігі де жоқ, жинастыруларың керек, – деді.
Сәбеңнің осы аманатын кейін орындағандай болдық. 2001 жылы «Асыл мұра» орталығы Баймағамбет Ізтөлиннің ел аузында қалған өлеңдерін жинастырып және ақын жайлы зерттеу, естеліктерді қосып «Арманды ақын» атты көлемді кітап шығардық. Ақынның туыстары тұратын Жамбыл ауданындағы Киров ауылына Баймағамбет Ізтөлиннің атын бергізуге
ықпал жасадық. Облысымызда ақынныңқырды. Есімде қалғаны – бөлмеде жағалай кітап сөрелері. Жазу үстелінің тұсын- да қолдан жасаған домбыра ілулі тұр.
Ал жігітім, қай ауылдансың? Кімнің баласысың? Қайда оқисың? – деп сұүрақтар қоя әңгімеге тартты. Одан әрі мені тыңдап болысымен
Сен Бидалы Уақтың Өтей-Дәуіш ауылынан екенсің. Баймағамбет Ізтөлин сендерге туыс, оның ауылын «Шәліңке ауылы» дейді. Сендердің ауылдарың «Молалы» көлінің, ал Баймағамбеттің ауылы «Қырғызбай» көлінің жағасында қатар орналасқан Баймағамбет атаңның қолда бар шығармаларының жинағын кітап қылып шығардым. Баспадан шыққалы екі ай ды, – деп «Арманды ақын» кітабына қолтаңбасын қойып берген Сәбең әңгімесін әрі қарай жалғастырды.
– Бұл кітапқа Баймағамбеттің 16 өлеңі ғана кірді. Шығармаларының жоғалып кеткенін менің жазғанымнан білесіңдер. Ел аузында қалған өлеңдері болуы мүмкін саған оның бөтендігі де жоқ, жинастыруларың керек, – деді.
Сәбеңнің осы аманатын кейін орындағандай болдық. 2001 жылы «Асыл мұра» орталығы Баймағамбет ізтөлиннің ел ау- зында қалған өлеңдерін жинастырып және ақын жайлы зерттеу, естеліктерді қосып «Арманды ақын» атты келемді кітап шығардық. Ақынның туыстары тұратын Жамбыл ауданындағы Киров ауылына Баймағамбет Ізтөлиннің атын бергізуге ықпал жасадық. Облысымызда ақынның туған күні жыл сайын атап өтіледі. Осының бәрі бүгінде Сәбеңнің өзі бастап кеткен ақынды ұлықтау ісінің жалғасы іспетті.
Осы жолғы кездесуде Сәбең әңгімесін одан әрі былай жалғастырды:
– Сенің әкеңді білмегенмен, ұлы атаң Сағынбайды жақсы білемін. Ол кісіні білетін себебім, оның бәйге алдын бермейтін жүйрік қара қасқа аты бар еді. Нұртаза осы бәйге атына қызығып, саудаласып төрт жылқы беріп алатын болды. Содан екі адам екеуіне салт мініп, екеуін жетектеп Жаманшұбардан 30 шақырымдай жердегі Өтей-Дәуіш ауылындағы атаңның үйіне алып келдік. Біз әкелген төрт жылқының біреуі атаңа ұнамай, оның үстіне ауқатты ағайындары Жоламанның Ақыжаң Доскей деген балалары және сол өңірде аңшылық өңерімен аты шыққан Кесен қажылар: «Сен үлкен тойлардың әрқайсысынан бас бәйгеге бір жылқы алып отырған атыңды төрт мәстекке бердің», – деп атаңды айнытың-қырап қойса керек. Содан әлгі топты бастап келген жанымдағы адам мені үш жылқымен атаңның үйіне тастап, келесі күні ұнамаған жылқыны айырбастап алып келді. Мен сол атпен талай жарыстарда бәйге алып жүрдім, – деді сол бір кездесу сәтінде Сәбең.
1960 жылдың сәуір айы. Алматы Сәбеңнің 60 жылдық мерейтойына қызу дайындалып жатты. Абай атындағы опера және балет театрында өтетін мерейтойдың салтанатты мәжілісіне Мәскеуден, одақтық республикадаң тіпті, шетелдерден ақын-жазушылар қатысады деп газеттер үсті-үстіне жазды. Осындай үлкен салтанатқа кімнің барғысы келмейді дейсің. Бірақ шақыру билеті біз түгілі, бізден жоғары адамдардың өзіне тимеді. Салтанатты мәжіліске үш-төрт күн қалғанда Сәбеңнің үйіне бардым. Сәбең үйде жоқ екен Мәриям апайға келген шаруамды айттым.
– Менің қолымда шақыру билеті жоқ. Сәбеңе айтайын ертең кел – деді апай. Ертеңіне барғанымда Сәбең екі бірдей шақыру билетін қолыма ұстатты.
Сәбең мерейтойына арналған бұл мәжіліс менің өмірімдегі мәңгі есте қаларлықтай күн болды. Барлық одақтас республикалардан келген делегациялардың басшылары президиумда, ал алғашқы қатарларда басқа елдерден келген қонақтар, мемлекет басшылары, жазушылар, одан кейінгі қатарда Сәбеңнің туыстары отырды. Менің орным осы қатарда болып шықты. Артыма қарасам, дәл сыртымда ҚазПИ-дің ректоры Мәлік Ғабдуллин, Қажым Жұмалиев, Серік Қирабаев, тағы басқа оқытушылар отыр. Олардың алдындағы қатарда отырғаныма мен қатты ыңғайсыздандым.
– Сені бұл арада неге отыр десем, айтпақшы сен «Кіпитан» екенсің ғой, – деді Мәлік Ғабдуллин
Ол кезде қазіргі Жамбыл ауданы Преснов ауданы деп аталатын Сол себепті біздің өңірдің тарихын жақсы білетін Мәкең Пресновтың қазақша атауына орай мені «Кіпитан», кейде «Потанин» дейтің.
Бірде Теміртау қаласында паровоз жүргізушісінің көмекшісі болып істейтін Қайыргелді Ізтөлин (Баймағамбет Ізтөлиннің інісінің баласы) мен Сәркен Құлмағамбетов ҚазГУ-дің филология факультетіне сыртай оқуға түсуге келген еді. Әңгіме арасында Қайыргелді шақыру қағазын кеш алғанын, дайындығы жоқ екенін, ертең таңертең сағат 9-да қазақ әдебиетінен емтихан екенін білдірді. Екеуміз ақылдаса келе кемек сұрамақ болып Сәбеңе бардық. Баймағамбет Ізтөлинді аса қадірлейтін Сәбең Қайыргелді екеумізді өте жақсы қарсы алды. Қабылдау емтиханын алатын Зейнолла Қабдоловқа төте жазумен қағаз жазып берді. Сөйтіп, сол жолы Сәбеңнің шапағатымен Қайыргелді оқуға қабылданып еді.
Не керек, жан жылуымен талайды бауырына тартқан ұбл адамның қарапайым мінезі кімді болсын таң қалдыратын. Әлі де солай есте сақталуда.
Социал Жұмабаев “Асыл Мұра” орталығының қызметкері.
Солтүстік Қазақстан.- 2010 жыл.- 3 cәуір.- 5 бет.