Ұмытылмас есім
Ұлы адамдар жайлы естелік жазу өте жоғары жауапкершілікті қажет ететінін біле тұра, өзім аса кұрмет тұтатын алып тұлға, жерлес жазушы-академик Сәбит Мұқанов жайлы қағаз бетіне үзік сыр түсірмеу кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені марқұм Сәбит ағаның сыр алысар, ой бөлісер жан аямас досы, не болмаса туысы болмасам да сонау астанамыз Алматыдан туып-өскен атамекені Есіл өңіріне келе қалғанда үлкен жазушы ағанын қасында болып, қолына су құйып, орамадын әперігі. Ізет көрсеткенім, ұлағатты әңгімесін, келелі кеңесін тыңдағаным шындың. Менің бұл ісім Сәбит ағаға жағыну, болмаса оған көрініп қалу емес, дүниеге қайталанып – келе бермейтін ұлы жүректі Адамға інілік қызмет, сүйіспеншілік, кішілік көрсетуден туған еді. Халқымыздың Сәбит Мұқановтай ұлдары көптеп туа берсе оларға қызмет етуден қай қазақтын қара баласы жалығар дейсіз. Ол бір сәулелі бақыт емес пе! Кезінде сондай бақыт құсы менің де басыма қонған.
Ұмытпасам 1967 жылдың маусымында Қызылжарға жерлес жазушы С. Мұқанов келді. Қасында сапарлас серіктері де бар. Бірі – көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев, ал екіншісі өзіміздің облысымыздың айтыс ақыны, асқақ әнші Игібай Әлібаев. Сәбит ағанын Солтүстік Қазақстан облысына әдейі ат басын тіреуінде менің түсінігімше екі себеп бар. Біріншісі жылдағы әдеті бойынша туған жеріне келіп, өзімен бірге өскен жора-жолдаетарымен қауышу.
Адам баласы елде тартып, қартая бастағанда, жастық шағында өткен оқиғаларды есіне түсіріп, қызықтап, аңсайды. Сол жас дәуренді бірге думандатқан достарды іздейді, сағынады. Міне, сол сағыныш Сәбит ағаны да Қызылжарға жиі-жиі жетеледі ғой деп ойлаймын.
Жазушының бұл сапарының тағы бір мәні бар. Қызылжарлықтар оны Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа кандидат етіп ұсынған болатын. Республика парламентіне ұсынылған кандидат пен сайлаушылардың кездесу рәсімі де болуға тиісті еді.
– Ойқаладағы «Заря» кинотеатрында Сәбит Мұқанов сайлаушылармен кездеседі, сен сонда сөз сөйлеүің керек, – деді бірде телевизия және радио хабарларын тарату женіндегі облыстың басқарма партия ұйымының секретары Вениамин Федорович Яковлев.
– Онда мен не айтам, – дедім шынымен сасқалақтап. Мен үшін тосын қойылған бұл тапсырмаға сенерімді де, сенбесімді де білмедім. Бойымды бір түсініксіз сезім билеп алды. Тоңазығандай болып қалтырап кетем, әп сәтте бетім ду ете қалып шоқтай жанып, терлеп кетем. Облыс, республика халқы түгіл, бүкіл Совет елі, барша әлем қол соғып, құрмет тұтатын Сәбит Мұқановтын алдында менің міңгірлегенім қалай болады? Бұл кісі жайында салиқалы да салмақты ой айту менің шама-шарқымнан келмесе не болдым? Әй, осы біздің адамдар да қызық, ештеңенін байыбына, маңызына жетпестен кем пішіп, келте қайыра салады. Әйтпесе, осынау Қызылжардан, тіпті, телевизия мен радио басқармасынан менен өзге адам таппағаны несі деймін іштей күйініп. Дауыл түнгі аспалы көпірде тұрғандай халімді байқаған парторг «ничего», – деп мені жігер лендіріп, ақыл айтып жатыр. Менің алай-былай бұлталақтағаныма көнетін ол жоқ.
Сонымен тәуекелге келдім де алдымен қазақ тілінде, содан соң орыс тілінде Сәбит ағаның кандидатурасын сайлаушылар алдын да қолдап сөйлейтін болдым.
Кешкі сағат 17. Кинотеатрдың залы да әжептәуір бар екен. Жиналған халықтан ине шаншар жер жоқ десе де болғандай, отырар орын болмағандар екі аяқтан тік тұр. Бәрі де «Сәбит Мұқановтың сөзін тыңдаймыз» деген ниетте мойын дарын соза түсіп, тыныштала қалған. Шыбынның ызыңы естілетіндей. Осы тыныштықты жазушының тамағын кеней, шыққан жінішкелеу даусы бөліп жіберді… Сәбит аға көп сөйлеген жоқ. Бірақ керісінше сайлаушылар жағынан өз кандидаттарына беріп жатқан аманаттары молырақ сияқты. Сөйлеушілер бірінен соң бірі шығып, оны жіпке тізгендей айтып жатыр. С. Мұқанов сахна төріндегі қызыл матамен жабылған столдың дәл орта тұсында кең маңдайы жарқырап, қапсағай мол денесімен халыққа қарай ұмтыла түсін, бар бейілімен, жан-тәнімен, елдің сөзін ынтыға тыңдап отыр.
Бір кезде маған да сөз кезегі келді.
– Жолдастар, әркімнің өзінің сүйікті жазушысы болады. Сондай жазушым Сейфуллин, Майлиндер мен қазақ совет әдебиетінің қара шаңырағын көтерушілердің бірі, академик-жазушы, жерлесіміз, қаламыздың құрметті азаматы Сәбит Муканов. Сәбит аға-мыздың . шығармалары тек қана қазақ оқырмандары-на гана емес, көп ұлтты со. вет халкының бәріне де таныс.
…Ағамыздың өмірі мен творчестволық жолы әрбір совет азаматына, әсіресе, жас ұрпаққа үлгі-өнеге.
№ 335— Подгорный сайлау округі бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаттығына кандидат етіп ұсынылып отырған ардақты азамат, қадірлі жерлесімізге бірауыздан дауыс беруге шақырамын, —дедім.
Кездесу аяқталды. Жұрт тарай бастады. Сәбит ағада есіктен шығып барады екен, мені көрді де:
– Қарағым, рахмет, екі тілде жақсы сөйледің ана машинаға отыр, бірге барамыз, – деді есік пен төрдей ұзын қара «ЗИМ-дш» нұсқап. Ағаның жанында облыстық атқару комитеті председателінің орынбасары Л. Н. Орлова бар екен. Біз отырған машина қонақ үйге қарай бет алды. Жолшыбай менен жөн сұрап, қай жерден, қай ауылдан екенімді анықтап жатыр Сәбйт аға. Ленин ауданына қарасты Қарағаш ауылынанмын дегенім сол екен, аға маған қарай оқыс бұрылып:
– Иә, сен Қайсардың ауылынансың ба? – дегені.
– Сол ауылданмын, – деп жатырмын.
– Е, айналайын. Қайсар… Қайсар… – деді Сәбит аға ақырын ғана ойланғандай. Сөйтті де: «Осы өңірден шыққан алғашқы комсомол дардың ішінен бірталай қызмет жасап, Отанына, еліне көп еңбек сіңірген комсомолдың біреуі Қайсар Тәштитов, Ол менен төрт жас кіші еді. Біз онымен 1922 жылы осы Қызылжарда «Қазақ-татар клубының» – сауың кешінде таныстық. Күн сайын болатын мұндай сауық кештерді ұйымдастырушылардың бірі Қайсар екен. Комсомол ұйымына 21-жылы түскен ол ауыл арасыйда да бірталай қызмет атқарып, Қызылжарға шыныққан комсомол болып келіпті, Кейін Алматы қаласында көріп, бұрынғыдан да жақсы танысып, араласып та кеттік.
Қайсарды жақсы көріп қалғандықтан мен өзімнің «Сұлушаш» деп аталатын поэмамның басты бір геройын Қайсар деп атағам», — деп ардақты аға Қайсардың бүкіл өмір жолын, Қазақстан комсомолына сіңірген еңбегін жырдай айтты. Сондағы менің қайран қалғаным, адамдардың аты-жөнін, жер, су аттарын бұлжыт пай есінде сақтауы.
Өзіміз бірге қызмет істеп жүрген кісілердің есімдерін кейде ұмытып қалып жатамыз. Ал Сәбит аға тірі шежіре, көне тарих еді. Қандай тақырыпта әңгіме қозғасаң да тайпалған жорғадай кесіліп кетер еді. Тыңдаушыны өзіне тәнті етіп тастайтын, өзіне еріксіз тартып алатын қасиеті бар болатын.
Академик-жазушы С. Мұқановтың Қызылжар қаласын көркейтіп, оның мәдени-әлеуметтік жағдайын жақсартуға қосқан үлесі мол. Кейіннен өзінің есімімен аталған облыстық кітапхана, қаламыздағы Драма театры мен орта мектеп құрылысы Сәбит ағаның тікелей араласуымен салынған ғимараттар. Оның қаламыздың Құрметті азаматы деген мәртебелі атақ алуының ең негізгі сыры да осында жатыр.
…Қонақ үйге келеек Сәбит ағаның бөлмесінде Игібай Әлібаев, Мұзафар Әлімбаеа, Уақит Темірбеков, Мәлғаждар Әуелбеков отыр екен. Сәбит аға есіктен кіре бергенде Игібай ақын үкілі домбырасын бебеулетіп жіберді де, өзінің асқақ даусына басты дерсің. Акын термелеп жөнелді. Отырғандар әншіні қолдап, қолпаштап жатыр. Игібай ақынның мұнысы Сәбит Мұқановқа көрсетіп отырған қошеметі, бір жағынан әзілі сияқты көрінді маған. Кейіннен байқағаным Игібай ақын Сәбит ағамен қалжыңдаса да береді екен. Қалжың-әзілдері өте жарасып тұратынын да көрдім.
Иекең Біржанның көкке өрлеген қанатты әнін де. Ақанның мұңын да, Үкілі Ыбырайдың сырлы жырын да төгілтті. Сәбит аға ақын даусы шарықтай көтерілген де: «О-о-оу деген» – деп Иекеңді қолтықтап, көтермелеп кояды. Тамаша бір рахат құшағына енгендей әнді құмарта тыңдайды.
– Аға, ертең кешке телевизиядан сөйлеуіңіз керек екен. Басшыларымыз бен цензура қызметкерлері сөйлейтін сөзіңіздің тексін сұрайды, – дедім. – Не туралы айтады екен дейтін шығар, – деп қойдым тағы да.
– Қарғам-ау мен не айтады дейсің. Құдай аузыма не салады, соны айтамын да, —деді сықылдай күліп жазушы.
Сәбит аға Петропавл телевизия студиясына белгіленген уақытында келді. Қасында жоғарыда айтылған жолсеріктері бар. Меймандармен хабарды мен жүргізіп отырмын.
Жерлес жазушы өзінің творчествосы жайлы айта келіп, жалпы Қазақстан жазушыларының бүгінгі қол жеткен табыстарын тілге тиек етті. Өзі айтқандай, оның қолында бір парақ қағаз да болған жоқ. Көпшілікке айтарын көкірегіне бұрын-ақ жазып алғандай. Енді сол жазғандарын төгіп отыр, іркіліссіз тоқтаусыз ағыл-тегіл ақтаруда. Жазушының туған халқына айтары болғаны қандай ғажап.
Октябрь шапағатына бөленген Қызылжар өңірінде болған өзгерістер, азаттық, бостандық жолында ақ бандылардан қапыда мерт болған революционерлер жайлы көрермендердің жүрегіне жеткізген. Қайран Баймағамбет жанып тұрған жалын едің-ау! – деуші еді ақын, революционер Ізтөлинді есіне түсіріп. Ол да мына сендердің телестудияларыңның жанындағы Бауырластар қабірінде жерленген, – деп ақынның өлмес жырын оқыпа берді.
– Қызылжарда Хафиз Базарбаев деген жігіт болды, —деп Сәбит аға қаламызда комсомол ячейкасын алғаш ұйымдастырушылардың бірі туралы әңгімелеп кеткен. Ол өзі қаланың төңірегіндегі былғары заводының жұмысшысы Базарбайдың семьясында туған. Февраль революциясы болған жылы Хафиз 18 жаста еді. Сол жасына қарамай Қызылжарда ұйымдасқан Совдеп ісіне араласып, белсенділік көрсеткен. Кызылжар большевиктерінен үлкен саяси тәрбие алған. Осындай комсомолдық қызу істе жүрген Хафизді 1921 жылдың басында Советке қарсы күресіп жүрген кулактар мен байлар ат құйрығына сүйреп ауыр азап пен өлтірді.
Қызылжарда Базарбаев атына қойылған көше бар. Хафиз өлтірілгенмен комсомол ұйымы Қызылжардан жойылып кеткен жоқ. Бұл қалада қазір комсомол ұйымының мүшелері мыңдап саналады. Солардың бәрі де ер ағалары Хафиз Базарбаевты есіне мәңгі сақтайтынына сенемін!
Ұлы қаламгердің осы жолғы сөзінің негізгі бағыты жастарға арналып еді. Жалынды революционер ағаларымыздың атқарған үлгілі істері кейінгі ұрпаққа өлшеусіз тәрбие мектебі екенін айтқан екен ғой жазушы.
Сәбит Мұқановтың ақын-жазушыларға, жас талаптарға ұстаздығы, қамқорлығы, оның адамгершілігі, қызық-қызық мінездері жайында әлі де талай естеліктер жазылары анық. Қазақ совет әдебиетінің өсіп, өркендеуін, қалыптасуын Сәбит Мұқановсыз ұғыну, түсіну мүмкін емес. Ол қазақ совет әдебиетінін нулы орманында жеке дара көзге ұрып тұратын бәйтерек, асқақ бәйтерек.
Сәбит ағаға деген ыстық ықыластан, сағыныштан туған өлеңім бар еді. Ұлы жазушыға деген құрметімді білдіру ниетімен сол өлеңімді де келтіре кетуді жөн көріп отырмын.
Есілдін өзің өскен атырабы,
Құлпырын, нудың жырлап жапырағы,
Қырдағы Қызылжарың сағынды ма.
Сәбе! — деп көшелері шақырады.
Сем жүрген құба жон да жатыр әлі,
Бұрқылдап күлгін-ала топырағы,
Сағынып талай барған «Тың теңізің»
Сылдыр-сылдыр Сәбеі — деп шақырады.
Толқынды толқын қуып, жапырады,
«Дос» деген бұлай суын сапырады!?
Дөңінде «Түлкіойнақтын» жел суылдап.
Сәбе!— деп сызылып ән шақырады.
Кеше— бар, бүгіиде ол жоқ. Осы арасын,
Тірліктің қалай ғана хош аласың?
Туған жер ұлын жоқтап толғанғанда,
Жүрегің сыздан, көзіне жас аласың.
Мүтәлләп ҚАНҒОЖИН.
Қанғожин М. Ұмытылмас есім // Есіл пернелері.-1990.-маусым.-2-4 б.