Өзіне сәулесін шашқан елін сүйіп өткен
» Бұл дниеде елін, жерін шынайы сүйіп өткен Сәбеңнің өмірі бүгінгі тәуелсіз еліміздің барша халқына үлгі болсын». Нурсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Үстіміздегі жылы академик-жазушы Сәбит Мұқаповтың туғанына -110 жыл. Даңқты жерлесіміз Сәбит Мұқанов «Сөз өнері — дертпен тең» деген екен кезінде. Сәбит атамыздың сөзін ұрпағы ұмытпайды. Сәбит дегенде тебіреніп, жұректі баурап аларлықтай әсер сезім қалдырған ақын шығармаларын оқығанда көңілің шарықтай лаулап кетеді. Ізгіліктің шын тұлпары — Сәбит атамыз өмір өрінен қызғылықты орын алып, халқын, өзіне сәулесін, нұрын шашқан елін, жерін жырлап өтгі.
Сәбит Мұқанов — суреткерлік талантымен де, азаматтық қырымен де, жеткен бақытымен де, шеккен азабымен де, алған атағымен де өз халқымен, ұлттық руханиятымызбен ешкім ешқашан ажыратпастай ерен тұлға. Сондықтан да Сәбеңнің өмірі, ізгі істері біздерге, келешек ұрпаққа үлкен үлгі. Сәбеңнің өмірі әр уақытта ұлы ізденістерге толы өтаен ғасырда, тынымсыз ізденіс пен күрес үстінде еңбек еткен, өз заманының құдіретін де, қасіретін де, жетістігін де, кемістігін де қаз-қалпыпда қағазға түсіріп кеткен.
Сөнау 1954 жылы қазақ жеріне тың игерушілер қоныс аудара бастағанда білім беру саласында да үлкен бетбұрыс байқалды. Шағын ауылдар ірілендіру, «орталықтандыру» саясатымен үлкен кеңшарларға біріктіріліп, шоғырландырылды. Бұкіл елге аян, қазақ мектептері жанпай жабылып, кеңшар орталықтарында орыс мектептері көптеп ашылды. Сол жылдары Сәбеңнің өз ауылында шағын бастауыш мектепке де жабылып қалу қаупі төнді. Сонда ардақты атамыз Сәбит Мұқанов өз қаражатымен сегіз жылдық мектеп үйін салғызып, бес сынып ашты. Ауылда сегіз жылдық мектеп ашылғанымен, ол мектептің әр жылдары жабылып қалу қаупі тоқтамады. Сан түрлі сылтаулар әр жылда табылып тұрды. Соның бірі оқушы санының аздығы болса, кеңшар басшылары көлденең шығып, «орталықтағы орыс мектебінің әр сыныбына үш-төрт баладан қосып жіберсе болмай ма, жас бала орыс тілін тез үйренеді. Келешегі бар балаға орыстілін білу қажет», — деді. Бірақ атамыз Алматыда тұрса да, мектебінің жайынан толық хабардар болып, қазақ балаларын өз ана тілінен айырмаудың жолында табан тіреген қайсарлығын танытты. Өзінің жеке кітапханасынан екі жүзге тарта әдеби кітаптарды ауылға сыйға тартып, мектепте тұңғыш рет кітапхана ашылып, шкафтар кітапқа толтырылды. Әр кітапқа өзінің қолтаңбасы мен жеке мөрі басылған еді. Мектеп директорлары — «Өмір мектебіндегі» Сәбит Мұқановтың мұғалімі, Шайынның күйеу баласы Әбдіреш Дүйсенбин, Әнуарбек Әубәкіров, Махмет Қожахметов, Мәкен Қалиев, Жеңіс Молдахме-тов, Тұрсымбек Бралин, Гүлнара Нұрахметова, Сапура Кәленова, міне, осы кісілерді алсақ, олар «Өмір мектебінің» кітабындағы кейіпкерлердің балалары, немерелері және келіндері саналады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін заман өзгерді, қазақ мектептері, қазақ балабақшалары қайтадан ашыла бастады. Қайталап айтсақ, Сәбит атамыз қиын-қыстау кезде текке шырылдамаған екен, армакы орындалады.
«Сәбит қолына қалам ұстамаса отыра алмайтын. Бір күні әлдене шаруалар килігіп, қағазға қарай алмай, жазу үстеліне отыра алмай қалса, қабағы түсіп, ренжіп жүріп алатын. Бір күн уақытымның текке кеткені-ай, еш нәрсе жаза алмадым деп күйінетін» деп еске ала жазған Мәриям апай. Міне, Сәбит атамыз өзінің әрбір санаулы уақытын ұтымды пайдалана, кейінгі ұрпақ біздерғе үлгі-өнеге қалдыра білгендігін осыдан-ақ көруге болмай ма? Қаншама томдар жазып қалдырған, ол үшін осының бәрі көп ізденіс, көп білім, ой-толғаныстардың нәтижесі емес пе?
Орынбор рабфағында оқып жүрген кезінде Сәбең ел ішінен бір топ жегім балаларды жинап, Қызылжар мен Орынбордың жетімдер үйіне орналастырған екен. Солардың бірі — Хакім Бекішев. «Жас өспей ме, жарлы баймай ма?» дейді ғой атамыз қазақ. Сол жетім бала оқып, білім алып, қан майданға қатысып, әртүрлі әскери қызметтер атқарды. Ал кейін, яғни запастағы подполковник Сәбит Мұқанов мұражайының алғашқы директоры болды.
«… Алпысыншы жылдар шамасы ғой деймін. Бір күні таңертең қоңырау шылдырлады. Ертелетіп жүрген жолаушы ма деи есікті ашып жіберіп едім, екі аяғы тізеден жоғары кесілген, домаланған шөркедей бір жігіт. Бет әлпеті келісті қазақ: » Сәбит Мұқановтың үйі ме? » -деді. «Иә, шырағым, жүр. төрлет», — деп ішке шақырдым. Сол кезде Сәбит те: «О кім, Мәке», — деп кабинетінен шыға келді. Сәл аңтарылып қалды да: «Мәке, шайынды қамда, қонақ келді ғой», — деп бәйек болды. Жігіт қысылыңқырап әңгімесін бастады:
— Аға, университетте оқушы едім. Лекцияға қатынап жүрген қоларбамды біреулер ұрлап кетті. Енді сабаққа баруым қиындан қалды. Басқа амалым қалмаған соң сізге келдім. Үш мың сом қарыз берсеңіз. Мүгедектерге арналған машина алсам ба деп едім. Қарызыңызды кейін қайтарамын», — деді.
Сәбит жігітгің әңгімесін мұқият тыңдап: «Мәке, бері келші.Мына балаға комек берейін», — деп әлгі жерде ойланбастан танымайтын адамға үш мың сом бергізді.
Арада біраз уақыт өтті. Бір күні үйге әп-әдемі орыс келіншегі келіп түр. Сөмкесінен ақша шығарып: «Күйеуім сіздерден қарызға ақша алған екен. Көп рахмет. Машина алдық, оқуын да бітірді», — деді («Менің Сәбитім» кітабынан).
Міне, осы жағдайдьң өзі Сәбит Мұқановтың кішіпейіл, «Кемтар көрсең, көмегінді аяма» дегендей, қандай жан болғанын аңғартпай ма? Ал Сәбеңнің 1969 жылы ҚазПИ-дегі бір жиылыста (қазіргі ҚазМПУ) бұрынғы білім министрі Щербаковқа: «Ұлттық мектеп — кез келген халықтың, ұлттық мәдениетінің қайнар көзі. Мектеп — тілдің, әдебиет пен баспасөздің, өнердің көптеген тұрлерінің, тіпті, ақыр-аяғында, ұлттың ұлт болып сақталуының негізі», -деп қарсы сөйлеген сөзінен оның ұлтжанды екенін көресің.
2000 жылы ІОНЕСКО аясында аталған Сәбит атамыздың туғанына жүз жыл толу тойы қарсаңында көптеген шаралар атқарылды. Сөйтіп, Абай мен Мұхтардан кейін қазақ елін, оның әдебиетін бар әлемге танытқан «кәдімгі» Сәбит Мұқановтың есімі тағы бір паш етіліп, зор мақтанышпен аталды. Ал бұл бізге Сәбеңді ұлгі тұтын, болашақ ұрпақты өз елін, дінін, тілін сүюге тәрбиелеуде зор міндет жүктей береді.
Аудан орталығынан қырық-елу шақырымдай жерде орналасқан біздің Сәбит ауылы атамыздың жүз жылдық тойы қарсаңында біраз көркейіп, көтеріліп қалды. Аз уақытта жаңа мектеп салынды. Сәбит атамыздың мұражай үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. Дүбірлі тойға Президент Нүрсұлтан Назарбаевтың өзі бас болып, ірі-ірі ғалымдар, атақты жазушылар, мемлекет қайраткерлері келді. Елбасы жаңа мектептің салтанатты ашылуы сәтінде: «Бұл дүниеде елін, жерін шынайы сүйіп өткен Сәбеңнің өмірі бүгінгі тәуелсіз еліміздің барша халқына үлгі болсын», — деп жүрекжарды сөзін жиналған жұртшылыққа жеткізді.
Сол күн, сол сәттер мен үшің ұмытылмайды. Себебі, сол жолы Елбасымен амандасу, оның қолыңан Сәбит атамыздың атымен аталатын мектептің кілтін алу… Тағдыр маған осындай қуанышты бұйыртқан екен. Мен сол жылдары аталған мектепте директорлық қызмет атқарған едім.
Тұрсынбек Бралин Новокаменка орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Қызылжар ауданы.
Солтүстік Қазақстан.- 2010 жыл.- 22 сәуір.- 8 бет.
Қызылжарын қастерлеген Сәбит еді
Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуы қарсаңында
Ұлы адамдар жайлы естелік жазу өте жоғары жауапкершілікті қажет ететінін біле тұра, өзім аса құрмет тұтатын алып тұлға, жерлес жазушы-академик Сәбит Мұқанов жайлы қағаз бетіне үзік сыр түсірмеу кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені, марқұм Сә-бит ағаның сыр алысар, ой бөлісер жан аямас досы, не болмаса туысы болмасам да, соңау Алматыдан туып-өскен атамекені -Есіл өңіріне келе қалғанда ұлы жазушы ағаның қасында болып, балалық, інілік ізет көрсеткенім, ұлағатты әңгімесін, келелі кеңесін тыңдағаным шындық.
Ұмытпасам, 1967 жылдың маусымында Қызылжарға жерлес жазушы С. Мұқанов келді. Қасында сапарлас серіктері де бар. Бірі — көрнекті ақын ағамыз Мұзафар Әлімбаев, ал екіншісі — өзіміздің, облысымыздың айтыс ақыны, әнші, домбырашы Игібай Әлібаев. Сәбит ағаның Солтүстік Қазақстан облысына әдейі ат басын тіреуінде, менің түсінігімше, екі себеп бар. Біріншісі — жылдағы әдеті бойынша туған жеріне келіп, өзімен бірге өскен жора-жолдастарымен, ағайын-туғандарымен және оқырмандарымен қауышу. Жазушының бұл сапарының тағы бір мәні бар. Қызылжарлықтар оны Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа кандидат етіп ұсынған болатык Кандидат пен сайлаушылардың кездесу рәсімі де болуға тиісті еді.
Кешкі сағат 17. «Заря» кинотеатрының залы да әжептәуір кең екен Жиналған халықтан ине шаншар жер жоқ десе болғандай, отырар орын болмағандар түрегеліп тұр. Жиналғандардың бәрі де атақты жазушы-академик Сәбит Мұқановты көреміз, сөзін тыңдаймыз деген ниетте. Мойындарын соза түсіп, тыныштала қалған. Шыбынның ызыңы естілетіндей. Осы тыныштықты жазушының тамағын кеней шыққан жіңішкелеу даусы бөліп жіберді. Сәбит аға көп сөйлеген жоқ. Бірақ, керісінше, сайлаушылар жағынан өз кандидаттарына беріп жатқан аманаттары молырақ сияқты. Қаланың мәдениет, әлеуметтік жағдайы қашаннан оңбай келе жатқан емес пе?! Сөйлеушілер бірінен соң бірі шығып, өз ойлары мен тілек-талаптарын жіпке тізгендей айтып жатыр.
С. Мұқанов сахна төріндегі қызыл матамен жабылған столдың тура орта тұсында кең маңдайы жарқырап, қапсағай мол денесімен халыққа қарай ұмтыла түсіп, бар бейілімен, жан-тәнімен елдің сөзін ынтыға тыңдап отыр.
Кездесу аяқталды, жұрт тарай бастады. Сәбит аға да есіктен шығып барады екең мені көрді де: «Қарағым, рахмет, екі тілде жақсы сөйледің, ана машинаға отыр, бірге барамыз», — деді есік пен төрдей ұзын қара «ЗИЛ-ді» нұсқап. Ағаның жанында облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Л. П. Орлова бар екен. Біз отырған машина қонақүйге қарай бет алды. Ал оған жету үшін алдымен ойдан тауға қарай кетерілуіміз керек, биіктігі де әжептәуір. «Ойқаланың» бұрылыс-қиылыс көшелерінен өткеннен кейін біз мінген «ЗИЛ» өрге қарай бет алды. Асфальт жолдың оң қанатында нағыз өрге шығар, таудың ұшар басында тұрған қос қабатты тас үй жақты қолымен нұсқап, Сәбит аға маған «Сен мынау үйді білесің бе?», -деді. «Ел — жұрттан естігенім болмаса…», -деп мұрынымның астымен міңгірледім. Білмеймін деуді де ұят санап, білемін дегенді айтудан қорқып отыр едім, Сәбит аға бар денесімен маған қарай бұрылып: «Бұл жерде Абылайдың ақ үйі тұрған», — деп, ол үйдің тарихынан қысқаша анықтама беріп тастады. Сендер — журналистер туған жердің, елдің тарихын жақсы білгендерің дұрыс болады» -деп қойды жазушы. «Аға, біз Абылай ханның атын атауға қорқамыз ғой, батылымыз жетпейді», — дедім ағымнан жарылып. Ол кісі енді бұл жерге келмейді, қорықпа», — деп мырс-мырс күліп алды да: Абылайдың тарихта болғаны рас, қазақ халқының ханы болғаны, Қызылжарда аз-кем тұрғаны шындық, айналайын».
Қонақүйге келсек, Сәбит ағаның бөлмесінде Игібай Әлібаев, Мұзафар Әлімбаев, Уақит Темірбеков және Мәлгаждар Әуелбеков отыр екен. Сәбит аға есіктен кіре бергенде Игібай ақын үкілі домбырасын бебеулетіп жіберді де, өзінің асқақ даусына басты дерсің. Ақын термелеп жөнелді. Отырғандар әншіні қолдап, қолпаштап жатыр. Игібай ақынның мұнысы Сәбит Мұқановқа көрсетіп отырған қошеметі, бір жағынан әзіл сияқты көрінді маған. Кейіннен байқағаным, Игібай ақын Сәбит ағамен қалжыңдаса да береді екен Әзіл-қалжыңдары да әдемі, өте жарасып тұратынын да көрдім.
Иекең Біржан салдың көкке өрлеген қанатты әнін де, Ақан серінің мұңды әуенін де, Үкілі Ыбырайдың сырлы жырын да шырқады. Сәбит аға ақын даусы шарықтай көте-рілгенде: О-о-о-деген-деп Иекеңді қолтықтап, көтермелеп қояды. Сөйтіп, тамаша, рахат қушағына енгендей, әнді қумарта тыңдайды.
-Аға, ертең кешке телевизиядан сейлуіңіз керек екен Басшыларымыз бен цензура қызметкерлері сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін сұрайды, — дедім. — Не туралы айтады екен дейтін шығар, — деп қойдым тағы да.
-Қарағым-ау, мен не айтады дейсің. Құдай аузыма не салады, соны айтамын да, — деді сылқылдай күліп жазушы.
Сәбит аға Петропавл телевизия студиясына белгіленген уақытта келді. Қасында жоғарыда айтылған жолсеріктері бар.
Меймандармен телевизиялық хабарды мен жүргізіп отырмың
-Мен осы советтік құрылыстың Қазақстандағы бар жетістіктерінің тірі куәсімік. Партиялық қызметте де, советтік қызметте де көп болдым. Мәдениет саласында да ұзақ жылдар жемісті еңбек еттім, — деп көрермендерді бірден баурап әкетті.
-Мен революцияға сауатсыз келген адаммын ғой. Содан «әліпбиді» Совет өкіметінің алғашқы жылдарында таныдым орта білім алдым, университетте оқыдым. Қызыл профессураны бітірдім, академик атандым.
Ал енді жазушылық жағына келген уақытта мен сол 1917 жылы хат таныған соңақ өлеңге кірістім, әр жанрда жазып келдім. Көп кітаптарым баспалардан шықты.
Жерлес жазушы өзінің шығармашылығы жайлы айта келіп, жалпы Қазақстан жазушыларының бүгінгі қол жеткен табыстарын тілге тиек етті. Өзі айтқандай, оның қолында бір парақ қағаз да болған жоқ. Көпшілікке айтарын көкірегіне бұрын-ақ жазып алғандай. Енді сол жазып алғандарын іркіліссіз төгіп отыр, төгіп отыр, тоқтаусыз, ағыл-тегіл ақтаруда. Жазушының туған халқына айтарының мол болғаны қандай ғажап!
-Француздың атақты жазушысы О. Бальзак алпыс роман жазып қалдырған кісі. Менің Бальзактан да көп роман жазуға мүмкіндігім бар, болашақта жазатын кі-таптарыма пайдалануға жинаған материалдарым көп. Денсаулығым жақсы, тоқсан жас жасауды ойластырып жүрмін, — деп еді Сәбит аға қалжыңға басып.
-Мен Совет Одағының түкпір-түкпірін аралаған адамының бірімік Сонымен қатар, біздің өкімет шетелдерге баруға да жағдай жасады. Соған орай дүниежүзінің біраз елдерін аралап көрген жазушымык Мысалы, Цейлонға барып қайтқан соң «Адам атаның шоқысы» дейтін кітап жаздым. Қытайға барып, сонда Ұйғыр автономиялы районы деп аталатын өңірде түратын қазақ, ұйғыр жазушыларымен таныстым. Мен онда Шоқан Уәлиханов аралаған алты шаһардың бәрін де араладым, көрдім. Осы сапарымнан кейін «Жұпархан» дейтін поэма жаздым.
Шындығында, С.Мұқановтың жаңа кітаптары жыл сайын бірінен соң бірі кітап дүкендеріне түсіп жататык Оқырман қауым сол тұста жапатармағай «Аққан жұлдызды» құмарта оқып жүрген. Жұрт Сәбит ағаның әлі талай шығармалар беретініне сенетін еді. Октябрь деп аталатын жаңалық лебімен Қызылжар өңірінде болған өзгерістер, азаттық, бостандық жолында ақ бандалардан қапыда мерт болған күрескерлер жайлы Сәбит аға облыс көрермендерінің жүрегіне жеткізді.
-Қайран Баймағамбет, жанып тұрған жалын еді-ау! — деп ақын Ізтөлинді есіне түсірді.
-Бандиттер Қызылжар революционерлерін атып қана қоймай, олардың денелерін балталап, қылышпен кескілеген ғой. Кескі-леніп, туралған денелердің кімдікі екенін айыру мүмкін болмағаннан бәрін бір жерге жерлеуге тура келді. Тек Баймағамбеттің денесін үстіне киген қызыл ала ішкі киімінен ғана айырдық. Ол бір ауыр кезең еді ғой, киім де тапшы болатын. Баймағамбеттің ішкі киімдерінің қызыл ала шыттан тігілуі сол жоқтықтан еді, — деді Сәбит аға. — Ізтөлин де сіздердің телестудияларыңның жанындағы бауырластар қабірінде жерленген, — дел ақынның өлмес жырын оқып берді.
-Қызылжарда Хафиз Базарбаев деген жігіт болды, — деп Сәбит аға қапамызда комсомол ячейкасын алғаш ұйымдастырушылардың бірі туралы әңгімелеп кететін Ол өзі қаланың төңірегіндегі былғары зауытының жүмысшысы Базарбайдың отбасында туғак Февраль революиясы болған жылы Хафиз он үш жаста еді. Сол жасына қарамай Қызылжарда ұйымдасқан Совдеп ісіне араласып, белсенділік көрсеткен. Қызылжар большевиктерінен үлкен саяси тәрбие алған. Осындай комсомолдық қызу істе жүрген Хафизді 1921 жылдың басында кулактар мен байлар ат құйрығына байлап сүйретіп, азаптап өлтірген Қызылжарда Х. Базарбаев атымен аталған көше бар. Хафиз өлтірілгенмен, оның бостандық жолындағы ерлік ісі жас ұрпақтың есінде мәңгі сақталатынына сенемің,- деді Сәбитаға.
— Біз өскен семьямыз. Менің төрт ұлым бар, төртеуі де жоғары білімді, төртеуі де маман, екі қызым бар, екеуі де жоғары білімді, күйеулзрі де жоғары білімді. Соның бәрінен көрген менің он бір немерем бар. Мен семьямның барлық мүшелерін құрмет тұтамын, сондықтан болар, олар да мені барынша қадірлейді. Осылайша тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайымыз бар, деген Сәбит Мұқанов.
Есімі елімізге мәлім, әйгілі ақын Мұзафар Әлімбаев академик-жазушы Сәбит Мұқановтың шығармашылығы жайлы, оның совет әдебиетіндегі орны туралы кеңінен сөз еткен еді.
Әнші-ақын Игібай Әлібаев туған елге арнаған өлеңдерін домбырамен орындап берді. Әнші Үкілі Ыбырайдың, Біржанның әндерін де шырқады. Сөйтіп, Сәбит ағаны да, керермен көпшілікті де екі өнерпаз риза еткен.
1960 жылдары ақын Мағжан Жұмабаев туралы ел ішінде әңгіме көп болатын да, оның халық жауы деген жаладан ақталуын күтетін Хабар аяқталғаннан кейінгі өзара әңгіме арасында мен Сәбит ағадан Мағжан ақын туралы сыр тарттым.Ол кісі осындай сұрақтың болатынын білгендей, еш бөгеліссіз: «Мағжан оза туған ақын еді, күшті ақын болатын», — деп ақынның «Гүлсім ханымға» деген өлеңін біреу естіп қалмасын деген кісіше, қарлығыңқыраған жіңішке даусымен ақырын жатқа оқып берді. — Міне, төгіліп тұр емес пе! Оның өлеңдері де, поэмалары да осындай, -деп қойды маған жымия қарап.
Сәбит Мүқановтың қарапайымдылығы, жоғары адамгершілігі, ақын-жазушыларға қамқорлығы және ол кісінің қызық-қызық мінездері жайында талай-талай естеліктер жазылары анық.
Ұмытпасам, 1967 жылы ғой деймің Есім Шайкин ағамыз ардақты Сәбеңді құрметті мейманы етпекші екен Есім аға ол кезде Соколов аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүрген. Сәбеңмен болған телесұхбаттан кейін жазушы ағаңмен біздің дастарқанда бірге бол деп қолқалап, мені де ала кетті. Сәбеңнің көлігіне ілесіп жүрген машиналар да көп. Қызылжар өңіріндегі әнші, домбырашы, айтыс ақындары, қысқасы, өзім танитын өнер адамдарының дені осында көрінеді. Біз қарағайлы, қайыңды орманның ішіндегі үлкен үйдің алдына келіп тоқтадық. Жуырда ғана салынған ғимараттың ішінен қарағайдың тамаша жұпар иісі аңқып тұр. Қазақтың байырғы дәстүрі бойынша ас та ішіліп, ән де шырқалып жатыр. Құрметті Сәбит аға төрде отыр. Жай отырған жоқ, отырған жерін думандатып, әзіл әңгімелерін де айтып, шетелдерде көрген, білгендерінен де сыр шертеді. Айтыскер ақын, әнші Кеңес Тынымбаевтың даусынан бір кішкене қырылды байқап қалған Сәбең: «Мүтәллап, мына Кеңестің тамағында бір жетім қақырықтың тұрғанын қарашы! Алдыңдағы коньяктан Кеңестің рөмкесіне толтырың-қырап құйып жіберші», деді. Ағаның тапсырысын орындап, әнші де көңілденіп қалып еді.
Сәбеңнің әзілқой, тосыннан ойнақы сөз таба қоятын қасиетіне қайран болған едік сонда. Осы жиында облыстан, ауданнан келген қызметкер орыс әйелдері болды.
Жазушы аға бір кезде дастарқан ортасындағы табақты өзіне қарай жақындатып алды да, отырғандарға ет асата бастады. Мұндай қазақтың дәстүрінен хабары жоқ орыстың келішіектері: «О, жир», — деп шыж-быж болып жатса, Сәбит аға: «Нет, это не жир, сразу в кровь идет», — деп етті асататын әлгілерге. Сәбеңнің қолын қағуға дәрмендері жоқ. Жұрт қыран-топан күліп, мәз болып қалатын.
Сәбеңнің қамқорлығы да бар еді. 1972 жылдың көктемінде Солтүстік Қазақстан облысына, өзінің туған еліне келгенде теледидардан сөйлеп, былай деген еді: «Мынау туған жердің топырағы, суы адамды тарта береді. Мен ең алғаш осы Петропавл уезі, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысынан оқу іздеп, басқа жаққа аттанғаныма биыл елу жыл. Сол елу жылдың ішінде қандай ауыр жылдар болса да, жылына бір келіп кетпеген жылым болған жоқ. Биыл да келіп қалдым. Оның бірталай себептері бар. Бірінші, туған жерді керу, суынан, дәмінен тату, сонымен бірге осы облыстағы Сергеев ауданында тұратын қазақ совет әдебиетінің көрнекті ақын-дарының бірі Ғалым Малдыбаевтың 70 жасқа толуына байланысты жасаған тойына келдім. «Той дегенде қу бас домалайды» деген қазақтың сөзі бар. Ғалым бірге өсіп, біте қайнаған, менен аздап кішілігі бар, бір жағынан сырқаттау, отырып қалған адам. Соның көңілін көтеріп, әрі халықпен, жерлес бауырлармен, туған жермен дидарласуға келіп қалдым».
Міне, осыдан-ақ Сәбеңнің дос-жолдас-тарына деген қамқор көңілі, сүйіспеншілігі керініп түрған жоқ па!
Солтүстік Қазақстан облысы еңбекшілерінің әрбір игі қадамдарына қуанып, ынта-назарын ел жаққа салып жүретін.
Қазақ әдебиетінің қалыптасуын, өркендеуін Сәбит Мұқановсыз ұғыну, түсіну мүмкін емес.
Сәбит ағаға деген ыстық ықыластан, сағыныштан туған өлеңім бар еді. Сол өлеңімді де келтіре кетуді жөн көріп отырмын.
Есілдің өзің өскен атырабы,
Құлпырып нудың жырлап жапырағы.
Қырдағы Қызылжарың сағынды ма,
«Сәбе!»,-деп көшелері шақырады.
Сен жүрген құба жон да жатыр әлі,
Бұрқылдап күлгің қара топырағы.
Сағынып талай барған Тың теңізің
Сылдыр-сылдыр «Сәбе!», — деп шақырады.
Толқынды толқын қуып жапырады,
«Дос» неге бұлай суын сапырады?
Дөңінде «Түлкіойнақтың» жел суылдап,
«Сәбе!»,- деп сызылтып ән шақырады.
Кеше бар, бүгінде ол жоқ. Осы арасын
Тірліктің қалай ғана қош аласың?
Туған жер ұлын жоқтап толғанғанда,
Жүрегің сыздап, көзге жас аласың.
Сәбең Тимирязев ауданының аумағындағы Дос көлінің төңірегінде дүниеге келгені мәлім. Осыған орай аталмыш ауданға Қызылжардың даңқты перзенті, академик-жазушы Сәбит Мұқанов есімін беретін кез жетті деп ойлаймын.
Мүтәллап Қанғожин, ақын
// Солтүстік Қазақстан. — 2010. — 1 қантар. — 9 бет.