Сәбең жолы жарқырап жатыр
«…Менің әке-шешемнің бейіті жатқан өлкеге тұрғың өлдің қойған аты – Жаманшұбар» деп бастайды да, Сәбең бұл атаудың тарихын түсіндіреді: «Жаман» деген сөз түсінікті. Ал «Шұбар» деп біздің елде жазық далаға бытырай өскен жас ағаштарды айтады». Түсінікті болса да, қалайша жаман деп аталуын жазушы былай пайымдаған. «Көшпелі ауылдардың әдеті – жаз жайлаған жерлерін күз ел көшкен соң немесе көктемде – ел келер алдында өртеледі». Себебі, ескі шөптертесе: біріншіден, малға тиетін індеттің тұқымы өртеледі, екіншідең өртеңге жас шөп шығады. Сөйтсе, бір жылы осылай қолдан қойылған өрт жайылып кетіп, маңайдағы жердің барлық өсімдігің қыстауды, үй мүліктерін тып-типыл қылып күйдіріп кетеді. Көп мал науыт болады. Адам да күйеді» (20-бет). Осы қырсықтың салдарынан қазақтар сол жылы жаманшылық көріп, қыстан әрең шығыпты. Міне, бір ғана уақиғаның тарихтағы ізі өшпей, мәңгілікке «Жаманшұбар» деген жер атын иемденген. Тіпті кейде ауызекі «Күйген ауыл» деп те аталған елді мекен осы.
Автордың туған жері туралы жазбаларда Пресногорьков деген аудан аты, Қарақамыс ауылсоветтің атауы, шоқ тоғай Қарағаш аталады. Туған ауылының жайлауының шекарасы былай көрсетілген батысы – Обаған өзені, күнгейі – Есіл өзеніне, шығысы – Майбалық көліне, теріскейі Пресногорьков станциясына тіреледі. Бұл жайлаудағы төрт көлдің атауы: Жаркөл Алыпқаш, Батпақкөл Дос қөлі. Жаз шыға жазушының ауылы Жансүгір, Жарылғас, Болат, Байтубай-төрт ауыл болып жайлауға шығады. Бұл топонимдер түгел кісі аттарымен қойылған. Әлбетте, кісі аты жер атауына ие болуы кездейсоқ немесе тез болатын құбылыс емес. Ол үшін бұл жерлерді жоғарыда аты аталған ауыл ағалары бірнеше жыл қатарынан және тұрақты түрде қоныс қылуға тиіс. Осылайша былайғы жұрттың көзі үйреніп, сол жерлерден жыл сайын осы адамдарды кездестіргендіктен, санаға сіңіп, тарихқа айнала бастаса керек.
«Жаманшұбар» отырықшылыққа қолайсыздау болып, кеңес өкіметі тұсында бұл ауылдың қазіргіше айтқанда, «келешегі жоқ» деп саналған да тұрғындар Қарағашқа көшіріледі. Көшті дегенді айту бізге ғана жеңіл ал автордың жазуы бойыша «Жаманшұбарда туып өскендер құтты болған жеоінен жылап айрылды. Менің де көзімнен жас шықты». Бұл 1928 жыл болса, он жылдан кейін туған жеріне қайта келе жатқан жазушы сағыныштың бесігінде тәрбеліп, балалық шағында есінде қалған жер-су аттарын іштей қайталап отырады.
Сәбит Мұқанов «Жаманшұбар» жайлауына Қостанай облысы жағынан Анновка деген орыстауылы арқылы келеді екі ара бір көш жер шамасында. Жолда «Бұзаукөмген» деп аталатын шілік бар, одан әрі «Итқырылған» шілігі,»Айман» аталатын суы көктемде ғана болатын жазда кеуіп қалатын көлдің тақыры, одан әрі «Шайтанқашқан» шілігі, одан әрі «Құлыншақ», одан әрі «Жаманшұбар» даласының әр жеріне шоқтала өскен ағаш…» Манағы «Шұбар» деген анықтауышты қайта еске салған Сәбең осылайша туған жерінің әрбір бедеріне дейін де сүйіпеншілікпен тәптіштеп кестелейді. Ата-бабасының жер бетіне жазып кеткен шежіре-тарихын адал ұл айнытпай оқиды, оқиды да тебірене отырып, есейген шағында қағазға түсіреді. «Шайтанқашқан» деп жағамсыздау есілетін топонимді де түсіндіре кетуді парыз санайды.
Итаяқ есімді бір туыс атасының әңгімесі есіне түседі. Бір жақтан салт келе жатсам шілік ішінде маңыраған лақтың даусы естіледі. Барсан алдыңғы аяғынан ақсаған текешік. Аттан түстім де, көтеріп алып алдыма өңгердім. Бір кезде текешігім маған «Итеке, насыбайыңыз бар ма? Дейді. Шошып кетіп, жерге тастап жіберіп едім, басы адам бөксесі текешік болып шыға келді. Ол маған қарап күлді де,» теке-теке, бақ-бақ», деп ұмтыла берді. Сайтан екенін, сонда ғана білдім. Мен иманымды үйіріп тұра қоштым. Ол менен қашып шілікке тығылды.
…Содан бастап- дейді Сәбең- шілік «Шайтанқашқан» аталады да, «ішінде шайтан бар» деп маңайын жайлаған ауылдар малдарын ол тұсқа жібермейді (30-бет).
«Шошқалы» деп аталатын үлкен қопалы көлдің аты қалың қамысты мекен деген қабанға байланысты аталған. «Жаманшұбар» жайлауынан ел кеткен соң «қазір онда киікте,өлік те бұғы да, құлан да бар, қопалы көлдерде қырдың шошқалары қаптап кеткен. Бұрынғылардың айтуынша, қыр шошқасы бар жерде жолбарыс болатын сияқты ғой. Жолбарыс көрдік дегендер де бар» деген дерек келтіреді.
Жазушының өзі сол маңда көлігінің алдын кес-кестеп киік еткенің біраз қуып көріп, жете алмағаның өкінішпен емес, қызық оқиға ретінде еске алған. Қыр шошқасының іздерін көрген.
«Жаманшұбардың» ескі жұртына келген жазушы орны ғана қалған ауылдың «томпай-ған жұрттарын жаяу санап келе жатып…», өз әкесінің қорасының орнын табады. Бір сәт баяғы балғын балалық шағы көз алдынан өте берген жазушы өзі өскен мекеніне деген сәбилік махаббатын»…бейшара әке-шешемнің еңбектері соңғы рет жұмсалған бұл төмпе маған олардың өздері салған ескерткіші сияқты керініп еді де, балалық шағында да, бертінде де қасына барып тұратын едім» деген кіршіксіз сезімін білдіреді.
Сәбең араға он бес жыл салып, 1952 жылдың жазында қайта айналып соққанда жасы елуден асып кетсе де, туған жерге деген махаббатының одан әрі лапылдап, қызуы күшейе түскенін тебірене сездіреді. Оқиық:
«… «Жаманшұбар» әлі де құлазып тұр. Өткен жылы өрт жүріп, оның әр жеріне шоқтала өскен ағаштарын тағы да арса ғып, күйдіріп кеткен. Ал өртеңге шыққан қалың шөптің биіктігі белуардан…».
«Тағы да ескі жұртқа бардым… Тағы да әке-шешемнің жерге айналып бара жатқан зиратының қасында біраз тұрдым… Маған олардың және оларды айнала жатқан өзге туыстардың аруақтары: «Мұншама кең, мұншама құнарлы өлке неге пайдаға аспай жатыр?.. Қашанға шейін жатады ол бұл қалпында?» деп сұрау бергендей болды. Азабы ауыр болғанымен, балалық шағымды өткізген, әке-шешемнің, туысқандарымның қабірі орнаған «Жаманшұбардың» ширек ғасырдан артық адам көрмей, құлазып бос жатқаны көңілімді жүдетті…».
Үлкен жүрек осылай тебіренеді. Туған жерін Мысыр шаһарындай көретін әрбір қазақ баласының өзіне ғана тән ыстық махаббатының нәзік сезім пернелеріне қонақтаған көңіл күйінен хабар береді.
Сәбит Мұқанов өзінің туған жеріне төртінші рет 1954 жылы оралды. Бұл жолы облыс орталығына ұшақпен келеді. Әке-шеше қорымы жатқан атақонысты аңсайды. Мемлекет қызметімен, іссапар тапсырмасымен жолы түскен жазушы барлық жұмысты жинап қойып, алдымен ауылына асығады. Бұл кезде заман өзгерген. Тың кетеру науқаны басталып, жер-су аты жаңадан құрылған, құлып жатқан совхоздардың атауының астында қалған. Бірақ Сәбиттей арысы тұрғанда «Жаманшұбар» өзгермеуге тиіс еді, заман өзгертіп-ақ жіберген екен.
Петропавлға келе сұрастырсам, «Жаманшұбар» жерінің қай совхозға қарауын білетін адам жоқ екен. Оларды кінәлауға да болмайды,- географийлық картада ондай ат жоқ. Бірақ мен «Жаманшұбардың» жолын ешкім «айтпай-ақ табам» деп алады да, бастаушы алмай-ақ жүріп кетпек болады.
Алайда, білетіндері. «Жаманшұбарға» бару үшін одан бергі Пресңовка арқылы 210 шақырым бір жол Есілді жағалап отырып, Марьевка арқылы екі жүз шақырым екінші жол салынғанын айтады. Бірақ жұрттың жетегіне еріп кете берсе, Сәбйт Мұқанов болама, туған елінің әрбір төмпешігі мен шұқанақ-жырасына деиін жатқа білетін жазушының өзі білетің-жаңылмай баратын жолы бөлек Және тас жолмен жылдамдатпай-ақ, сағынышын басып, қөкірек кере тыныстап, қазак даласының өгей ұлдары түсіне бермейтін көркем келбетін тағы тамашалап құмарынан шыққысы келген болуы керек, өзі ежелден жаңылмайтын жол сорабын қағазға былайша түсірген.
«Бұл екі жолмен де менің жүргім келмейді, өйткені олар «Жаманшұбарға» мені тым алыс орағытып апарады.Үшінші білетінім – ауыл арасының жолы. Ерте кезде ұсақ ауылдарды аралап, қиқаң сиқаңы көп болатын бұл жолмен бертінде жүріп көрсем,…былай баратын Петропавл Архангельск, Бүгілім (Бо-голюбово), Талапкер, Жекекөл, Орталық, Жекекөл (Благовещенка), Майбалық. Одан әрі жайлау – «Жаманшұбар’.
Сәбеңнің осы жолмен 1930 жылы да өткенін есімізге алайық: «Әркімнің өз туған жері ыстық» дейді. Ол рас. Бірақ туған жер болғандығынан ғана емес, мен туған өлкенің көктем айларында көз тіккен адамның делебесін қоздырарлық аса бір көркемдіктер, дем тартқанда жанды рахаттандыратын аса ләззатты лептері болады…» деп алады да, тамсана отырып тебіренеді, бояу-теңеуді аямай-ақ төгіп-төгіп түрлендіреді, сөзден кесте тоқып, оны оқалайды, жібекке күміс қосып өргендей көркемдеп мөлдіретеді-ай келіп! Тағы да жүріп өткен жолын таңбалап береді, біз ұмытып кетпесін дегендей. «Маршрутым: Бескөл (Бишкуль емес! – З.Т.), Надеженка, Боголюбово, Өрнек, Аптай-Мұрат, Қоржынкөл, Жекекөл, Майбалық, өз ауылым».
Міне, бүгінгі замандастарымыз көңіл аударып, «Сәбит жолы» деп арнайы атап, таңбалап, туристік маршрут жасайтын тарихи сапар жолы – осы. Өзге емес, Сәбеңнің өзі аңсап, зор құрметпен артына аманат ретінде жазып, таңбалап кеткен сорапты ұмытуға бола ма? Жол бойы тұнып тұрған шежіре, әр ауылы, шоқ-шоқ ағаштары мен күміс теңгедей дөңгеленген көлдері, теріскейді ежелден мекендеген халықтардың әрлі-берлі тарихынан сыр шертеді. Мұны ескермеуге, ұмытуға болмайды.
Сол тарихтың сырын Сәбең өзі ашып отырады. Оқып көрейік:
«Жаманшұбар» Докучаев атындағы совхоздың қарамағында екен.. Жолда «Жамбыл» және «Украина» аталатын екі совхоздың жерінен өту керек. Олардың жерлері де маған таныс: «Жамбыл» совхозы бұрынғы Жамбыл колхозының негізінде «Жарқын», «Суаткөл», «Есперлі» ауылдарынан құрылған».
Сәбең Иван Шухов деген жерлес жазушының осы маңда туып-өссе де, Жамбыл совхозы туралы сол жылы жарияланған очеркінде бірде-бір қазақтың атын атамағанына реніш те білдірген.
«Украина» орнаған жерде бұрын «Уақшоға» деп аталатын көп ұсақ ауылдар отыратын еді… [Орталығы] бұрын ІІІәліңке аталатын қыстаудың орнына салыныпты, ол – бізге белгілі ақын Баймағамбет Ізтөлин туыпөскен жер».
Докучаев совхозының қалай құрылғанын Сәбең өзінің шежірешілігіне басып, ежелгі қазақ тұрмысымен қабыстыра баяндап көтеді: «Бұл маңайда бұрын үш ауылдың қыстауы болушы еді, Жаманшұбар, Батпақкөл және Өтей-Дәуіш. «Жаманшұбарда» көл жоқ, суды құдықтан ішетін, бірақ құдық суы тапшы болып, кейбір қыста малдары да, жандары да қарды еріткен сумен күн керетін. Батпақкөлді қыстаған Мәмек пен Аңдамасқа көлдің суы кейде жетіп, кей жылда тапшы болып, сондықтан олар да қар ерітіп күн көретін. Ал Өтей-Дәуіштің құдығы сулы болатын» деп келеді де, совхозға мекен іздегендер бұрғы салса, мұндағы судың негізі қар суы екенін және тереңдегі мол судың ащы екенін біледі. Сөйтіп, жаңа совхоздың орталығы Батпақкөлге орнаған Өйткені, мұнда 22 метрден мол тұщы су шыққан.
Сезімтал жазушы тың игеру деген дақпыртпен маң даланы орынсыз талқандап жыртып тастағанына сол кезде-ақ наразы болған, әрине, ашық айта алмайды, саясатқа қарсы шыға алмайды, құдай берген дарын қуатымен тұспалдап, көркемдеп, санасы бардың есіне салады.
«Қаптаған тракторлар келіп, жерді түгел жыртуға айналған соң аң атаулының бәрі бұл маңайдан қашты. Солармен қасқырлар да кетті… «Жаманшұбар» жеріндегі ешбір апанға биыл күшіктемеген».
Туған өлкенің қасқырына дейін қамқор болып, табиғат-ананың тәніне жазылмас жара түскеніне, тұтастығының бүліне бастағанына ашынған жазушының адал ойы мына жолдарға тұна қалғанын сауатты жан тусінеді: …Біз жайлауды (тағы да «Жаманшұбар»жайлауы – З.Т.) аралаған шақта айдың қараңғы кезі еді. Көтерілген тыңдардың ұшықиырына көз жетпейтін теңізін, жолға арналып қалдырылған белдеулерді бойлап, тунде аралап келе жатсақ, кең жайлаудың өн бойы, әр жерде тұтаса қимылдаған тракторлар мен машиналардың түннің тонын тіле, ұзара ілгері кесілген жарықтары, өлдеқайдан қиғаштала келген сондай жарықтармен құшақтаса айқасып, ен даланың қараңғы бейнесін жарқыратады да жібереді!».
Біреулер «Қоян, түлкі, қасқыр сияқты бірен-саран кездескен аңдар сондай түнде есінен айрылғандай жақындап кеп, атып алғанша мелшиіп қарайды да тұрады» деседі… Қарамағанда қайтсін! Бір ғана жарық көрсе, одан қашар еді… Қазіргі көріп тұрғаны айнала жарық! …Сонша көп жарықтың құшағында қалған аң қашқанда қайда барады!..
Советтік техниканың қамауында қалған қасқырлар маған мылқау табиғаттың бейнесі сияқтанып кетеді» (49-бет).
Осыдан елу-алпыс жыл бұрын-ақ сүңғы-ла жазушының зерделеп болжап, көзімізге керсетіп кеткен жомарт табиғаттың «бейне-сін» ғана көріп отырғанымыз да қазіргі шын-дық. Осы күні экология, табиғаттың бастапқы қайталанбас көркі мен қасиетін сақтау деп жүрген насихатымызды осындай жан тебірентерлік қуатпен жеткізе білсекші.
Сол тың көтерудің ұлы дүрбелеңі кезінде партия саясатының дұрыс-бұрыстығына көзі жетпесе де, мақұлдауға мәжбүр болған жазушы әлденеден секем алып, тағы да ата-ба-баның қорымын көріп қайтқысы келеді. Жанына жаңа совхоздың бригадирін ала барады. Бұл жерлердің ендігі қожасы сол не іс-теймін десе де өзі біледі. Әйтеуір жолың болғыр, бригадир Иванченко зиратты аман қалдырып, айнала жыртып тастаған екен. Көңілі орнына түскен Сәбең оған шын жүректен алғыс айтады. Сөйтеді де, сол жерде естіп-білген мына бір ащы шындықты қағазға түсіруді де ұмытпайды.
«Заң бойынша, – дейді Иванченко, -жиырма жылдан бері кісі кемілмеген зираттың үстін жыртуға болады екен. Мен оны істеген жоқлын. Қай елдікі екенін білмегенмен, зират атаулыны мен өзім қадірлеймің ейткені мұнда жатқан адамдар да әрқайсымыздың туысымыздай өз туыстарына қадірлі адамдар ғой, ендеше біз де оларды қадірлеуіміз керек» (66-бет).
Тың көтеру көзінде қазақтың кең даласындағы ата-баба бейіттерінің талайы талқандалып, орнымен құрып кеткені мәлім. Шикі шымынан шошқа қора салғандар обал-сауапты білмеген. «Шіркін, сонда мына Иванченко сияқты адамгершілігін жоғалтпаған тыңгерлер көбірек болғанда…», деп бүгіңгі біз де марқұм Сәбеңмен жарыса рахмет айтқымыз келеді.
Осы оқиғаға байланысты өз заманымыздағы қайраткер жазушы Сәбеңнің мемлекеттік қат-қабат қауырт жұмыстардың арасында тағы да уақыт тауып, «Жаманшұбардағы» қара бейітке барғандағы толғанысын оқып көрейік:
«Бұл арада ел тұрған кезде әлі келген адамдар қайтыс болған жақындарының қабіріне ағаштан қиған қорған жасатқан еді, оның алдына тас орнатып, бетіне өлген адамның кім екенін жаздырған еді. Ал менің әке-шешем бала шағымда өлгендіктен, менен басқа ұл болмағандықтан, қыздардың бәрі күйеуге беріліп кеткендіктен, қабірлерінің үстіне топырақтан басқа еш белгі қойылмаған еді… Әркімге әке-шеше қымбат. Менің әке-шешем өзіме қымбат. Сондықтан мен «Жаманшұбардан» бала шағымда кеткенмен, жолым түсіп бара қалсам, әке-шешемнің қатар томпайған қабірлеріне соқпай кетпейтін ем. «Жаманшұбардағы» ауылдар бұл арадан көшерде «егер тағы келе қалсам, адасармын деген оймен әке-шешемнің қабірін мен ұмытпастайғып белгілеген ем…».
Ақжүрек, адал перзенттің сыры да осы, шыны да осы деп білеміз. Бұл жазбаларға сөз қосу қиын. Сол зиратта аруақтар басына келіп дұға бағыштайтын сүйікті Сәбитін сағынғалықашан…
…Алматыдан Сәбит Мұқанов келе жатыр. Астанадан шығыпты, асығыс.
«Қалай аттап өте алар екенсің!» дегендей, жолда мұнартып Көкшетаудың тоғай жамылған сансыз таулары тұр, көздің жасындай мөлдіреген сулары, ирең қағып шалқар көлдері жатыр… Бірақ туған жер көркемдік жағынан оларға таласа алмағанмең ыстықтық жағынан әлдеқайда артық сияқты… Ол анаң сияқты сенің. Ажары қандай болса да, туған анадан ыстық не бар адамға?!».
Ұлы Азамат асығып келеді. Қызылжардан «Жаманшұбарға» тікелей тартады. Өз жолымен, «Сәбит жолымен»…
Сәбит Мұқановтың қазақ тарихына да, әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына салған жолы ұрпақтар санасында жаңғырып, жарқырап жатыр.
ЕСКЕРТУ: очеркте мына басылымнан үзінді алынды: С. Мұқанов. Таңдамалы шығармалары, 13-том. Алматы, 1978.
_____________________________________________________________
Зарқын Тайшыбай. Сәбең жолы жарқырап жатыр. / З. Тайшыбай // Солтүстiк Қазақстан.- 2010 жыл.- 10 сәуір.-5 бет.