ЖарияланғанAngela:
Онлайн-лекция «Сәбит Мұқанов туған жер туралы»

С. Мұқановтың 120 жылдығына орай облыстық «Туған жер» бағдарламасы аясында М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері З.С. Тайшыбай өткізген дәрісте Сәбит Мұқановтың туған жеріне арналған шығармаларына кеңірек назар аударылды.
«Зор талант иесі» онлайн Мұқанов оқулары

С. Мұқановтың туғанына 120 жыл толуына орай облыстық «Туған жер» бағдарламасы аясында өткен онлайн шара барысында
М. Қозыбаев атындағы СҚУ Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі, профессор Ж.Т. Қадыров
Съездегі кездесу
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Бүгінде туғанына 110 жыл толуын еліміз болып атап отырған ұлы қаламгер Сәбит Мұқанов халық сүйіспеншілігіне бөленген, жүрегі нұрлы азамат болғанын барша қауым білсе де, мен де оның осы асыл қасиетін өз жантәніммен сезгенімді айтқым келіп отыр. Әуелі әңгімені Сәбеңді бір көруге деген бала арманға қалай берілгенімді айтудан бастауға оқталдым. Ары қарай оқу …
Өзіне сәулесін шашқан елін сүйіп өткен

»Бұл дүниеде елін, жерін шынайы сүйіп өткен Сәбеңнің өмірі бүгінгі тәуелсіз еліміздің барша халқына үлгі болсын».
Қазақтың сүйікті перзенті

Қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының іргетасын қалағандардың бірі және осы одақты екі мәрте басқарған, әдебиет әлемінің үздік ұйымдастырушысы, халқымыздың сүйікті перзенті, академик Сәбит Мұқановтың туғанына үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде 110 жыл толады. Жасынан ел аузындағы батырлар жырын, қиссадастандарды жаттап, мақамдап айтып жаттыққан, Шал ақын, Орынбай, Арыстан, Шөже, Сегіз сері, Нияз Ары қарай оқу …