Опубликовано u6m5rqc8:

Өзіне сәулесін шашқан елін сүйіп өткен

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

  » Бұл дниеде елін, жерін шынайы  сүйіп өткен Сәбеңнің өмірі бүгінгі  тәуелсіз еліміздің барша халқына үлгі болсын». Нурсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Үстіміздегі жылы академик-жазушы Сәбит Мұқаповтың туғанына -110 жыл. Даңқты жерлесіміз Сәбит Мұқанов «Сөз  өнері — дертпен тең» деген екен кезінде. Сәбит атамыздың сөзін ұрпағы ұмытпайды. Сәбит дегенде тебіреніп, жұректі  баурап аларлықтай әсер сезім қалдырған ақын шығармаларын оқығанда көңілің шарықтай лаулап кетеді. Ізгіліктің шын тұлпары — Сәбит атамыз өмір өрінен қызғылықты орын алып, халқын, өзіне сәулесін, нұрын шашқан елін, жерін жырлап өтгі.

  Сәбит Мұқанов — суреткерлік талантымен де, азаматтық қырымен де, жеткен  бақытымен де, шеккен азабымен де, алған атағымен де өз халқымен, ұлттық руханиятымызбен ешкім ешқашан ажыратпастай ерен тұлға. Сондықтан да Сәбеңнің өмірі, ізгі істері біздерге, келешек ұрпаққа үлкен үлгі. Сәбеңнің өмірі әр уақытта ұлы ізденістерге толы өтаен ғасырда, тынымсыз ізденіс пен күрес үстінде еңбек еткен, өз заманының құдіретін де, қасіретін де, жетістігін де, кемістігін де қаз-қалпыпда қағазға түсіріп кеткен.

    Сөнау 1954 жылы қазақ жеріне тың игерушілер қоныс аудара бастағанда білім беру саласында да үлкен бетбұрыс байқалды. Шағын ауылдар   ірілендіру, «орталықтандыру» саясатымен үлкен кеңшарларға біріктіріліп, шоғырландырылды. Бұкіл елге аян, қазақ мектептері  жанпай жабылып, кеңшар орталықтарында орыс мектептері көптеп ашылды. Сол жылдары Сәбеңнің өз ауылында шағын бастауыш мектепке де жабылып қалу қаупі төнді. Сонда ардақты атамыз Сәбит Мұқанов өз қаражатымен сегіз жылдық мектеп үйін салғызып, бес сынып  ашты. Ауылда сегіз жылдық мектеп ашылғанымен, ол мектептің әр жылдары жабылып қалу қаупі тоқтамады. Сан түрлі сылтаулар әр жылда табылып тұрды. Соның бірі оқушы санының аздығы болса, кеңшар басшылары көлденең шығып, «орталықтағы орыс мектебінің әр сыныбына үш-төрт баладан қосып жіберсе болмай ма, жас бала орыс тілін тез үйренеді. Келешегі бар балаға орыстілін білу қажет», — деді. Бірақ атамыз Алматыда тұрса да, мектебінің  жайынан толық хабардар болып, қазақ балаларын өз ана тілінен айырмаудың жолында табан тіреген қайсарлығын танытты. Өзінің жеке кітапханасынан екі жүзге тарта әдеби кітаптарды ауылға сыйға тартып, мектепте тұңғыш рет кітапхана ашылып, шкафтар кітапқа толтырылды. Әр кітапқа өзінің қолтаңбасы мен жеке мөрі басылған еді. Мектеп директорлары — «Өмір мектебіндегі» Сәбит Мұқановтың мұғалімі, Шайынның күйеу баласы Әбдіреш Дүйсенбин, Әнуарбек Әубәкіров, Махмет Қожахметов, Мәкен Қалиев, Жеңіс Молдахме-тов, Тұрсымбек Бралин, Гүлнара Нұрахметова, Сапура Кәленова, міне, осы кісілерді алсақ, олар «Өмір мектебінің» кітабындағы кейіпкерлердің балалары, немерелері және келіндері саналады.

  Еліміз егемендік алғаннан кейін заман өзгерді, қазақ мектептері, қазақ балабақшалары қайтадан ашыла бастады. Қайталап айтсақ, Сәбит атамыз қиын-қыстау кезде текке шырылдамаған екен, армакы орындалады.

  «Сәбит қолына қалам ұстамаса отыра алмайтын. Бір күні әлдене шаруалар килігіп, қағазға қарай алмай, жазу үстеліне отыра алмай қалса, қабағы түсіп, ренжіп жүріп алатын. Бір күн уақытымның текке кеткені-ай, еш нәрсе жаза алмадым деп күйінетін» деп еске ала жазған Мәриям апай. Міне, Сәбит атамыз өзінің әрбір санаулы уақытын ұтымды пайдалана, кейінгі ұрпақ біздерғе үлгі-өнеге қалдыра білгендігін осыдан-ақ көруге болмай ма? Қаншама томдар жазып қалдырған, ол үшін осының бәрі көп ізденіс, көп білім, ой-толғаныстардың нәтижесі емес пе?

Орынбор рабфағында оқып жүрген кезінде Сәбең ел ішінен бір топ жегім балаларды жинап, Қызылжар мен Орынбордың жетімдер үйіне орналастырған екен. Солардың бірі — Хакім Бекішев. «Жас өспей ме, жарлы баймай ма?» дейді ғой атамыз қазақ. Сол жетім бала оқып, білім алып, қан майданға қатысып, әртүрлі әскери қызметтер атқарды. Ал кейін, яғни запастағы подполковник Сәбит Мұқанов мұражайының алғашқы директоры болды.

«… Алпысыншы жылдар шамасы ғой деймін. Бір күні таңертең қоңырау шылдырлады. Ертелетіп жүрген жолаушы ма деи есікті ашып жіберіп едім, екі аяғы тізеден жоғары кесілген, домаланған шөркедей бір жігіт. Бет әлпеті келісті қазақ: » Сәбит Мұқановтың үйі ме? » -деді. «Иә, шырағым, жүр. төрлет», — деп  ішке шақырдым. Сол кезде Сәбит те: «О кім, Мәке», — деп кабинетінен шыға келді. Сәл аңтарылып қалды да: «Мәке, шайынды қамда, қонақ келді ғой», — деп бәйек болды. Жігіт қысылыңқырап әңгімесін бастады:

— Аға, университетте оқушы едім. Лекцияға қатынап жүрген қоларбамды біреулер ұрлап кетті. Енді сабаққа баруым қиындан қалды. Басқа амалым қалмаған соң сізге келдім. Үш мың сом қарыз берсеңіз. Мүгедектерге арналған машина алсам ба деп едім. Қарызыңызды кейін қайтарамын», — деді.

  Сәбит жігітгің әңгімесін мұқият тыңдап: «Мәке, бері келші.Мына  балаға комек берейін», — деп әлгі жерде ойланбастан танымайтын адамға үш мың сом бергізді.

  Арада біраз уақыт өтті. Бір күні үйге әп-әдемі орыс келіншегі келіп түр. Сөмкесінен ақша шығарып: «Күйеуім сіздерден қарызға ақша алған екен. Көп рахмет. Машина алдық, оқуын да бітірді», — деді («Менің Сәбитім» кітабынан).

  Міне, осы жағдайдьң өзі Сәбит Мұқановтың кішіпейіл, «Кемтар көрсең, көмегінді аяма» дегендей, қандай жан болғанын аңғартпай ма? Ал Сәбеңнің 1969 жылы  ҚазПИ-дегі бір жиылыста (қазіргі  ҚазМПУ) бұрынғы білім министрі  Щербаковқа: «Ұлттық мектеп — кез келген халықтың, ұлттық мәдениетінің қайнар көзі. Мектеп — тілдің, әдебиет пен баспасөздің, өнердің көптеген тұрлерінің, тіпті, ақыр-аяғында, ұлттың ұлт болып сақталуының негізі», -деп қарсы сөйлеген сөзінен оның ұлтжанды екенін көресің.

  2000 жылы ІОНЕСКО аясында аталған  Сәбит атамыздың туғанына жүз жыл  толу тойы қарсаңында көптеген шаралар  атқарылды. Сөйтіп, Абай мен Мұхтардан кейін қазақ елін, оның әдебиетін бар әлемге танытқан «кәдімгі» Сәбит Мұқановтың есімі тағы бір паш етіліп, зор  мақтанышпен аталды. Ал бұл бізге Сәбеңді ұлгі тұтын, болашақ ұрпақты өз елін, дінін, тілін сүюге тәрбиелеуде зор  міндет жүктей береді.    

  Аудан орталығынан қырық-елу шақырымдай жерде орналасқан біздің Сәбит ауылы атамыздың жүз жылдық тойы  қарсаңында біраз көркейіп, көтеріліп қалды. Аз уақытта жаңа мектеп салынды. Сәбит атамыздың мұражай үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, қалпына келтірілді. Дүбірлі тойға Президент Нүрсұлтан Назарбаевтың өзі бас болып, ірі-ірі ғалымдар, атақты жазушылар, мемлекет қайраткерлері келді. Елбасы жаңа мектептің салтанатты ашылуы сәтінде: «Бұл  дүниеде елін, жерін шынайы сүйіп өткен  Сәбеңнің өмірі бүгінгі тәуелсіз еліміздің  барша халқына үлгі болсын», — деп жүрекжарды сөзін жиналған жұртшылыққа жеткізді.

  Сол күн, сол сәттер мен үшің ұмытылмайды. Себебі, сол жолы Елбасымен амандасу, оның қолыңан Сәбит атамыздың атымен аталатын мектептің кілтін алу… Тағдыр маған осындай қуанышты бұйыртқан екен. Мен сол жылдары аталған мектепте директорлық қызмет атқарған едім.

Тұрсынбек Бралин Новокаменка орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Қызылжар ауданы.


Солтүстік Қазақстан.- 2010 жыл.- 22 сәуір.- 8 бет.

Қызылжарын қастерлеген Сәбит еді

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

  Сәбит Мұқановтың туғанына 110 жыл толуы қарсаңында

Ұлы адамдар жайлы естелік жазу өте жоғары жауапкершілікті қажет ететінін біле тұра, өзім аса құрмет тұтатын алып тұлға, жерлес жазушы-академик Сәбит Мұқанов жайлы қағаз бетіне үзік сыр түсірмеу кешірілмес күнә сияқты көрінді. Өйткені, марқұм Сә-бит ағаның сыр алысар, ой бөлісер жан аямас досы, не болмаса туысы болмасам да, Читать далее …

Қазақтың сүйікті перзенті

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

 

Кәкімбек Салықов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрмет азаматы.

Қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан  Жазушылар одағының іргетасын қалағандардың бірі және осы одақты екі мәрте басқарған, әдебиет әлемінің үздік  ұйымдастырушысы, халқымыздың сүйікті перзенті, академик Сәбит Мұқановтың туғанына үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде 110 жыл толады. Жасынан ел аузындағы батырлар жырын, қиссадастандарды жаттап, Читать далее …

Съездегі кездесу

Опубликован u6m5rqc8 от 02.06.2021 в Воспоминания |

  Бүгінде туғанына 110 жыл толуын еліміз болып атап отырған ұлы қаламгер Сәбит Мұқанов халық  сүйіспеншілігіне бөленген, жүрегі нұрлы азамат болғанын барша қауым білсе де, мен де оның осы асыл қасиетін өз жантәніммен сезгенімді айтқым келіп отыр. Әуелі әңгімені Сәбеңді бір көруге деген бала арманға қалай берілгенімді айтудан бастауға оқталдым. Бұған менің өмірімнің де жазушы Читать далее …

Copyright © 2020-2024 Сабит Муканов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».