ЖарияланғанAngela:

Академик атындағы кітапхана

Жарияланған Angela 27.02.2025 Естеліктер, Жарияланымдар |

1973 жылдың қысында Петропавл қаласында әсем ғимараттардың бірі – облыстық кітапхананың жаңа үйі пайдалануға берілді. Оның ашылуы салтанатты жағдайда өтті: оған академик-жазушы, даңқын жерлесіміз Сәбит Мұқанов қатысты. Бұл Сәбеңнің туған жеріне соңғы рет келуі екен: бір-екі айдан сон сүйікті жазушымыз қайтыс болды. Бірақ оның жарқын бейнесі, жылы лебізі – бәр-бәрі кітапхана коллективінің мәңгі есінде қалды. Содан да бұл кітапханаға Қазақ ССР Министрлер Советінін 1973 жылғы 29 майдағы қаулысы бойынша С. Мұқановтың есімі берілуін үлкен қуанышпен қарсы алдық.

Иә, Сәбең бірінші болып есігін ашып, мәжіліс залында бірінші болып сөз сөйлеген бұл кітапхана оның есімімен аталады. Бүгінде бұл кітапхана облысымыздағы ең іргелі оқырман отауларының бірі: онда үш жүз мың том кітап қоры бар. Жыл сайын оның қоры жиырма жеті мың кітаппен толықтырылып тұрады. Осыншама аса бай рухани қазынаны жиырма мыңнан астам оқырмандар пайдаланады.

Біздің кітапханада абонемент, өнер оқу залдары, шет ел әдебиеттері, ауыл шаруашылығы, ғылыми методика анықтама-библиография, кітап сақтау, кітапханааралық абонемент, әдебиеттерді іріктеу, кітап топтастыру, есеп және тіркеу, айырбас депозитория – барлығы он төрт бөлім бар.

Кітапханамыздың үлкен бір бөлімі – оқу залдарын тәжірибелі кітапханашы P. Лaбутина басқарады. Мұнда оқырман конференциялары, әдеби-музыкалық кештер, кітаптарға шолу жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Жақында онда С. Мұқановтың туғанына 80 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілді.

Абонемент бөлімінде жазушы мерейтойына орай «Ақын, жазушы, академик» деген тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда С. Мұқановтың он алты томдық шығармалар жинағы, жеке кітап болып басылып шыққан туындыларынан «Өмір мектебінің» үш кітабы, «Аққан жұлдыз», «Ботагөз» романдары және басқа шығармалары қойылған. Көрмеде жазушының өмірі мен творчествосы жайлы әдебиеттерге де орын берілген. Солардың бірі – I. Есқожиннің «Сәбит Мұқанов публицист» атты зерттеу кітабы.

Кітапханааралық абонемент бөлімінің міндеті – облысымызда тұратын барлық оқырмандарды қажетті әдебиетпен қамтамасыз етіп тұру. Бұл бөлім тарапынан атқарылған жұмыстар да аз емес.

– Сәбит Мұқанов шығармаларына деген сұраным зор, – дейді осы бөлімнің меңгерушісі Т. Мосиенко – Оның облыстық кітапханадағы шығармаларының төрт жүз данасы әркез қолдан түспейді.

Өз басым алғашқы еңбек жолым атағы әлемге жайылған жазушының есімімен аталған кітапханада басталғанын үлкен мәртебе санаймын. Менімен бірге еңбек ететін алпыстан астам әріптестерімнін бәрі де осы пікірде. Олардың ішінде оқырман қауымға жиырма жылдан астам уақыт бойы қалт-қысыз қызмет етіп келе жатқан В. С. Андрющечкина, Ә. Баграмова, К. Мұстафина, М. Лабутина, М. Ахметова есімдерін ерекше aтауға болады.

Кеше біздің кітапханада зор қуанышты оқиға болды: кітапханада С. Мұқановтың музей-бөлмесі ашылды. Бұл салтанатқа алматылық ақын-жазушылар және Сәбеңнің зайыбы- Мәриям апай мен үлкен ұлы – Арыстан Мұқанов қатысты. Олар кітапхананың библиография бөлімінің меңгерушісі К. Мұстафина бастаған кітапханашылар жабдықтаған музей-бөлменің безендірілуіне жоғары баға берді. С. Мұқановтың республикалық әдеби- мемориалдық музей-үйінен әкелінген экспонаттарды, әсіресе, жазушының жыл сайын туған жеpге келген сәттерін бейнелейтін фотосуреттерді қызыға тамашалады. Сондай-ақ өзінің есімімен аталған кітапхананың алдына қойылған Сәбеңнің бюсті келушілер назарын аударады.

Mіне, содан да Сәбеңнің бүгінгі мүшелтойы біздің кітапхана коллективіне де ортақ.

 

М. Әшімова,

С. Мұқанов атьндағы облыстық

кітапхананың қызметкері.


Әшімова М. Академик атындағы кітапхана //Ленин туы.-1980.-11 маусым.

Кітапханада кітап қана ма?

Жарияланған Angela 27.02.2025 Естеліктер, Жаңалықтар, Жарияланымдар |

Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы үшін биылғы жыл бір ғасырлық мүшелтойы аталып өтпек жерлес жазушымыз Сәбит Мұқановтың девизімен басталды. Және сонымен аяқталатын да болар. Өйткені кезінде осы кітапхананың салынуына Сәбең көп еңбек сіңірді. Азды-көп беделін алдына салып, сол ғимараттың бой көтеруі үшін берісі Қазақстан, әрісі одақтық Министрлер кеңесіне өзі де талай барды, талай хаттар да жазды. Ары қарай оқу …

Кесек тұлға. Сәбит Мұқановтың туғанына 80 жыл толуы қарсаңында

Жарияланған Angela 25.02.2025 Естеліктер, Жарияланымдар, Өмірбаяны |

Сәбит Мұқанов!.. Бұл есімді Алтайдан – Алатауға, Ертістен Атырауға дейін созылған ұлан-ғайыр республикамызда білмейтін бір де бір адам жоқ екені шүбәсіз. Өйткені, ол қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі ғана емес, сонымен бірге жаңа дәуірдің жалынды жыршысы, көрнекті мемлекет қайраткері, бейбітшілік жолындағы күрескер болды. Жиырмасыншы ғасырдың құрдасы – Сәбит Мұқановтың өмірі мен творчествосы туған еліміздің Ары қарай оқу …

Алыптың тұлғасы

Жарияланған Angela 25.02.2025 Жарияланымдар, Өмірбаяны |

Алыптар тобы!
Олар – ерте есейгендер. Олар – өңшең біріншілер, жаңа заманның жаңа лирикасын, жаңа эпосын жасағандар. Әдебиеттің барлық жанрларында төлбасылар атанып, алдағы асуларға революциямен бірге көтерілгендер.
«Алыптар тобы» деген аталы анықтаманың авторы Ғабит Мүсірепов әдебиет мәселесінің қай саласында болсын түгел атсалысқан үлкен топқа Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлинді, Ілияс Жансүгіров пен Мұхтар Әуезовті, Сабит Ары қарай оқу …

Жазушы атындағы кітапханада

Жарияланған Angela 25.02.2025 Естеліктер, Жарияланымдар |

Қазақтың белгілі жазушысы, қазақ, совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Сәбит Мұқановтың есімі Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавл қаласының еңбеккерлеріне ертеден бегілі. Өйткені ол Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Жамбыл ауданында туған. Мектепте оқыған көзі мен азамат болуы осында, Петропавл қаласында қалыптасқан.
Петропавл қаласының тұрғындары өздерінің даңқты жерлесінің есімін әр уақытта да мақтаныш сезіммен атайды.
Сәбит Ары қарай оқу …

Copyright © 2000-2025 Сәбит Мұқанов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».