Есімі елінің атымен үндескен

Опубликован Angela от 11.02.2025 в Публикаций |

 Сәбит Мұқанов туған жеріне келген сайын өзін үлкен әдебиет көгіне ұшырған киелі тұғыры «Ленин туы» газетінің редакциясына соқпай кетпейтін. Жазушыны редакция шаңырағының астында көру журналистер қауымы үшін де мәртебе болатын. Мына көріп отырғандарыңыз Сәбеңнің 1957 жылы «Ленин туы» газетінің редакциясында болған кезі.
СУРЕТТЕ: солдан оңға қарай (бірінші қатар) Әнуар Сүлейменов, Рәшид Бәдірленов, қоғамдық тілші Әнипа, алматылық жазушы Әбутәліпов, Сәбит Мұқанов, ақын Ғалым Малдыбаев, Әли Мұсаханов, Екінші қатарда Ғазез Балғожин, мектеп оқушысы Мәлік Мұқанов, Кенжебек Есімов, Ғазез Нұрмолдин, Зейнел-Ғаби Иманбаев. Сәркен Барқытов, Мәлік Нұрпейісов, Ғайни Сыздықова, Қуанышбай Сандыбаев.

Сол жақтағы суретте: С. Мұқанов пен Ғ. Малдыбаев.
Суреітер Ғ. Малдыбаевтың жеке архивінен алынды. 

Біздін Отанымыздағы халықтар достығын, тайпалар бауырластығы сырттан зорлықтың күшімен жапсырылған үрдіс емес, бұл — социализмнің өз табиғатынан туған рухани қажеттілік, шынайы шындық, идея мен идеал-мұрат ортақтылығы, бұл — бірлік салтанаты, келешек қамы, бүгінгіміздің игілігі. Халықтар достығы қан туыстығынанда қымбат жан туыстығы. Біздің тіршілік тынысымыз, сәулетті салтымыз?
Сәбит Мұқанов — кіршіксіз коммунист, шынайы патриот болғандығынан советтік заманды, сан күресте сыналып, шыңдалған халықтар достығын шын жүректен те бірене жырлаған қаламгер.
Кабинеттен шықпай-ақ та жыршы атану мүмкін шығар… Ал біздің Сәбит Мұқанов советтік халықтар достығы мен пролетарлық интернационализмнің жалынды жаршысы және жыршысы ғана емес, сонымен қатар халықтардың риясызын тымақтастығының іс жүзіндегі жалаугері ретінде де сол достықты аялаушы, адал айнымас жарастықтың өзгелер қызығарлық үлгі өнегесін алға тартып өткен ардагер!
Мен 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысына командировкаға Сәбеңмен бірге бардым. Жетпіске иек артқан ақсақал ұзақ жолдан шаршап шалдығып келгеніне қарамастан, поездан түн ортасында түскендіктен ұйқысы қанбағанына қарамастан, таңертеңгі шайдан соң, Қызылжардағы бауырластар зиратына тура тартты, өзінің жауынгер достарына тауап етті. Зиратта азамат соғысында шаһит болған орыс, қазақ, татар, украин больше виктері жерленген. Солардың әрқайсысын шапағатпен еске алып, жеке-жеке әсерлі әңгіме шерткені есімде.
Сәбит Мұқанов совет жазушыларының маңдайалдыларының бірі ретінде жаңа заманның классик қаламгерлері Алексей Толстой, Михаил Шолохов, Александр Фадеев, Сергеев-Ценский, Виктор Шкловский, Гафур Гулям, Берді Кербабаев, Микола Бажан, Расул Гамзатов, Түгелбай Сыдықбаев, өзіміздің республикада Иван Шухов, Дмитрий Снегин, Алексей Брағин және тағы басқалары мен ондаған жылдар бойында сырлас-сыйлас, тілектес армандас, адал дос болып өтті.
Орыс халқының класснка-зынасын ел ортасында жүpiп бойымызға дарытуға тағы да мұршамыз болмай қалды —соғыс бұрк етті, біз төрт жылымызды, кейбіреуіміз онан да аса көп уақытымызды әскери қызметке, майданға бердік. Сонда біздің ұрпақтың эстетикалық талғамын тәрбиелеген, рухани мұқтажымызды өтеген көзі тірі жазушыларымыздың, көркем творчествосы болатын. Сол топтың ең ғибраттылары, әлбетте, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғaбит Мүсірепов, Қасым Аманжолов т.б. Мен өзімнің жастық дәуреніме орай айтып отырмын.
Әскер қатарында жеті жарым жылды офицерлікпен өт кізіп оралған өз басым тілдік тұрғыдан ізденісті қазақ жазушыларын оқып, керегімді теруден бастадым. Күні бүгінге дейін де сол әдетімнен айныған жоқпын. Раслық жауһары «Игорь полкы туралы жырын» соғыстан бұрың қазақ тіліне аударуы немесе ұйғыр халқының өжет сұлуы өмірінен «Жұпархан» атты ұзақ дастан жазуы неге тұрады?!
Сәбит Мұқанов тағылымдарының бірі деп біз осы интернационализмін айтамыз.
***


Біздің ұрпақ, менің тең-тұстарым ауыз әдебиеті айдынын ақ шағалаша шарлап, аққудай еркін жүзе алмай өстік, себебі ол тұста —біздің он жылдық мектепте оқыған жылдарымызда «Батырлар жырларынан» басқа фольклор саласында қомақты кітап жарық көрген жоқ. Алыптар тобының абзал ағалары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин түгілі, олардан гөрі шағындау дарындар Сабыр Шәріпов, Қадыр Тайшықовтардың кітаптарының қарасын да көре алмадық. Халыққа томынан көшіріп алған мақал-мәтелдерім, идиомдар, сөз тіркестер каншама! Жүз елу-екі жүз сөзден асады.
Дөңасар (зеңбірек). Үзбесі көп алтын шолпы. (Шын жырдың звеносы деп аударғандарды да көргенбіз. Звено — үзбе. Қандай дөп!) Тоқтаулы билік. Екі аруақ, бір кұдай Инеп тұр. Тәуекелшіл ынта. Тірідей құрымға бөлей, Арапшы (зымиян). Тісінің тұқылын қағу. Келер кер, кетер күш. Алдастырып анду. Құмыққан ашу. Жалшы-жалаугер. Аспандай арғын, жұлдыздай қыпшақ, қойдай керей, қозыдай уақ. (Міне саған салыстырма!). Шайырғаласу. Қасабалы қатын… Бұлар «Аққан жұлдыздан».
Ал енді «Мөлдір махаббаттан», Шірік қарта бай. Ішкірнелеп, Ерейген ұзын, тапырайған қысқа. Тамакқа шебік. Тар кеңіп, тандыр иіп, тапшы ұлғайып. He істесе де рауа. Дәттетіп. Ayылдан сөгілген біз. Жылдырт па сөз… Кәне, осыларды сөздіктен тауып көріңізші!
Ыждаһат-ынтасын салған бертін алпысыншы жылдардан бері қарай ауыз әдебиетін тереңірек зерттеуім қосылды.
Өзгені білмейтін, өз басым оқыған дүниемнен керегімді теріп, калың дәптерге көшіріп алу — көптенгі әдетім. Менің тілдік тұрғыдан, сөздік қорыма дәулет үстеу тұрғысынан тағылым алған басты авторларым мен қайнар көздерім аз емес: Абай, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Сәкен, Бейімбет, Мұхтар, Ғабит, Сәбит, Қасым, Әбділда. Қалмақан… Бүкіл тарихымыз бойындағы халық ақын дары (әсіресе, «Бес ғасыр жырлайды», «Айтыстар» кітабы). Қазақ ертегілері, мақал-мәтелдері…. Тілі шұрайлы өз замандастарымнан аға інілерден де (Тәкен Әлімқұлов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин т.б.). керегімді іздеуді ұмытпаймын…
…Міне, алдымда 1960 жыл дардағы қойын дәптерім жатыр. Сонда Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» және «Аққан жұлдыз» романдарынан (соңғысының бірінші дар, тіл құнарын айқыш-діл мар ағалардан үйренгенін мен сияқты бүкпей мойындаса шындықтар ашылып-ақ жатпай ма. Сонда қалың көп те көп сырға қанықпай ма?!


***
Кейбір кесір мінез қыңырлардың:
— Сәбит Мұқановтың тілі тым қарапайым, қара дүрсін деу,— деп реті келгенде күн кілдеп жүретіндері бар. Солар өздері суырылған шешен, ағындаған жүйрік болса, Мұқановтың қаламына ор алған шұрайлы ойлар мен шынеге таппаған, бүгін неге таппайды?! Мен ылғи да осындай сауал қоюмен келем, қырық жыл ішінде жауап таппай жадам жүрем. Халық арасында Сәбиттің қаншана сәулелі ойлары мен хұсни құймалары нақатты сөз болып тарап жүргенінен кесір мінезді қиқарлар хабардар ма екен?! Нәрлі нақылдарынан төрт-бес мысал: «Шын білімде ұлттық кескін жоқ». «Әр мақсаттын алысы да, жақыны да бар», «Туды түйген жұдырық қана ұстайды», «Адам туа бұзылмайды, жүре бұзыдады», «Тірлік дегеннің өзі — үміт» — бұлар бір ғана «Аққан жұлдыз» романынын екінші кітабынан.
***
«Ойын-той қызып жатқан шақта жарысқа кеткен аттардың алды көрінді, — деген хабар келіп қалды. Қазақты ондайда иығынан басып отырғыза алмайсын». (XI том. 258-бет). Кітапты 1977 жылы оқығанымда әягі тұсқа «Өлең!» деп белгі соғыппын. Сол сезімім бүгін де суыған жоқ. Автор жалғыз дара сөйлем арқылы-ақ ат жарыс десе, делебесі қозғыш қазақ мінезін қандайлық дөп суреттеген. Алты сөз. Қаншама динамика! Қоқаң-қопаң қозғалып, қит етсе орнынан ұшып түрегеліп, еңсесін сала еңкейе, қызу қикулаған қазақ баласы кей пін елестетіңізші! Білгір психологтың бойлағыштығы мен таным тереңдігін танытатын осыңдай жігі бақылауларды Сәбит прозасынан да көп кез дестіреміз.
Ұлттық психологияға өрімдей күнінен бөгу— қаламгер үшін қапысыз бақыт екен ғой!
Александр Фадеевтің «А ведь литература —это труд, причем труд сложный. Ой требует опыта и накопления мастерства. Это работа писателя над словом начинается раньше».
1967 жылы Алматыдан Қызылжарға поезбен кетіп бара жатқан сапар үстінде Сәбен сыр ғып айтқан бір эпизод ойға оралады.
— Таяуда ғана Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші секретары Титов бізді — Қазақ ССР ғылым Академиясы президиумы мүшелерін өзіне шақырды. Бір топ адам соның қабинетінде отырмыз. Секретарь орысша айтқанда бірден өгіздің мүйізіне жармасты, мәселені бүйірінен қойды:
— Шокин Шапықты Қазақ ССР Ғылым Академиясы президенттігінен босатып, орнына жаңа адам қоюымыз керек… Соған пікірлеріңіз қандай? Соны естігіміз келеді…
Бәріміз де тым-тырыс отырып қалдық. Мынау ұсыныс біз үшін оқыс, тосын, тым тұтқиыл.. Сәлден соң Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі филология ғылымдарының докторы Ғайниден Мұсабаев қол көтеріп, сөз алды.
— Мен өзім президенттікке, вице-президентскке, деп академикке де иегім қышымайтын адаммын. Менің өз лауазымым өзіме жетеді… Ал мына маған әлгі ұсыныс аты мен түсініксіз. Жуырда ғана СССР Ғылым академиясының президенті академик Келдыш жолдас Қазақстанда, Алматыда болып қайтты, Қазақ ССР Ғылым академиясында мәжіліс өткізілді, республика ғылымының даму, өсіп-өркендеу процесіне ризашылық білдірді. Содан бері үш-төрт айдай ғана уақыт өтті. Сол екі ортада не болып қалды? Қазақстан ғылымы неден ой сырап қалды? Маған осы арасы түсініксіз. Титов жолдас,— деді. Ғайниденнің құлағының тосаңдығы бар. Өз даусының қаншалықты қатты немесе қаншалық солғын-пәс естіліп жатқанын бақылай алмайды. Жаңа дүңк-дүңк еткізіп сөйлегең. Сол тон-сарын басшыға ұнамады ма, жалпы әлгіндей ашқылтым сұрақ қоюын жақтырмады ма, әйтеуір екінші хатшы зілді, әмірлі қатқыл дауыспен:
— Отырыңыз! — деп, столды тарс ұрып қалды.
Әлі орнына отырып үлгермеген Мұсабаев:
— Сіз айқайламаңыз, мен де сіздей коммуниспін. Пәленбай жылдық партиялық стажым бар! Біз сіздің айқайыңызды тыңдағалы келген жоқпыз!— деді.
Республика партия ұйымының екінші басшысы не дерін білмей, тосылып қалды. Сәлден соң:
— Қайтуларыңызға болады, — деді солғын дауыспен.
Сонымен не керек, бәріміздің ішіміздегі шыншылымыз да, шын батылымыз да Ғайниден ағай болып шықты. Көбіміздің айтатынымызды сол айтқан соң, өзгеміз айтылғанды қайталап, ауыз ауыртқымыз келмеді деп Сәбең таңдайын қағып қойды. Ал Сәбит Мұқановтың өзінің азаматтық батырлығына айран-асыр таң қалып, тамсанғандар қаншама болатын?!
1956 жылы Сәбит Мұқанов анау-мынау тар көлемді мәжіліс- жиында емес, Қазақ ССР Шоғарғы Советі сессиясында қазақ тілінін оқытылуы жайында, оның сол тұста еленбеуі, жоғары оқу орындарында емтиханның ана тілінде алынбауы абитуриенттерге қол байлау болып жүргені жайында, республикада іс қағаздарының орыс тіліндегісімен қатар жергілікті халық тілінде жүргізілмеуі талай-талай қиындықтар туғызып жүруі хақында нағыз большевикше ашық пікір айтуы арқасында, әділдік салтанат кұрып, мәселен, жоғарғы оқу орындарында оқуға түсу кезінде қазақ мектебін бітіру шілердің ана тілінде емтихан тапсыруына жол ашылды…
Алпысыншы жылдарда Қазақстандағы малшыларға қамқорлықтың жетімсіздігі жөнінде республика үкіметі алдына мәселе қойып Сәбит Мұқановтың хат жазғанын мен өз аузынан естіп едім.
Қазақстан партия ұйымын Скворцов басқарған тұстағы әділетсіздіктер жөнінде коммунист Мұқановтың 1950 жылдарда КПСС Орталық Комитетіне ашық қол қойып, көлемі 25 беттей (машинқаға басылғанда) хат жазғаны да белгілі. Хатты алғаннан кейін КПСС Орталық комитетінің секретары Поспеловтың С. Мұқановты Москваға шақыртып сөйлесуі республикадағы басшылыққа сабақ болғаны да тарихқа аян. Бұл академик жазушының, айтулы қайраткердің азаматтық батырлығы эпизодтық сипаттағы үрдіс емес, үздіксіз белсенділік, көптің қамын ойлаудың игі көрінісі. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Теміртау оқиғасынаң кейін өткен кезекті бір пленумында Қазақстан үкіметі басшысы Д. Қонаевты пленум мінбесінен:
— Уәденің қапшығысың, -деп айыптауы келешектегі келеңсіздіктердің өмірден орын теберін көрегендікпен сезгендей әсер қалдырады қазір.
Бұл — өлермендік емес, өжеттілік, беттілік қана емес — нағыз большевиктік! Егер осындай принциптілік Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мүшелерінің бәрінде болса, кейінгі жиырма жыл бойындағы тоқырау шылыққа республикада саңылау қалмас та еді-ау деген ой келеді бұл күнде…
Мен жазушының туған ауыдында да, ауданында да, Солтүстік Қазақстан облысында да болдым. Мен Сәбит ағамен советтік Түркменстанды да бірге араладым. Мұқановпен Павлодар топырағында да бірге сапар шеккенім бар. Мен соның бәрінде бір шындыққа толық көз жеткіздім. Біздің тұсымыздағы қазақ қаламгерлері арасында халыққа бұндай етене жақын, әрі бұндай сүйкімді ешкім болған жоқ. Халықшылдығы тұрғысынан Сәбит Мұқановпен теңесер қаламгерді мен таба алмаймын. Өйткені ол — туған халқына, социалистік Отанына қалтқысыз қайратын түгел capқа жұмсап, төбесімен қызмет еткен азамат!

Адам бон өс, адал жасап адамша,
Өз басыңды мүсіркетпе, аятпа…
Жақсы бастан, жаман аяқтағанша,
Сәтеіз бастап, салтанатпен аяқта,
— деуімізге де абзал ағалар өнегесі тұрткі больш еді.
Сәбит Мұқановтың азаматтық, ақындық болмысы — бәрі де советтік дәуір жемісі. «Сәбит» деген есіммен «Совет» деген атау керемет жарасымды, үйлесімді, үндес… Классикалық өлеңнің егіз-екі ұйқасындай, ажырамастай қауышқан тәрізді. Советтік атаулы сәулеттене берер төрдің бәрінде де Сәбит есімі мәңгі жасай бермек!
Осы эссе толғаныстық атын да «Есімі елінің атымен үндескен…» деп қоюымыздың мәні де сонда!

Мұзапар ӘЛІМБАЕВ.


Әлімбаев М. Есімі елінің атымен үндескен // Есіл пернелері.-1990.-маусым.-3-4 б.

Copyright © 2000-2025 Сабит Муканов
«Северо-Казахстанская областная универсальная научная библиотека имени Сабита Муканова».