Опубликовано Angela:
«Кітап оқуды ілгерілету» онлайн-жобасы. С.Мұқанов «Мөлдір махаббат»

Биыл жерлесіміз, классик жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толмақ. «Кітап оқуды ілгерілету» онлайн-жобасының аясында ҚР Ұлттық ұлан академиясының курсанты Тұрғанбек Дәукен жазушының «Мөлдір махаббат» романы туралы айтып берді (видеобейнеге сілтеме). Ол романның жазылу тарихы, басты идеялары, кейіпкерлердің тағдыры туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, бұл туындының қазақ әдебиетіндегі ерекше орны мен жас ұрпаққа берер тәлімі жайлы пікір білдіріп, кітап оқудың тұлғалық дамуға тигізетін әсеріне тоқталды.
«Тағылымы мол дарын»

2024 жылдың 24 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде қазақ әдебиетінің классигі, академик-жазушы жерлесіміз Сәбит Мұқановтың туғанына 124 жыл толуына арналған «Тағылымы мол дарын» атты Мұқанов оқулары өтті (эфирге сілтеме).
Мұқановтың хатханасы — Письмотека Муканова

Сәбит Мұқанов. (Әдебиеттердің көрсеткіші). І-бөлім

С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбековпен сұхбат

Медиа-музей
Abai TV. «САРАСӨЗ»
Жазушы, журналист Мейрамбек Төлепбергеннің ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбековпен сұхбаты.